1.

“Әлиф Ләм Мим”

(Бірнеше сүренің басындағы осы тәрізді жеке әріптер:”Хұрұф Мұқаттағат” бөлшек әріптер деп аталады. Ұғымын Алла біледі.)

2.

Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жолкөрсетуші.

3.

Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толықорындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады.

4.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғытүсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады.

5.

Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және соларқұтылушылар.

6.

(Делінген бейнеде Құранның тура жолынан пайдалана алатын тақуалардың: Көмеске иман келтіру, намазды толық орындау, Алла жолында мал сарып қылу, кітаптарға және ақыретке нану, бес шарты баян етілгеннен кейін, келесі аяттарда, ескерту пайда бермейтін, қасарысқан кәпірлермен екі жүзді (мұнафықтар) баян етіледі)

(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрібірдей. Олар иман келтірмейді,

7.

Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрікөздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (Алла оларды жаратыпой, көз, құлақ берген болса да қарсы келіп қасарысқандықтарынан осы халгекелген).

8.

Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): “Аллаға,ақырет күніне сендік” дейді. Бірақ олар сенбейді.

9.

Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды.Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді.

10.

Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). СондаАлла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қозатүсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар.

11.

Оларға: “Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!”,- делінсе,олар: “Біздер түзеуші ғанамыз” дейді.

12.

Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайдаолар түсінбейді.

13.

Егер оларға: “Адамдар иман келтіргендей иманкелтіріңдер!”, – делінсе, олар: “Ақылсыздарша иман келтірейік пе?”,- дер.Байқандар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді.

14.

Ал және олар мүміндерге кездессе: “Біз де иман келтірдік”дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: “Расында бізсендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз” дер.

15.

Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртыпқояды.

16.

Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларғасаудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады.

17.

Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда,Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұлмысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықтақалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді.

18.

Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды.

19.

Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлетеқұйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарынатыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы.

20.

Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларғажарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олартұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді.Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (Бұл мысалда, Құран және ислам; көздіалардай жарқылдап, күркіреп құйған нөсерге, мұнафықтар; найзағайдан қорқып,саусақтарын құлақтарына тығып жарықта жүріп, қараңғыда тұрып тантырақтағанғатеңеліп отыр.

21.

Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғылардыда жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар.

22.

Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіпжаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктенризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар. (Сенбеушілер, ҚұрандыМұхаммед Ғ.С. ойдан шығарып отыр деген.)

23.

Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, ондасендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді дешақырыңдар, егер сөздерің рас болса.

24.

Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте)сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшінәзірленген оттан қорқыңдар!

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдердіқуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашаноларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: “Осы бізге бұрын да беріліп еді”дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар дабар. Олар онда мәңгі қалады. (Құрандағы шыбын, өрмекші және құмырсқа тәріздікішкентай мысалдарға таңырқағандар болған…)

26.

Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруденұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал ендіқарсы болғандар: “Алла, бұл мысал менен нені қалайды?”,- дейді. Алла, ол мысалменен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсыкеліп адасқандар да, шындық да болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғанаадастырады.

27.

Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесінбұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі.Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар.

28.

Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендердітірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оныңалдына қайтарыласыңдар.

29.

Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендерүшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіптәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: “Әринемен жерде бір орынбасар жаратамын!”,- деген еді. (Періштелер): “Онда бұзақылықістеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау менпәктаудамыз” деді. Алла: “Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!”,- деді.(Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды.

31.

Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонансоң оларды періштелерге көрсетіп: “айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердіңаттарын айтып беріңдер” деді.

32.

Періштелер: “Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңненбасқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың” деді.

33.

(Алла Т): “Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет”деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: “Менсендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңдібілемін деп айтпадым ба?”,- деді.

34.

Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар” дедік.Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсыкелушілерден болды.

35.

Және де: “Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар,ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Ондажазықтылардан боласыңдар” деген едік. (Бұл ағаш көбінесе бидай немесе жүзімағашы делінген.)

36.

сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағынығметтерден де шығарды. Оларға: “Бір-біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшінжержүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар” дедік.

37.

Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды дажалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы,ерекше мейірімді.

38.

“Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралықкелсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды” деген едік.

39.

Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтықболып, олар мәңгі қалады.

40.

Әй Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар!Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар.

41.

Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранғасеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымдыаз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғанақорқыңдар.

42.

Хақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ білетұра шындықты жасырмаңдар.

43.

Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ(Алланың құзырына) иілушілермен бірге иіліңдер.

44.

Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітаптыоқисыңдар, ойламайсыңдар ма?….

45.

Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намазынталылардан басқаларға ауыр келеді.

46.

Ол ынталылар, Раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әріОған анық қайталыратындықтарын да біледі.

47.

(Алла Израил ұрпақтарын бақытқа бөлеп, заманында әлемнен артық қылған. Пайғамбарлар көп келген. Бірақ Алланы көрмей:”Нанбаймыз” дегендер, пайғамбарды өлтіргендер, бұзауға шоқынып, Тәуратты өзгерткен бұзықтары да болған.)

Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімдіеске алыңдар.

48.

Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін,ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күнненсақтаңындар.

49.

Сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқардық. Оларсендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді.(Бәлгерлердің: “Израил ұрпақтарынан бір ұл туып, ықпалыңды жояды” деуі бойыншаПерғауын, олардан ұл туса, бауыздатып отыратын болған.) Міне мұнда сендергеРаббыларыңнан зор сынау бар.

50.

Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтардысуға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар.

51.

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйретуүшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасапалдыңдар да өздерің залым болдыңдар.

52.

Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік.

53.

және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты(жақсы-жаманды) айырушы нұсқауды бердік.

54.

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): “Әй қаумым! Расында сендербұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңатәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.)Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында қайырлы. Сонда тәубелерңді қабылетті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді” деді.

55.

Сол уақытта сендер: “Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейіншесаған әсте иланбаймыз” дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті)Көріп тұрдыңдар.

56.

Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайтатірілттік.

57.

үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене мененқұдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. “Сендерге берген жақсы нәрселерденжеңдер” (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды.

58.

(Бұлар “Тие” даласынан Шам өлкесі “Ариха” қаласынатүсетін болды.) Сол уақытта оларға: “Осы кентке кіріңдер, одан қалағандарыңшажеңдер. Және есіктен бас қойып, (Хытта) “күнәмызды кеш” деп кіріңдер.Қателіктеріңді жарылқап, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз” дедік.

59.

Сонда залымдар, сөзді өздеріне айтылғаннан басқағаауыстырды. (Қылмыстарына кешірім тілеудің орнына “Хынта” деп, бидай тіледі.)Сондықтан залымдарға бұзақылықтарының салдарынан аспаннан пәле жаудырдық.

60.

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумы үшін су тіледі. Сонда:“Таяғыңмен тасты ұр” дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр елөз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылыққылып жүрмеңдер.

61.

Сол уақытта естеріңе алыңдар! “Әй Мұса! Бір-ақ түрлітамаққа (Мәнна, Салуаға) сабыр ете алмаймыз. Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізгежерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бұршағынан және сарымсағынаншығарсын” дедіңдер. Мұса (Ғ.С.): “Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасызнәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қалағандарыңбар” деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуынаұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсызпайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ өстіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті.

62.

Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандаржәне Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлықбар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды.

63.

Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алғанедік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықтыұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” дегенедік.

64.

Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендергеАлланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан боларедіңдер.

65.

(Бұларға сенбі күні балық аулауға тыйым салынған болатұра айлакерлік істегендері үшін маймылға айналып барып типыл болған.) Расындасендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып,қор болыңдар” деген едік.

66.

Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрісақтанушыларға насихат қылдық.

67.

(Израил ұрпақтарынан біреу малына қызығып, бір жақынын түнде өлтіріп тастайды. Көп жанжал болып, өлтіруші ақсынып Мұса (Ғ.С.) ға шағады. Мұса (Ғ.С.) Алланың әмірі бойынша: “Бір сиыр сойылып, кей мүшесімен қағылса, тіріліп, кім өлтіргенін айтады” дейді.)

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумына: “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды”деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба?”,-деді. Мұса (Ғ.С.): “Надандардан болуданАллаға сиынамын” деді.

68.

Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенінбілдірсін” деді. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соныңарасында” дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар” деді.

69.

Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсінбілдірсін” десті. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілердісүйіндіреді дейді” деді.

70.

Олар тағы: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізгебілдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа туражолда боламыз” десті.

71.

(Мұса Ғ.С.) расында Алла: “Ол сиыр қорлық көрмеген, жержыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді” деді. Олар: “Міне, әзір шындықтыкелтірдің” десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (Қайта-қайтасұрақ қойып жүріп әрең орындады.)

72.

Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар.Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды.

73.

Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Аллаосылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.

74.

Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесетағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастарқақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Аллаістегендеріңнен ғапыл емес.

75.

(Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үмітқыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бареді. (Ғалымдары ) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұхаммед Ғ.С. ныңсипаттарын) біле тұра өзгертті.

76.

Ал қашан олар мүміндерге кездессе: “Біз де иманкелтірдік” деп, егер олар бір-бірімен жекелене қалса (бастықтары, адамдарына):”Алланың сендерге ашқан сырын, (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С. ның сипаттарын)Мұсылмандардың сендерге Раббыларыңның қасында дәлелдеулері үшін оларғаайтасыңдар ма? Түсінбейсіңдер ма?”,- дейді.

77.

Олар білмей ме? Негізінде Алла (Т.) олардың көрнеу, көмесістегендерін біледі.

78.

Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олартек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды.

79.

Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға(дүниелікке) сату үшін: “Осы Алланың қасынан келгені” дегендерге нендей өкініш!Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарынанендей өкініш!

80.

Олар: “Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (азапта)ұстайды “дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан уәде алдыңдар ма? Алла уәдесінсірә бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?”,- де.

81.

Керісінше, кім жамандық істесе, қателіктері оны баурапалса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады.

82.

Ал және сондай иман келтіріп, түзу амал істегендер,жұмақтық болып, олар мәңгі қалады.

83.

Бір заманда, Израил ұрпақтарынан: “Алладан басқағақұлшылық қылмаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға, жетімдерге,міскіндерге қамқорлық жасаңдар, адамдарға көркем сөз сөйлеңдер, намазды толықорындаңдар және зекет беріңдер” деп ант алған едік. Содан кейін бет бұрдыңдар.Сендерден аз-ақ адам қалды. өйткені сендер ежелден бет бұрушысыңдар. (Сендерүшін шындықтан бет бұру қиын емес.)

84.

(Әй Яһудилер!) бір заманда: “Бір-біріңнің қандарыңдытөкпеңдер, өз-өздеріңді жұрттарыңнан шығармаңдар” деп, уәде алған едік. Сөйтіпмақұлдап куә болған едіңдер.

85.

Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңдіжұрттарыңнан шығарасыңдар әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандыққа өзаракөмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып келсе, оларға бодау беріпқұтқарасыңдар. Негізінен сендерге оларды жұрттарынан шығаруға тыйым салынған.(Алла, олардан бір-бірін өлтірмеске, жұрттарынан шығармасқа, қастандықістемеске, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уәде алады. Бірақ олар соңғысынғана орындамақшы болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдерме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлықәрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Алла (Т.) істегеністеріңнен ғапыл емес.

86.

осындай ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастапалғандар, олардан азап жеңілтілмейді де оларға көмек те болмайды.

87.

Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейінпайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға дамұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бірпайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасыңдар. Олардың бірбөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхия Ғ.С.) бір бөлімінөлтірдіңдер.

88.

Олар: “Жүрегіміз перделі” деді. Жоқ, Алла оларды, қарсыболуларының салдарынан қарғады. Сондықтан азы-ғана иман келтірді.

89.

Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта,олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұраөздерінң Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсыболушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудилер, ақыр заман Пайғамбарыкелуден бұрын кәпірлерге: “Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын”дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсышықты.

90.

Олар, Алла (Т.) ның өз кеңшілігінен құлдарынан қалағанынатүсіргенін (Құранды) қызғанып қарсы келумен өздерін нендей жаман нәрсегеайырбастайды да олар ашу үстіне ашуға ұшырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушыазап бар.

91.

Әрқашан оларға: “Алла түсірген (Құран) ге иманкелтіріңдер” делінсе: “Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз” деп, олар оныңтысындағы (Құран) ға қарсы болады. Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құранхақ. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, бұрынАлланың елшілерін неге өлтірдіңдер?”, – де.

92.

Сендерге Мұса (Ғ.С.) ашық дәлелдер әкелгеннен кейін дебұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер залымсыңдар.

93.

Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріптұрып: “Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар” депсерт алған едік. Олар: “Құлақ салдық, қарсы болдық” деді. Өйткеніқарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.)оларға: “Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендейжаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған” де. (Тәуратта бұзауға табыну жоқеді.)

94.

(Мұхаммед Ғ.С.) : “Егер Алланың қасындағы ақырет жұрты,елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар”де.

95.

Бірақ олар қолекі істеп, ілгері жіберген қылмыстарысебепті сірә өлім тілемейді. Алла залымдарды толық біледі.

96.

(Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан дамүшріктерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардыңәрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды.Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (Яһудилердің тағы бір қылығы:”Жебрейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды Мікәйіл әкелсе нанар едік”дейтін еді.)

97.

(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Кім Жебрейіл (Ғ.С.) гедұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрыңғылардырастаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды.

98.

Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жебрейіл,Мікәйіл (Ғ.С.) ғе дұшпан болса, әлбетте Алла (Т.) кәпірлерге дұшпан.

99.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік.Оған бұзақылар ғана қарсы келеді.

100.

(Яһудилер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бірбөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді.

101.

Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы Тәуратты растаушыЕлші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмегендейАлланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты…. “

102.

(Олар Тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығызаманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді.(Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. ОларБабылда “Һарұт, Марұт” атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште:”Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар” деп айтпайынша ешкімге үйретпеген.Сонда да олар, екеуінен: Ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар,Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін,пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға(Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді.Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді.

103.

Егер олар иман келтіріп, (сиқырдан) сақтанса, әрине Аллажағынан қайырлы сауап болар еді. Егер олар білген болса.

104.

Әй мүміндер: “Рағина” деп айтпаңдар. “Ұнзұрна” деңдер.Әрі тыңдандар. Кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар.

105.

(Рағина, Ұнзұрна, екеуі де: “Бізге назар аудар” деген ұғымда. “Рағинаны” Яһудилер басқа мағынада қолданатын болғандықтан, ескертілген.)

Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге Раббыларыңжақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісінеарнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.

106.

Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, несол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетуші екенінбілмедің бе?

107.

Білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Сендерүшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ.

108.

Немесе пайғамбарларыңнан, бұрыңғы Мұса (Ғ.С.) дансұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққаауыстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады.

109.

Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейінөз күншілдіктерінінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Аллабір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әрнәрсеге күші толық жетеді.

110.

Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшінілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны Алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла(Т.) не істегендеріңді толық көруші.

111.

Олар: “Жұмаққа Яһуди немесе Христиан ғана кіреді” деді.Бұл олардың өз ойлары ғана. (Мұхаммед Ғ.С.) : “Егер сөздерің шын болса, дәлелкелтіріңдер” де.

112.

Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылықістейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әріолар қайғырмайды.

113.

Кітапты оқи отырып, Яһудилер: “Христиандар еш нәрсе емес”деді. Христиандар да: “Яһудилер дәнеңе емес” деді. Сондай-ақ білмегендер деолардың айтқанындай айтты. (Араптар да: “Ислам діні еш нәрсе емес” деді.) СондаАлла (Т.) олардың таласқандарына қиямет күні билік айтады.

114.

Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйымсалғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққантүрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ақыретте зор азап бар.

115.

Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бетқаратсаңдар да Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең,толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп-қатерлі болса, бет алдына қарап намазоқуға болады.

116.

Олар: “Алла, бала иемденді” деді. Ол, баладан пәк.(Яһудилер: Ғұзайыр Ғ.С. ды, Христиандар: “Ғиса Ғ.С. ды, Араптар: ПеріштелердіАлланың баласы” деді. 9-С. 3-А) Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі.Олар, түгел Оған бой ұсынады.

117.

Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істіңболуын қаласа, сонда тек қана оған “бол” дейді. Ол, бола қалады.

118.

Сондай білмегендер: “Алла, бізге ауызекі айтса, немесебізге бір белгі келтірсе еді” деді. Бұлардан бұрынғылар да бұлардың айтқанытәрізді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында нақ иланатын елгеаяттарды ашық баян еттік.

119.

(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сені қуандырушы, қорқытушы етіп,хақиқат бойынша жібердік, тозақтықтардан жауапкер емессің.

120.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди деХристиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: “Әрине Алланың жолы сол тура” де.Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллатарапынан саған не дос не жәрдемші болмас.

121.

Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, мінесолар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) КімКітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер.

122.

Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді жәнесендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар.

123.

Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреукүймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көреалмайды.

124.

Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (Ғ.С.) ды Раббы сөздерменсынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: “Әрине сені адамдарға басшықыламын.” деді. Ол: “Ұрпақтарымнан да ете көр!”,- деді. Алла: “(Ұрпақтарыңнан)залымдар сертіме жете алмайды” деді. (Бұл сынау сөздер туралы тәпсірлерде түрлібаяндар бар.)

125.

Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрібейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылыпалыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: “Үйімді (Қағбаны) тауапетушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-тазаұстаңдар” деп, уәде алғанбыз.

126.

Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! Бұны бір тыныш қалақыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, әртүрлі өнімдермен ризықтандыр” деп, жалбарынды. (Раббы): “Кім қарсы болса, оны дааз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ақыретте) от азабыназорлаймын. Ол, барар орынның жаманы” деді.

127.

Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның)ірге тасын көтере: “Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толықбілушісің.”

128.

“Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл,ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хажамалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубеніқабыл етуші, ерекше мейрімдісің!”

129.

“Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңдыоқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің,күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың” (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С.ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді.

130.

Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ныңжолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ақыретте деигілерден болады.

131.

Бір кезде Раббы оған: “Бой ұсын!”,- деді. Ол: “Бүкіләлемнің Раббына бой ұсындым” деді.

132.

Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп(Ғ.С.) да: “Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтансендер нағыз Мұсылман болып өліңдер” деді.

133.

Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: “Неменегеқұлшылық қыласыңдар?”,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: “Сенің Тәңіріңе,аталарыңның Тәңіріне: Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақтың бір-ақ Тәңіріне құлшылыққыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз” деген еді.

134.

Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектеріөздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендеріненсұралмайсыңдар. (Сондай-ақ бұл қылықтарыңмен олардан пайдалана алмайсыңдар)

135.

Олар: “Яһуди немесе Христиан болыңдар, тура жолдаболасыңдар” деді. (Мұхаммед Ғ.С.) олай емес, Ыбырайым (Ғ.С.) ның тұп-туражолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді” де.

136.

Және оларға: “Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әріЫбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.)ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларғаберілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне десенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз” деңдер.

137.

Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда растура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққанболады. Сонда да Алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші,әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып”тазарды” дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек?)

138.

Өң Алланыкі, Өң (беру) де Алладан кім артық? Сондықтанбіз Оған құлшылық қыламыз.

139.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Біздің де сендердің деРаббыларың Алла жайында бізбен таласасыңдар ма? Біздің істегеніміз бізге,сендердің істегендерің, сендерге тән. Біз Аллаға нағыз ықыластымыз” де.

140.

Немесе сендер: “Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп жәнеұрпақтары: Яһуди не Христиан еді” дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендержақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?”,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Аллабілдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңненғапыл емес.

141.

Олар өтіп кеткен бір үммет, олардың еңбектері оларға,сендердің еңбектерің сендерге тән. олардың істеген істерінен сендерсұралмайсыңдар.

142.

(Мұхаммед Ғ.С. Медине қаласына көшіп келгеннен кейін намазды бір жарым жылға жақын”Месжід Ақса” жаққа қарап оқып, әр уақыт қыбланың “Қағба” болуын арман ететін еді. Ақыр бір күні Алланың әмірі бойынша”Қағба” жаққа қарап намаз оқыла бастағанда, ел арасында әр түрлі күңкіл болады…)
Адамдардың кейбір ақымақтары: “Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсебұрды?”,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шығыс та батыс та Аллаға тән. Ол,қалағанын тура жолға салады ” де.

143.

Осылайша сендерді (артық, кемсіз) орташа бір үмметқылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін.Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетінкісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқағақиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақерекше мейірімді.

144.

(Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз.Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді “Месжід Харам”жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер.Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан біршындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес.

145.

(Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаныкелтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардыңқыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларынаілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең,әлбетте сен анық залымдардан боласың.

146.

Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарынтанығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұражасырады.

147.

(Мұхаммед F.C.) хақиқат Раббыңнан келген. Сондықтан сірәкүдіктенуші бола көрме.

148.

Әркімнің бip бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққажарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла(Т.) ның әр нәрсеге күші жетеді.

149.

Қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққақарат. Өйткені ол, Раббыңнан 6ip хақиқат. Алла (Т.) не істегендеріңнен ғапылемес.

150.

Және қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққақарат. (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар.Адамдар үшін сендерге қарсы бip дәлел болмасын. (Яһудилер: “Бұлар Ыбырайым F.C.ның дінінде болса, неге Кағба жаққа қарамады?” демесін.) Бipaқ олардың залымдарыайта бepeдi. Олардан қорықпаңдар. Сендерге нығметтерімді толықтауым және туражолда болуларың үшін Менен қорқыңдар.

151.

Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендердітазартатын және сендерге Құранды әpi үкімдерін үйрететін сондай-ақбілмегендеріңді үйрететін Елші жібергеніміз сияқты…

152.

Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын жәнеМаған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар.

153.

Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдемтілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe.

154.

Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлідемеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.

155.

Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан,жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондайжағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!

156.

Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде бізАллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді.

157.

Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқаметбар. Әpi олар тура жолдағылар.

158.

(Қағбаның жанында “Сафа, Мәруе” деген екі төбешік бар. Бағы заманда Ысмайыл (Ғ.С.) дың анасы Ажар ханым су іздеп екі арасында кезек жүгірген, Алланың бір белгілі қасиетті орны еді. Кейін жаһилиет дәуірінде екеуіне де бұт орнатылып, соларға шоқынылатын болғандықтан: Мұсылмандар “Сафа, Мәруе” ге жүгірмесек те болар деп, ойлағандықтан осы аят түскен.)

Негізінде “Сафа, Мәруе” Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе умраорындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кiм артықша бip қайырicтece, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші.

159.

Негізінен бiз ап-ашық үкімдерді әpi тура жолды Кітаптаадамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әpi барлықлағынет етушілер лағынет етеді.

160.

Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер жәнешындықты баян еткендер басқа. Міне солардың тәубесін қабыл етуші, ерекшемейірімдімін.

161.

Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйдеөлгендер, міне соларға Алланың лағынеті әpi періштелердің және біртұтасадамдардың лағынеті болады.

162.

Олар лағынетте мәңгі қалады, олардан азап жеңілтілмейдіде оларға мұрса берілмейді.

163.

Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа eшбip Тәңip жоқ. Ол,аса қамқор, ерекше мейірімді.

164.

Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күнніңауысуында, адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүрген жаңбыр жаудырып, жерөлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында,жердерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында әлбеттеойлаған елге (Алланың барлығы, бірлігіне) белгілер бар.

165.

Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді деоларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді. Егерзалымдар азапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланыңқатты азап иесі екенін білсе еді.

166.

Сол уақытта ерілгендер (бастағандар), өздерінеергендерден безеді. Сондай-ақ олар азап көргенде қарым- қатынастары кесіледі.

167.

Ал ерушілер: “Әттең! Бізге (дүниеге) қайтар күн болса,олар бізден безгендей, бізде олардан безер едік” дер. Солайша Алла олардыңістеген істерін өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Сондай-ақ олар тозақтан шығушыемес.

168.

Әй адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседенжеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені ол сендерге ашық дұшпан.

169.

Шынайы түрде ол сендерге жамандықты, арсыздықты жәнеАллаға қарсы білмейтіндеріңді айтуды нұсқайды.

170.

(Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бойұсыныңдар делінсе, олар: “Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз”деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?(Сонда да солардың жолымен жүре ме?)

171.

Кәпірлердің, мысалы: Дабыстағанда, үнді, айғайды ғанаестіп түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар ешнәрсені аңғармайды.

172.

Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. ӘріАллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар.

173.

Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды),қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сондакім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Аллаөте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

174.

(Алладан басқаға арналып бауыздалған мал арам. Егер бір Мұсылман Алладан басқаға жақындасу ниетімен бауыздаса діннен шығады. Бауыздағаны жемтік болады. Және мәжбүрлік екі түрлі: Жейтін таба алмау, не біреу зорлау.)

Сондай Алла түсірген Кітаптан (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С.ның сипаттарын)жасырып, оны аз ақшаға (дүниеге), айырбастағандар, Солар қарындарына отты ғанажейді. (Қарындарын отпен толтырады.) Қиямет күні Алла оларға тіл қатпайды даоларды ақтамайды және оларға күйзелтуші азап бар.

175.

Олар адасуды туралықтың орнына, азапты жарылқаудың орнынаауыстырып алғандар. Сонда олар тозаққа қалай шыдайды?

176.

Осы, Алланың Кітапты туралықпен түсіргендігі үшін.Негізінен Кітап жайында таласқандар ұзақ қайшылықта.

177.

(Яһудилер Месжід Ақсаны, Христиандар оның шығыс жағын қыбла тұтып, әрқайсысы өз қыбласын жақсы деп ойлайды.)
Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақиреткүніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына,жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етугежақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзарабайласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыретуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар.

178.

Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді:Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел (өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынанкешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі қажет. (Егерқысас кешіріліп, құнға тоқтаса, алушының орынсыз егеске қысас істемеуі,берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы, Раббылары жағынан жеңілдік жәнемәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ақыреттекүйзелтуші азап бар.

179.

Әй ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргендіөлтіруде) тіршілік бар. Әрине сақсынарсыңдар.

180.

Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса,әке-шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет тақуаларға бірміндет.

181.

(Бұл аяттың үкімі мирас аятымен қалдырылған. 4-С.11-А)

Сонда біреу өсиетті естігеннен кейін ауыстырса, кінәсы оны өзгертушігеболады. Күдіксіз Алла әр нәрсені естуші, білуші.

182.

Кім өсиет етушінің қателескендігінен немесе кінәлыболатындығынан сезіктенсе, араларын түзелтіп қоюдың оқасы жоқ. (Өсиеттегіқателікті дұрыстауға болады.) Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

183.

Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай оразапарыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар.

184.

Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушыболса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар)бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзінежақсы. (Мұндай ораза ауыр келетін кәрі, ауру не екі қабат, омырауда баласыболған әйелдер оразаның орнына күніне бір фітір садақасын беруіне болады.Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы.

185.

Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жолжәне (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кімрамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқакүндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылыққаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санынтолтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.

186.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса:”Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше оларда әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді”

187.

(Бастапта кей Мұсылмандар оразаның кешінде әйелдерінежақындаспағандықтан осы аят түскен екен.) Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңежақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім,сендер де оларға киім (іспетті) сіңдер. Алла өздеріңе зиян қылатындықтарыңдыбіледі. Сондықтан тәубелеріңді қабыл етіп сендерді кешірді. Ал енді (бұданбылай) оларға жақындасыңдар. Алланың өздеріңе жазғанын талап етіңдер. Жәнетаңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер,жеңдер де соңсоң оразаны кешке дейін толық орындаңдар. Мешіттерде (ғибадат етіп)ығтикәфта болған кеште әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы Алланың шегі, оғанжақындамаңдар. Осылайша Алла (Т.) сақсынулары үшін адамдарға аяттарын баянетеді.

188.

Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақбіле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар.

189.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жаңа туған айдың жағдайынсұрайды: “Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу” де. (Және олар хажкезінде үйге арт жағынан кіруді жақсы деп ойлайды. ) Үйлеріңе артынан кірулеріңбір жақсылық емес. Бірақ кім сақсынса сол жақсылық. Ендеше, үйлерге есіктеріненкіріңдер әрі Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар.

190.

(Мекке кәпірлері Мұсылмандарға 13 жыл жапа шектіріп, Мединеге көшкеннен кейін де қырсоңдарынан қалмай әрі Меккедегі үй-мүліктерін талап алғандықтан, өздері килікпегендерге килікпеу, соғысқандар немесе оларға көмек еткендермен соғысу. Сондай қатын, бала және дін адамдарына соқтықпау шартымен қорғаныс соғысына әмір түседі.)

Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар.Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді.

191.

Оларды қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Өздері, сендерді(Меккеден) шығарғандай оларды шығарыңдар. Бұзақылық, кісі өлтіруден қиын. МесжітХарамның жанында олар сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Егеролар сендерді өлтірсе, сендер де оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің жазасы осылай.

192.

Егер олар бұзақылықтан тыйылса, күдіксіз Алла жарылқаушы,ерекше мейірімді.

193.

Олармен бұзақылық қалмай, дін Аллаға тән болғанға дейінсоғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана.

194.

Құрметті ай, құрметті аймен және құрметтер долай.(Құрметті айларда соғысу не соғыспай құрметтеулер, екі жаққа бірдей). Сонда кімсендерге соқтықса, сендер де олар сендерге соқтыққандай соқтығындар жәнебіліңдер, шәксіз Алла тақуалармен бірге.

195.

Алла жолында мал сарып қылыңдар. (Сараң қорқақ болып)өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Жақсылық істеңдер. Шын мәніндеАлла игілік істеушілерді жақсы көреді.

196.

Хаж және умраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда)тосылсаңдар, құрбандықтан қолайлысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейіншаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырыпыхрамнан шығады). Біреу (ықрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шашалдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықтаболсаңдар хажға дейін умрадан пайдаланса, (әуелі умраны орындап, ыхрамнан шығып,хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны “Хаж Тәматтұғ” деп атайды). Сонда қолайлыбір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтыпкелгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. Бұл үйі Месжід Харамныңмаңында болмағандар үшін. Алладан қорқыңдар. Негізінен Алланың қатты азап иесіекенін біліңдер.

197.

Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі)белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелгежақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер,Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. “Әй ақылиелері! Менен ғана қорқыңдар.”

198.

Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін іздеулеріңнің (кәсіпістеулеріңнің) оқасы жоқ. Қашан Ғарафаттан қайтсаңдар, Машғарыл Харамныңқасында, Алланы еске алыңдар. Сондай-ақ Оны, сендерге нұсқағанындай ескеалыңдар. Сендер бұрын азғындардан едіңдер.

199.

(Бұрын Құрайыштар дандайсып, Ғарафатқа бармай Мүзделіфеден қайтатын және Минада ата-бабаларын мақтайтын еді)

Соңсоң ел қайтқан жерден қайтыңдар да Алладан жарылқау тілеңдер. КүдіксізАлла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

200.

Қашан хаж амалдарыңды өтесеңдер, (Минада) Алла (Т.) ныата-бабаларыңды зікір еткендей тіпті одан да артық зікір етіңдер. Сондаадамдардан кім : “Раббымыз! Бізге дүниеде ғана жақсылық бер!”,- десе оларғаақиретте несібе жоқ.

201.

Және олардан кім: “Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылықбер әрі ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отының азабынан сақта!”,- дейді.

202.

Міне олар үшін амалдарынан үлес бар. Алла (Т.) есептітезінен көруші.

203.

Санаулы күнде Алланы зікір етіңдер. Сонда кінәдансақтанған кісіге, (Минадағы ғибадатты) асығып екі күнде бітірсе оқасы жоқ. Біреукешіксе де кінә жоқ. Алладан қорқыңдар әрі негізінде Аллағақайтарылатындықтарыңды біліңдер.

204.

(Мүшріктерден Шарқ Ұлы Ахнас Мұхаммед Ғ.С. ға келіп әдемі сөздермен Мұсылман болғанын айтып, шыға бере Мұсылмандардың егіндерін өртеп, малдарын өлтірген екен.)
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңдітаңырқатады да Алланы жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол өте сотқар қаскүнем.

205.

Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеугесондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады. Алла жауыздықты жақсы көрмейді.

206.

Ал қашан оған: “Алладан қорық!”,- делінсе, оның паңдығыұстап, өзін күнәкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын.

207.

Адамдардан Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар дабар. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ.

208.

Әй мүміндер! Исламға бүтіндей кіріңдер. Шайтанның ізінеермеңдер. Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан.

209.

Сендерге ашық дәлелдер келгеннен кейін жолдан тайсаңдар,біліңдер Алла тым үстем, хикмет иесі.

210.

Олар (Исламға толық кірмегендер), бұлттың көлеңкесіндеАлла және періштелер келіп, істің бітіп кетуін ғана күте ме? Істер Аллағақайтады.

211.

(Мұхаммед Ғ.С.) Израил ұрпақтарынан сұра. Оларғақаншалаған ашық мұғжизалар келтірдік. Кім өзіне Алланың нығметі келгеннен кейінөзгертсе, күдіксіз Алла қатты азап иесі.

212.

Сондай кәпір болғандарға дүние тіршілігі әдемі көрінді деМұсылмандарды тәлкек қылады. Негізінде тақуалар қиямет күнінде олардан үстемболады. Және Алла қалағанын есепсіз ризыққа бөлейді.

213.

Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы,қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкімету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгендер, ашық дәлелкелгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иманкелтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Алла қалағанындаңғыл жолға салады.

214.

(Мұсылмандар!) Сендерге бұрыңғы өткендердің басына келгенсияқты (жағдай) келмей жаннатқа кірулеріңді ойладыңдар ма? Оларға, ашаршылық,ауыру-науқас келді. Сондай-ақ Пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер:”Бізге Алланың жәрдемі қашан болар екен?”,- дегенге дейін (қиыншылықта)тербетілді. Естеріңде болсын. Негізінен Алланың жәрдемі жақын.

215.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Алла жолында неберетіндіктерін сұрайды. “Нендей қайыр сарып қылсаңдар; Әке-шеше, жақындар,жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксізАлла оны біледі” де.

216.

(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парызқылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Жәнежақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла (Т.) біледі,сендер білмейсіңдер.

217.

(Бәдір соғысынан бұрын жіберілген бір шалғыншы кәпірлермен қақтығысып қалған күні кешінде Режеп айы көрініп қалады.)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен құрметті айда соғысудан сұрайды. Оларға: “Ол айдасоғысу зор кінә. Дегенмен, Алланың жолынан тию, Оған қарсы келу, Месжід Харамнантыю және оның тұрғындарын шығару Алла (Т.) ның қасында тағы зор күнә” де.Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор. Егер олардың шамалары келсе, сендердідіңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім дінненқайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың амалдары дүние, ақыретте де жойылып жәнеолар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады.

218.

Шынайы иман келтіргендер, ауа көшкендер және Алла жолындасоғысқандар міне солар, Алланың рахметін үміт етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекшемейірімді.

219.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен арақтан, құмардан сұрайды.Оларға: “Екеуінде де зор күнә бар. Адамға пайдасы бола тұра, пайдасынан көрікүнәсы зорырақ” де. Ал және сенен: “Алла жолында не беретіндіктерін” сұрайды.”Артығы беріледі” де. Алла (Т.) сендер түсінер деп аяттарын өстіп баян етеді.

220.

(Бұл аят бойынша, арақ пен құмардың зор күнә екендігі, сондай-ақ пайдасынан күнәсы зор екендігі білдіріліп, 4-С.43-А. та, мас халінде намазға жақындамау нұсқала отырып, 5-С.90-А. арқылы “нәжіс” делініп кесімді түрде тыйым салынған.)

(Дүние, ақиретте ойланыңдар…) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жетімдердің жайынансұрайды. Оларға: “Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сондаолар туыстарың. (Бөтендігі жоқ.) Алла (Т.) бұзушыны, түзеушіден айырып біледі.Алла қаласа, әлбетте сендерді зорлар еді” де. Шын мәніде Алла өте үстем, хикметиесі.

221.

Мүшрік қатындармен олар иман келтіргенге дейінүйленбеңдер. Азат мүшрік қатыннан мүмін күң артық. Егер сендерді қызықтырса да.Және иман келтіргенге дейін, мүшрік ерге мүмін әйелдерді де үйлендірмеңдер. Егеролар сендерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл артық. Олар, тозаққашақырады да, Алла өз ұйғаруымен жаннатқа шақырады. Сондай-ақ адамдар үгіт алсындеп, аяттарын баян етеді.

222.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен етеккір жайынан сұрайды.Оларға: “Ол жиренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларғатазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңебұйырған жерінен жақындасыңдар” де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көредіәрі таза болушыларды да жақсы көреді.

223.

Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалайқаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладанқорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындықтарыңды біліңдер. (Мұхаммед Ғ.С.)мүміндерді қуандыр.

224.

Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе,сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар.(Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек.)Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.

225.

Алла анттарыңдағы бос сөзді тергемейді. Алайда жүректеріңістегенді есепке алады. (Ойламай ауызша еткен ант есеп емес.) Алла асажарылқаушы, ерекше жұмсақ.

226.

Әйеліне жақындаспауға ант еткендер, төрт ай күтеді. (Егертөрт ай ішінде кәппарат төлеп) анттарын бұзса, шәксіз Алла (Т.) аса жарылқаушы,ерекше мейірімді.

227.

Егер олар талақ ниет етсе, (төрт айға дейін антынбұзбаса, талақ болады) Расында Алла әр нәрсені естуші, білуші.

228.

Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімі күтеді. Оларғажатырларындағы Алланың жаратқанын жасырулары дұрыс емес. Егер олар Аллаға,ақирет күніне сенетін болса, бұл жерде егер жарасуды қаласа, әйелдерін қайтаалуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің деерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық. Алла (Т.)өте ұстам, хикмет иесі.

229.

Талақ екі рет. Сонда не туралықпен ұстау немесежақсылықпен ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес.) Оларға бергендеріңнен ешнәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (біргежасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынанқауіп қылсаңдар, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ.Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, мінесолар залымдар.

230.

(Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейіноған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды. Егер оны, ол (екінші ер) талаққылса, екеуі де Алланың шегін орындаймыз деп ойласа, қайта табысуларында күнәжоқ. Бұл білген елге Алланың баян еткен шектері.

231.

(229, 230-А. бойынша, әйелін талақ қылдым дегеннен кейін ғыддаты толмай тұрып, екі рет сөзінен қайтуына болады. Бұны”Ражғи” талақ деп атайды.)

Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғыддаты жетсе, сонда олардытуралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен біржола ажыратыңдар. Оларды зиянсалып қанау үшін ұстамаңдар. Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады.Алланың аяттарын мазақ қылмаңдар және Алланың өздеріңе берген нығметін әрісендерді насиқаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, сүннетті)түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да күдіксіз Алланың әр нәрсені толықбілетіндігін біліңдер.

