32. Сəждə

1.

Әлиф Ләм Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мүндашәк жоқ.

3.

Олар: “Оны өзі жасады” дей ме? Олай емес, сенен бүрынескертуші жіберілмеген елге ескертуің тшін ол, Раббыңнан бір шындық. Әрине олар,тура жол табар.

4.

Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағылардыалты күнде жаратып, сосын гаршыны меңгерді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбіриелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар иа?

5.

Ол, көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердіңсанауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оган көтеріледі.

6.

Ол көместі де көрнеуді де білуші. Өте үстем, тыммейірімді.

7.

Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді.Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды.

8.

Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты.

9.

Сосын оны бейнелеп, ішіне өз ртхын үрледі. Сондай-ақсендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер.

10.

Олар: “Қашан топыраққа араласып, жоғалсак, шын-ақ жаңажаратыламыз ба?”,-дөйді. Әрине олар, Раббыларына қауышуга қарсы келгендер.

11.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге уәкіл етілген өлім періштесіжандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар” де.

12.

Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп:”Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дтниеге) қайтар, ттзу іс қылайық. Раснандық” дегендерін бір көрсең!

13.

Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. БірақМенен: “Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын” деген сөз болған.(Бүлар, шайтандармен оларға ерген адамдар. 38-С. 84-85-А.)

14.

“Бүгінге кездесуді үмытудың демін татыңдар. Рас біз десендерді ү мыттық. Істегендеріңнің салдарынан мәңгі азапты татыңдар”

15.

(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызга, өздеріне үгітберілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақтәкаппарланбай иман келтіреді.

16.

Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде үйқыдантүрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібеміздентиісті орынға жұмсайды.

17.

Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулықуаньішты сыйлықты білмейді.

18.

Мүмін болган кісі, бүзық болған кісі сияқты бола ма?Әрине тең болмайды.

19.

Өйткені иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардыңістеген ғамалдарына жарай қонақ үй түрінде жаннаттар да орын бар.

20.

Ал енді бүзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шыгудықаласа, оған қайтарылады да: “Өздерің жасынға шыгарған оттың азабын татыңдар”делінеді.

21.

Әрине оларға зор азаптан бері дтниенің азабын татырамыз.Мтмкін олар райдан қайтар.

22.

Раббыңның аяттары арқылы тгіт берілгеннен кейін оларданбет бтрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәкарлардың лайықты жазасын береміз.

23.

(Мұхаммед Ғ.С.) әрине Мұса (Ғ.С.) га Кітап берген едік.Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе… Оны Израил үрпақтарына тура жол қылдық.

24.

Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде,араларынан бтйрыгымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік.

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың қиямет күні, олар қайшылыққатүскен нәрселер жайында араларьгаа шешім жасайды.

26.

Бұлардан бүрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік.Бүлардың, олардың жүрттарында жгріп жүргендігі бұларга жол көрсетпей ме? Расындамүнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?

27.

Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да ол арқылымалдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме?

28.

Олар: “Егер шыншыл болсаңдар, бүл шешім қашан болады?”,-дейді.

29.

“Шешім күні, кәпірлерге имандары пайда бермейді әріоларға мүрса да берілмейді” де.

30.

Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда.