27. Нəмл

1.

Та Син. (Ұғымын Алла біледі.) Бұл ап-ашық Кітап; Құранныңаяттары.

2.

Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш.

3.

Олар намазды толық орындайды, зекет береді де оларахиретке нақ сенеді.

4.

Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемікөрсеттік те олар сандалып жүреді.

5.

Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар,ахиретте де өздері зиянда болады.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толықбілуші тарапынан алып отырсың.

7.

Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: “Рас мен бір откөрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін”деді.

8.

Ол, сол араға келген сәтте: “Отта әрі оның маңында болғанәркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк” деп дабысталды.

9.

“Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.”

10.

“Таяғынды таста!” Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте,бүрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. “Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымдапайғамбарлар қорықпайды.”

11.

“Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандыктан кейінжақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.”

12.

“Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын;Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бірел.”

13.

Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: “Бұл ашықжады” деді.

14.

Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық,менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр!

15.

Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар:”Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық” деді.

16.

Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: “Әй адамдар!Бізге құс тілі тйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбеттеашық бір артықшылық.”

17.

Сүлеймөн (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстарданәскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.

18.

(Ол, бұлармен) ақыр құмырысқаның ойпатына келген сәтте,бір құмырысқа: “Әй құмырысқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлерісендерді білмей жаншып, кетпесін” деді.

19.

Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлдіде: “Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әріөзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңныңарасына кіргіз!”,- деді.

20.

(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: “Бәбісекті негекөрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?”,- деді.

21.

“Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесемаған бір ашық дәлел келтірсін.”

22.

Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: “Сен білмеген нәрсенібілдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім.” деді (Сәба: Йеменмемлекеті. Ж.Б.К.)

23.

“Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әртүрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар.” (Шахыл қызы Былқыс қатын патшаеді. Б.М.К.Р.)

24.

“Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім.Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жолтаба алмайтын көрінеді.”

25.

(Сәжде аяты бар.) “Көктер мен жердегі көместі көрнеугешығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерінбілетін Аллаға неге сәжде қылмайды?”

26.

“Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ.”

27.

(Сүлеймен Ғ.С.): “Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсіңбе? Көреміз” деді.

28.

“Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылыптұрып күт. Не жауап қайтарар екен?”

29.

(Былқыс): “Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды”деді.

30.

“Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланыңатымен» (бастаймын” дейді.)

31.

“Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрдекеліңдер!”,-(делінген.)

32.

“Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша,бір іске шешім жасамаймын” деді.

33.

Олар: “Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән.Қане не бұйырасың!”,- десті.

34.

(Патша, оларға): “Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекеткекірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді” деді.

35.

“Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы нежауап қайтаратындығын күтемін.”

36.

(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: “Сендер мағанмалмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы.Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар” деді.

37.

“Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкерменбарып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады.”

38.

“Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оныңтақтын маған қайсының әкелесіңдер?”,- деді.

39.

Жындардан бір ғыприт: “Оны орныңнан тұруыңнан бұрынкелтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін” деді.

40.

Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, неХызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): “Оны кірпік қағуыңнанбұрын келтіремін” деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанынкөрген сәтте: “Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба,мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлікетсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт.”

41.

(Сүлеймен Ғ.С.): “Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер меекен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен?Көрейік” деді.

42.

Былқыс келгенде: “Тагың осындай ма еді?”,-делінді. Ол:”Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік”деді.

43.

Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынындаолар, кәпір елден еді.

44.

Оған: “Сарайға кір!” делінді. Оны көргенде, су деп ойлап,балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): “Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалгансарай” деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтанБылқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткенекенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым.” деді.

45.

Расында Сәмүд еліне: “Аллаға құлшылық қылыңдар” (десіндеп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып,тартысты.

46.

“Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдерме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер” деді.

47.

Олар: “Біз, сен және сенімен бірге болғандардыңсалдарынан сәтсіздікке ұшырадық” деді. (Салих Ғ.С.): “Сәтсіздіктерің Алланыңқасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер” деді.

48.

Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтінтоғыз кісі бар еді.

49.

Солар Алланың атымен анттасып: “Салихты семьясымен түндежоқ етіп, сосын жақындарына: “Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анықшын айтамыз дейік.”,- десті.

50.

Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбегенжерден шарасын көрдік.

51.

Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын біркөр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік.

52.

Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білгенелге бір ғибрат.

53.

Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық.

54.