232.

Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар, ғыддаты бітсе, өз еріменризаласып үйленуін тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуінтоспаңдар.) Бұл сендерден Аллаға, ақирет күніне иман келтіргендерге берілгеннасихат. Бұл сендер үшін тым таза, өте пәк. Алла біледі, сендер білмейсіңдер.

233.

Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларынтолық екі жыл емізеді. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне міндет.Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшінзиянға ұшыратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты. (Бала емізушінің тиістіхақысы төленеді.) Егер әке -шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа,сонда екеуіне де күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (бөгде әйелге) емізгілерің келсе,хақысын жақсылап тапсырсаңдар, сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар да біліңдер!Расында Алла істегендеріңді толық көруші.

234.

Сендерден қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердіңөздері; төрт ай он күн (ғыддат) күтеді. Әрқашан олардың белгілі ғыддаты бітсе,олардың өздеріне байланысты істеген істерің (үйлену үшін киініп, түзелуінің)сендерге жауапкерлігі жоқ. Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы.

235.

Ал (бұндай ғыддат ішіндегі) әйелдерге үйленуді жақауратыпескертулеріңде немесе іштеріңде сақтауларыңда бір сөгіс жоқ. Алла (Т.) негізіненсендердің оларды еске алатындықтарыңды біледі. Бірақ олармен жасырын уәдебайласпаңдар. Әрине олармен әдеттегі сөз сөйлесу басқа. Ғыддаты жетпейінше некебайлауды ойламаңдар. Расында Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер.Сонда Одан именіңдер әрі біліңдер. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мұлайым.

236.

Сендер әйелдерді жақындасудан, қалың тоқтасудан бұрынталақ қылсаңдар сөгіс жоқ. Сонда оларды шамалы өз жағдайынша, нашар өз халыншадұрыстықпен пайдаландырыңдар. Бұл жақсылық істеушілерге бір борыш.

237.

Егер оларға қалың тоқтасып, жақындасудан бұрын талаққылсаңдар, онда тоқтасқан қалыңның жартысы оларға тән. Бірақ әйел кешсе немесенекенің түйіні қолындағы ер, кеңшілік етсе: (тұтас берсе) ол басқа. Кеңшілікетулерің тақуалыққа жақынырақ. Сондай-ақ араларыңда кешірімділікті ұмытпаңдар.Шәксіз Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.

238.

Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллағабой ұсынған түрде тұрыңдар.

239.

Ал егер қауіп-қатерде болсаңдар, жаяу немесе көлікте (беталған жаққа ишарамен оқыңдар.) Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңдіүйреткеніндей Алла (Т.) ны зікір етіңдер.

240.

Қайтыс болып, әйелдер қалдыратыңдар; әйелдерің бір жылғадейін (үйлерінен) шығарылмай қамдалуларын өсиет етсін. Егер өздері шығып олардыңөздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ. Алла (Т.)аса үстем, хикмет иесі.

241.

Ал ажыратылған әйелдердің де тиісті қамдалулары тақуаларүшін бір міндет.

242.

Алла (Т.) түсінулерің үшін сендерге аяттарын осылайшабаян етеді.

243.

(Мұхаммед Ғ.С.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып,жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Алла оларға: “Өліңдер” деді. Соңсоң олардытірілтті. Күдіксіз Алла адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен адамдардың көбішүкірлік қылмайды.

244.

Алла жолында соғысыңдар әрі біліңдер. Алла толық естуші.

245.

Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпенмал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Аллатарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар.

246.

(Мұхаммед Ғ.С.) Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израилұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына:”Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз” десті. Пайғамбар: “Мүбадасендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!”,- деді. Олар: “Бізге Аллажолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала-шағаларымызданшығарылдық” десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынанбасқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі.

247.

Оларға пайғамбарлары: “Дау жоқ. Алла сендерге Талұттыпатша сайлады” деді. Олар: “Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көріпатшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді”десті. Пайғамбар: “Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрітұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсенікеңінен білуші” деді.

248.

Және олардың пайғамбарлары: “Оның патшалығының белгісі;Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн(Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұндаанық белгі бар. Егер сенсеңдер.

249.

Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: “Расында Алласендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса,әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа” деді. Сондаолардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иманкелтіргендер, өзеннен өткен шақта: “Бізде Жалұт және оның әскерлеріне төтепберер күш жоқ” деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: “Алланыңқолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлылармен бірге” деді.

250.

Олар Жалұт және жауынгерлерімен қарсыласқан сәтте:”Раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем берекөр!”,- деді.

251.

Сонда олар, оларды Алланың бұйрығымен жеңіліске ұшыратты.Дауыт Жалұтты өлтірді. Алла (Т.) Дауытқа патшалық, даналық берді. Әрі оғанқалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау, құстардың тілін білу, т.б) Алла (Т.)адам баласының бірін-бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіләлемге кеңшілік иесі.

252.

(Мұхаммед Ғ.С.) Осылар Алланың аяттары, оны саған шынайытүрде оқимыз. Шын мәнінде сен елшілерденсің.

253.

Сол пайғамбарлардың кейбіреулерін кейбіреулерінен артыққылдық. Алла олардың кейбірімен сөйлескен, кейінің дәрежелерін көтерген. Мәриямұлы Ғиса (Ғ.С.) ға ашық мұғжизалар бердік те оны Жебрейіл (Ғ.С.) арқылықуаттадық. Егер Алла қаласа, өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін олар,пайғамбарлардан соң соғыспас еді. Бірақ олар қайшылыққа түсті. Сонда олардыңкейі иман келтірді де кейі қарсы шықты. Егер Алла қаласа, олар бірін-біріөлтірмес еді. Бірақ Алла қалағанын істейді.

254.

Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу,достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар.Ал қарсы болушылар, олар залымдар.

255.

Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толықмеңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселерОған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардыңалдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсебілмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуінқорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.

256.

Дінде зорлау жоқ. Расында туралық, азғындықтанажыратылды. Енді кім жауыздыққа қарсы келіп, Аллаға иман келтірсе, сонла ол расүзілмейтін (берік) тұтқаны ұстады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.

257.

Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Олардықараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, олардыжарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады.

258.

(Мұхаммед Ғ.С.) Өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым(Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабылпатшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым өлтіреді де, тірілтеді”деді. Ол: “Мен де өлтіремін де, тірілтемін” деп, (өлімге бұйырылған біреуді қояберіп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): “Расында Алла күнді шығыстанкелтіреді, сен оны батыстан келтірші” деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Аллазалым елді тура жолға салмайды.

