1. |
Иа Син. (Ұғымын Алла біледі.) |
2. |
Терең сырлы Құранға серт. |
3. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Шәксіз сен анық елшілерденсің. |
4. |
Тура жолдасың. |
5. |
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы.) |
6. |
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуіңүшін. |
7. |
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайықболды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (2-С. 7-А.) |
8. |
Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол,иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. |
9. |
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап,көздерін қаптадық. Олар көрмейді. |
10. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрібір. Олар иман келтірмейді. |
11. |
Шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққанкісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және қүрметті сыйлықпен қуант! |
12. |
Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгеріжіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітаптатүгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жарияланған кітап және жасалғанқайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгенненкейін де амал дәптеріне жазылып, отырады.) |
13. |
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысалкөрсет. |
14. |
Оларга екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынғашығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: “Рас сендерге елшіміз” деді. |
15. |
(Кент халқы): “Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар.Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар” деді. |
16. |
(Елшілер): “Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз.” |
17. |
“Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет” деді. |
18. |
Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егерайтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақсөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді. |
19. |
(Елшілер): “Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге. (Өзқылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектеншыққан елсіңдер” деді. |
20. |
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: “Әй қаумым!Елшілерге ілесіңдер” деді. |
21. |
“Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар туражолда.” |
22. |
“Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендерде Соған қайтарыласыңдар.” |
23. |
“Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла мағанзиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олармені құтқара алмайды.” |
24. |
“Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын.” |
25. |
“Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақсалыңдар” (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді.) |
26. |
“Жаннатқа кір” делінді де ол: “Әттең! Елім білген болсаеді;” |
27. |
“Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін” деді. |
28. |
Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрітүсіруші де емеспіз. |
29. |
Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды. |
30. |
Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарга нендейөкініш! |
31. |
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді;олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме? |
32. |
Біртұтас барлығы алдымызға жиналады. |
33. |
Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дәншығарамыз да сонда олар одан жейді. |
34. |
Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып,онда бастаулар ағыздық. |
35. |
Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істегеннәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма? |
36. |
Сондай пәк Алла, барльіқ нәрсені жұп-жұбымен жаратты.Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағыбілмегендерінен болсын. |
37. |
Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сондаолар, қараңғылықта қалады. |
38. |
Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы асаүстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. |
39. |
Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманыңқураған бұтағындай болғанға дейін. |
40. |
Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түн де күндізденілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді. |
41. |
Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз,олар үшін бір белгі. |
42. |
Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз(да бір белгі.) |
43. |
Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы дажоқ, олар құтқарылмайды да. |
44. |
Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімгедейін пайдалану болады. |
45. |
Қашан оларға: “Алдарыңдағы және арттарыңдағы жағдайлардансақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер” делінсе; |
46. |
Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгікелсе-ақ олар одан жалтарады. |
47. |
Қашан оларға: “Алланың сендерге берген несібесінен тиістіорынға жұмсаңдар” делінсе, сондай қарсы болғандар: “Алла қаласа, тамақтандыратынбіреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар” деді. |
48. |
Олар: “Егер шын айтсаңдар, бұл құқайларың қашан?” дейді. |
49. |
Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащыдауыс күтіп тұрады. |
50. |
Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды. |
51. |
Сүр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді: |
52. |
“Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?”,-дейді.”Міне мейірімді Алланың уәдесі. Пайғамбар да шын айтқан” (делінеді.) |
53. |
Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзірболады. |
54. |
Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақістегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер. |
55. |
Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады. |
56. |
Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанғантүрде болады. |
57. |
Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар. |
58. |
Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: “Сәлем” сөзіболадьі. |
59. |
“Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар!” |
60. |
Әй адам баласы! Сендерге: “Шайтанға табынбаңдар. Әринеол, өздеріңе ашық дұшпан” деп, серт бермедім бе? |
61. |
“Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!” |
62. |
Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда датүсінбейсіңдер ме? |
63. |
Сендерге уәде етілген тозақ осы. |
64. |
Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер. |
65. |
(Олар қылмыстарынан танғандықтан.) Ол күні олардыңауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтарыайғақ болады. (24-С. 24-А. 41-С. 20-А) |
66. |
Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едікте сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді? |
67. |
Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерінөзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді. |
68. |
Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз.Олар түсінбей ме? (16-С. 70-А. 30-С. 54-А.) |
69. |
(Мұхаммед Ғ.С. ға) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайықемес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (26-С. 224-А.) |
70. |
Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөзшынға шығу үшін. |
71. |
Олар үшін рас құдыретімізбен хайуандарды жаратқанымыздыкөрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді. |
72. |
Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейініңетін жейді. |
73. |
Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сондаолар шүкірлік қылмай ма? |
74. |
Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмеккөретіндіктерін үміт өтеді. |
75. |
Олар (пұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздеріол пұттарды қорғау үшін әзір әскер. |
76. |
(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Бізолардың көрнеулерін де көместерін де білеміз. |
77. |
Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмейме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. |
78. |
Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: “Мінешіріген сүйектерді кім тірілтеді?”,- деді. |
79. |
(Мұхаммед Ғ.С.): “Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді.Ол, барлық жаратылысты біледі” де. |
80. |
Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Солуақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш.Бір-біріне үйкелсе жанады.) |
81. |
Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыныжаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толықбілуші. |
82. |
Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығыоған “бол” деу. Сонда ол бола қалады. |
83. |
Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соғанқайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк. |