28. Қасас

1.

Та Син Мим. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары.

3.

(Мұхаммед Ғ.С.) саган Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынныңқиссасын сенетін ел үшін дүрыс оқимыз.

4.

Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді.Олардың бір тобын езіп, үлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол,бұзақылардан еді.

5.

Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастықжасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз:

6.

Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаманжәне екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық.

7.

Мұсаның анасына: “Оны еміз де оған бір нәрсе болады депқорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны сағанқайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық.

8.

Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғыболатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті.

9.

Перғауынның әйелі: “Менің де сенің де көз қарашығымыз,оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз” деді.Өйткені олар, сезбеді.

10.

Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жтрегінсенушілерден болуга бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады.

11.

Анасы, Мұсаның әпекесіне: “Оның соңына түс” деді. Ол,олар сезбеген жақтан оны көздеді.

12.

Бұрын емізушілерді оган арам еттік. (Бала бөтен омыраудыембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: “Сендерге, оны сендер үшін бағатын,оган қамқор бір тйдің ішін көрсетейін бе?”,-деді.

13.

Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, ктйінбеуі, сондай-ақАлланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбібілмейді.

14.

(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылымбердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

15.

(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де ондатөбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дтшпан жақтан еді.Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.)оны жүмырықпен үрганда оган қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): “Бұл шайтан ісі. Өйткені олашық адастырушы дұшпан” деді.

16.

“Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!”,- деді.Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

17.

“Раббым! Маған берген ныгметіңе серт! Енді күнәкарларғажәрдем етпеймін” деді.

18.

Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегіөзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Мұса(Ғ.С.) оған: “Сен анық адасқан екенсің” деді.

19.

Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын үстагысы келгенсәтте: “Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұлжерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?”,- деді.

20.

Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: “Әй Мұса!Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен сағанқамқорларданиын” деді.

21.

Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқа байқастап, қаладан шықты да:“Раббым! Мені залым елден құтқар!”,- деді.

22.

Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: “Раббымның, маған туражол көрсетуін үміт етеиін” деді.

23.

Мәдян суына барган кезде, ол жерде мал суарган бір топадам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып түрган екі әйел керді де:“Екеуіңнің бтйымтайларың не?”,-деді. Екеуі: “Малшылар иалдарын алып кеткенгедейін суара алісаймыз. Әкеміз кәрі шал” деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.) тың қыздарыеді)

24.

Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкегебұрылып: “Раббым! Сен маған хайырдан не жіберсең мұқтажбын” деді.

25.

Сонда екі әйелдің бірі, тялған түрде келіп: “Әкем, бізгемал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады” деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.)қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): “Қорықпа! Залымелден қттылдың” деді.

26.

Екі қыздың бірі: “Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол,жалдаған адамдардың хайырлысы да, күшті, сенімдісі” деді.

27.

(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): “Маған оегіз жыл жалғажтруіңе орай иына екі қызыиның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылғатолтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылудьі қаламаймын. Аллақаласа, мені ізгілерден табарсың” деді.

28.

(Мұса Ғ.С.): “Осы, мені мен сенің арамыздағы келісімбойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаи да маған қарсылық жоқ. АйтқанымызғаАлла кепіл” деді.

29.

Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жүбайымен жолга шыққанда,Тұр жақтан бір от көріп, жүбайына: “Тұра түрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкімбір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар” деді.

30.

Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оңжагандагы ағаштың жанынан: “Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын” деп,дабысталды.

31.

“Таяғыңды таста!” Сонда оны иреңдеген жылан тәріздікөріп, бүрыла артына қарамай жөнелді. “Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сенамандықта болғандардансың!”

32.

“Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады.Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкиме!) БҰЛ екеуі, Перғауынга да адамдарынада Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел…”

33.

(Мұса Ғ.С.): “Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім.Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын” деді.

34.

“Туысым Һарүн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны,менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынғашығаруынан қорқамын!”

35.

(Алла Т.): “Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңеолар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер дежеңіске ие боласыңдар” деді.

36.

Мұса (Ғ.С.) Оларға ашық аяттарымызбен келгенде: “Бұлжасанды бір жады ғана. Бұрынгы аталарымыздан бүны естігеміз жоқ” десті.

37.

Мұса (Ғ.С.): “Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенінжәне соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдарқүтылмайды” деді.

38.

Перғауын: “Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқатәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бірмүнара жаса. Белкім Мұсаның Тәңірін көрериін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын”деді.

39.

Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расындаолар, Біз жаққа қайтарылмаймыз деп, ойлады.

40.

Оны да әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық.Залымдардың соңының не болғанын көр!

41.

Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. (Оларға ергентозаққа түседі.) Сондай-ақ олар қиямет күні, жәрдем көрмейді.

42.

Олардың соңьгаан Бұл дүние де қаргыс ертіп, қойдық. Әріқиямет күні сүркейлерден болады.

43.

Расында бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мұса (Ғ.С.)ға адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мәрхаметтүрінде бердік.

44.

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.) ға әмір бергенде, сенбатыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің.

45.

Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға гзын өнірлерөтгі. Аяттарымызды оку үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірак ол хабарлардыжолдаушы Бізбіз.

46.

Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Түр жақта емес едің.Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елгеескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер.

47.

Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бірбейнет жетсе, сонда олар: “Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Ондааяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік” дейді.

48.

Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: “Мұсагаберілген күсаған неге бүған берілмейді?” дөсті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ғаберілгенге қарсы келмеп пе еді? “Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр” десті.“(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз” десті.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер рас айтушы болсаңдар, Аллатарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін” де.

50.

Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өзкөңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдеріауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолғасалмайды.

51.

Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық.

52.

Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (5-С.83-А.)

53.

Оларға Құран оқылғанда: “Біз бұган сендік. Рас ол,Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік”деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мұсылман болғандар. Б.Ж.М.К.)

54.

Міне сОларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екіесе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және оларжамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынғажүмсайды.

55.

Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: “Біздің ісімізөзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлеи. (Қош енді.) Надандардықаламаймыз” дейді.

56.

(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға салаалмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жолтабатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан ӘбуТаліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х.)

57.

(Қүрайш тобы): “Егер сенмен бірге тура жолға түссек,жерімізден дереу шығарыламыз” деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдерінесібе түрінде шогырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге)орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді.

58.

Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық.Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық.

59.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларғааяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залыи болғанкентті ғана жоқ етеміз.

60.

Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы,зейнеті гана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді деойламайсыңдар ма?

61.

Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соган қауышатын біреу;өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазага әзірленетінкісілер тәрізді ме?

62.

(Алла Т.) ол күні, оларға: “Сендердің Маған серік депүйғарғандарың қайда?”,- деп, дабыстайды.

63.

Өздеріне сөз келгендер: “Раббымыз! Бұлар, бізадастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік.Олар негізінен бізге табынбайтын еді” дейді.

64.

Ал оларға: “Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар” делінеді.Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар туражолда болған болса еді.

65.

(Алла Т.) ол күні, оларға: “Елшілерімізге не жауапбердіңдер?”,- деп, дабыстайды.

66.

Сол күні Оларға хабарлар естілмейді де (өзара да)сұраспайды.

67.

Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе,қүтылушылардан болуы үміт етіледі.

68.

Раббың қалағанын жаратады да сүрыптайды. Оларда ерікболмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары.

69.

Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін декөрнеу істеген нәрселерін де біледі.

70.

Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние,ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққақайтарыласыңдар.

71.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.)сендерге қиямет күніне дейін үдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарықкелтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?”,- де.

72.

“Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күнінедейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын ттн келтіретінтәңір кім? көз салмайсыңдар ма?”,- де.

73.

Алла, сендерге өз мәрхаметінен ттнді тынығу, күндіздікеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер.

74.

Сол күні, Оларға: “Менің серігім деп, ойлагандарыңқайда?”,- деп, дабыстайды.

75.

Ол күні, әр тмметтен бір айғақ шығарып: “Дәлелдеріңдіәкеліңдер” дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардыңжасанды нәрселері жоқ болады.

76.

Рас Қарүн, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсыкелді. Сондай-ақ оған, кіЛұтерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар бергенедік. Сонда оган халқы: “Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді”деді.

77.

“Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде дедүниедегі несібеңді де үмытпа. Алла, саган жақсылық еткендей сен де жақсылықісте, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді.

78.

Қарұн: “Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді.(Баюдың жөнін білуші едім)” деді. Негізінде Алланың бтдан бұрын, бтдан да күшті,тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды.(Бәрі жазулы. 82-С. 10-11-А.)

79.

Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; Дүние тіршілігінқалағандар: “Әттең! Бізге де Қарүнга берілген тәрізді болса; өйткені ол, зорырыс иесі” деді.

80.

Өздеріне білім берілгендер:”Алланың сыйлығы; иманкелтіріп ізгі іс істегендерге тагы жақсы. Ал оған сабырлылар гана жетеді” деді.

81.

Ақыр оны да тйін де жерге жүтқыздық. Алладан өзге оганжәрдем етер бір топ болмады арі оган көмек етілмеді. (Бұл атақты Қартн; бай,Мұса (Ғ.С.) ның жақыны, асқан сараң, мың да бір зекет бер десе; бермей, Мұса(Ғ.С.) ны ел алдында қорлау үшін жала жапсырып, көп іренжітеді. Б.М.Р.)

82.

Кеше оның орнында болуды көксегендер: “Сірә, Аллақұлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла,бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жүтқызар еді. Айтқандайын,кәпірлер қүтылмайды.”

83.

Міне ахирет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп,бұліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңгы табыс тақуалар үшін.

84.

Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Алкім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғанасазайы беріледі.

85.

(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылғанАлла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. “Раббым, Туралық келтіргенкісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі” де.

86.

Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. БірақРаббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды стйемелдеме!

87.

Алланың аяттары саган түсірілгеннен кейін олар сені одан(аяттарға ғамал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серікқатушылардан болма!

88.

Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбіртәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оғанқайтарыласыңдар.