259.

Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттенөткенді көрмедің бе? (Бұл Ғұзайыр Ғ.С.) Ол: “Алла бұны өлгеннен кейін қайтыптірілтеді?”,- деді. Алла оны жүз жыл өлтіріп, соңсоң тірілтіп: “Қанша жаттың?”,-деді. Ол: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жаттым” деді. (Алла): “Олай емес,жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал ендіесегіңе қара! Сені адамдарға үлгі үшін өстідік. Ал енді сүйектерге қара! Онықайтып құрастырып, сонан соң оған ет кидіреміз” деді. (Ғұзайыр Ғ.С. шірігенсүйектердің құдыретше құралып, ет бітіп, жанданып түрегелгенін көрді.) Бұлжағдайлар оған ашықша білінгенде: “Сөзсіз Алланың әр нәрсеге күші жететінінбілдім” деді.

260.

Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! Өлікті қайтыптірілтесің, маған көрсет” деді. (Алла): “Маған сенбейсің бе?”,- деді. (ЫбырайымҒ.С.): “Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын” деді. (Алла Т.): “Құстардантөртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.) Сонсоң әр таудың басынабір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. КүдіксізАлланың өте үстем хикмет иесі екенін біл” деді. (Ыбырайым Ғ.С.) Бұйырылғандыорындады. Алланың әмірі бойынша құстар тіріліп келді.

261.

Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: Әр сабағында,жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есеарттыра береді. Алла (Т.) тым кең, әр нәрсені білуші.

262.

Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжітуараластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырындасыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды.

263.

Көркем сөз және кешірімділік, артынан бұлдану, кейітуараласқан садақадан жақсы. Алла (Т.) бай, жұмсақ.

264.

Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарғакөрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітуменжоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсержауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Аллақарсы болған елді тура жолға салмайды.

265.

Сондай малдарын Алланың ризалығын тілеп, өз көңілдерінбекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі жердегі нөсержауып екі есе өнім берген бақша тәрізді. Сонда оған жаңбыр тимей, дымқыл тисе деөнім береді. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.

266.

Сендердің біреулерің, астарынан өзендер шығатын:Құрмадан, жүзімнен әрбір жемістері бар бақшасы болса да өзіне кәрілік жетіп,нашар жас балалары болса, сонда ол бақшаны жалынды құйын келіп өртеп кетуінқалай ма? (Әрине қаламайды) Алла (Т.) түсінерсіңдер деп аяттарын өстіп баянетеді.

267.

Әй мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерденшығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар. Ал және өздеріңкөздеріңді жұмып әрең ғана алатын сапасыз нәрсені Алла жолында берудіойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы.

268.

Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да арсыздықты әміретеді. Ал Алла (Т.) сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Аллааса кең, толық білуші.

269.

Алла (Т.) хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді.Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелеріғана түсіне алады.

270.

Алла жолында не берсеңдер немесе бір нәзір атасаңдар,күдіксіз Алла оны біледі. Және залымдар үшін ешбір жәрдемші болмайды.

271.

Егер садақаларды көрнеу берсеңдер, сонда ол қандай әйбет.(басқаларға жетекшілік болады) Егер оны жасырын беріп әрі оны пақырларғаберсеңдер, әрине сендер үшін сондада жақсы. (Алушының абыройы қорғалып, мақтанараласпайды.) Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ Аллаістегендеріңді толық білуші.

272.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды тура жолға салу саған міндет емес.Бірақ Алла кімді қаласа, тура жолға салады. Ненде қайыр берсеңдер де сондаөздерің үшін; Алланың ризалығын тілеп қана берсеңдер, Алла жолында беретін қайырөздеріңе толық төленеді әрі сендерге әділсіздік етілмейді.

273.

Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзіндежүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтынпақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысыпсұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі.

274.

Сондай малдарын күндіз-түні көмес және көрнеу Аллажолында жұмсағандар, сонда оларға Раббыларының сыйлықтары бар. Сондай-ақ оларғақорқу жоқ және әрі олар қайғырмайды.

275.

Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандайесеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан.Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихаткелгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса,мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.

276.

Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлыққарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді.

277.

Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толықорындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларғақорқу жоқ әpi олар қайғырмайды.

278.

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімненқалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар).

279.

Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұныАллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сондамалдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамағанболасыңдар.

280.

Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қараукерек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар.

281.

Аллаға қайтарылатын, сонсоң әpкiмнің еңбегі өздерінекемітілмей толық бepiлeтін күннен сақсыныңдар.

282.

Әй мүміндер! Егер белгілі бip мерзімге дейін бip-бipiңeборыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңда бip хатшы дұрыс жазсын. Сондай-ақхатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кiciжаздырсын. Раббы болған Алладан қорықсын әpi одан еш нәрсе кeмiтпeciн. Сондаегер борышты есалаң не нашар (жас бала я кәpi) немесе жаздыра алмайтын (сақаут.б.) болса, оның иесі тура жаздырсын. Еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егереркек болмаса онда өздерің ұнатқан айғақтардан бip еркек, екi әйел болады. Егерeкeyiнiң бipi жаңылса, екіншісі оның eciнe салады. Куәлер шақырылған сәтте бастартпасын. Аз, көп болса да белгілі мерзімге дейін жазудан ерінбеңдер. ОсыларыңАлланың қасында туралық; куәлік үшін мықтырақ және күдіктенбеуге де жақынырақ.Бipaқ та өзара қолма-қол алып, беретін әзip сауда болса, жазбауларыңның оқасыжоқ. Саудаласқан кезде айғақ қойыңдар. Хатшы да айғақ та зиянға ұшыратылмасын.Егер оны iстесеңдер, рас күнәлі боласыңдар. Алладан қорқыңдар. Әpi Алла сендергеүйретеді. Сондай-ақ Алла (Т.) әр нәрсені толық білуші.

283.

Ал егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, ондаборыштыдан бодау алуға болады. Егер біріңе-бірің сенсеңдер, (бодаусыз берілсе)сенілген жан аманатын тапсырсын. Сондай-ақ Раббы Алладан қорықсын. Кәулікті(көргендеріңді) жасырмаңдар. Кім оны жасырса жүрегі күнәкар болады. Алла неістегендеріңді толық біледі

284.

Көктердегі және жердегі нәрселер Алланікі.Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебіналады. Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақАлла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетеді.

285.

Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иманкелтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға жәнепайғамбарларға иман келтірді. “Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бойұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың”деді.

286.

Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді;істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. “Раббымыз! Егер ұмытсақ нежаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдейауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, біздіжарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!”