Лұт (Ғ.С.) ты да жібердік. Сол уақытта еліне: “Сендеркөре тұра арсыздық істейсіңдер ме?”,- деді.

55.

“Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдерме? Әрине сендер надан елсіңдер!”

56.

Сонда елінің жауабы: “Лұттың семьясын кенттен шығарыңдар.Өйткені олар, тазасынған кісілер” деу, ғана болды.

57.

Сонда Лұт (Ғ.С.) ты да үй-ішін де жоқ болатындарданболуын ұйғарған қатынынан басқасын құтқардық.

58.

Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердіңжауыны нендей жаман!

59.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлемАлланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсыма?”,- деп сұра!

60.

Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыржаудырып, онымен сендер бір агашын да өсіре алмайтын әдемі бақшаларды өсіргенкім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олар шектен шыққан ел.

61.

Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендерағызып, оған асқар таулар жасаган және екі теңіздің арасына жік жасаған кім?Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.

62.

Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп,қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламенбірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер.

63.

Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолғасалатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім?Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тымжоғары.

64.

Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетінкіи? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма?(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер” де.

65.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Көктер мен жердегі көместі Алладанбасқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді” де

66.

Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расындаолар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр.

67.

Сондай қарсы келгендер: “Біз де аталарымыз да топырақболғаннан кейін (қабырдан тіріліп,) шығарыламыз ба?”,- деді.

68.

“Расында осы құқай бізге де бұрынғы аталарымызға дажасалды. Негізінде бұл бұрынғылардьің аңызынан басқа еш нәрсе емес.”

69.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Жер жүзінде кезіңдер де күнәкарлардыңсоңы қалай болғанын көріңдер” де.

70.

“Оларға күйінбе де олардың айлакерліктеріне тарылма.”

71.

“Егер шын айтушы болсаңдар, бұл уәде қашан?”,- дейді.

72.

Оларға: “Асығып тілеген азаптарыңның кейі сендердіөкшелеп тұрған болуы мүмкін” де.

73.

Күдіксіз Раббың, әлбетте адамдарға кеңшілік иесі. Бірақолардың көбі шүкір қылмайды.

74.

Сөз жоқ, Раббың әлбетте олардың көңілдеріндегіні декөрнеуге шығарғандарын да біледі.

75.

Жер-көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмес нәрсе жоқ.

76.

Расында бұл Қтран Израил ұрпақтарьгаа таласқаннәрселерінің көбін баян етеді.

77.

Күдіксіз Бұл Құран, мтміндер үшін анық тура жол, әріигілік.

78.

Расында Раббың олардың араларына ткім етеді. Ол өтеүстем, тым білуші.

79.

(Мұхаммед Ғ.С.) онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сенап-ашық бір шындық үстіндесің.

80.

Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бүрылып, қашқансаңырауларга да дауыс естірте алмайсың.

81.

Және де соқырды адасқан жағынан жолга салушы емессің.Сондай-ақ аяттарымызға иман келтіріп, өздері Мүсылман болған кісілерге ғанаестірте аласың.

82.

Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, оларүшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлдесенбегендіктерін айтады… (Бұл хайуанның шыгуы қияметтің белгілерінен. Б.М.К.Р.)

83.

Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жасынғаайналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады.

84.

Олар түгел келген шақта, (Алла): “Аяттарымды толықбілмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?”,- дер.

85.

Зұлымдықтары себепті оларға айтылган сөз бастарына келді.Сонда олар сөйлей алмайды

86.

Олар, ішінде тынықсын деп, түнді және көрілетін күндіздіжаратқанымызды көрмей ме? Сенетін ел үшін мұнда өнеге бар.

87.

Сүр үрілген күні, Алла қалаған біреулерден басқа;көктерде болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Алланыңалдына сүмірейіп келеді.

88.

тауларды көріп, табжылмай түр деп ойлайсың. Негізінде олБұлт тәрізді жүреді. (Бұл аят жердің айналатындыгын дәлелдейді. Б.А.) Бұл әрнәрсені берік жасаган Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді толықбіледі.

89.

Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар.Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады.

90.

Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінентасталады да: “Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар”(делінеді.)

91.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осықүрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға сондай-ақ Мұсылмандардан болуғабұйырылдым.” (де.)

92.

“Және де Құран оқуға бұйырылдым” Енді кім тура жолдаболса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: “Шынында менескертушілерден ғанамын” де.

93.

“Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерінкөрсетеді. Сонда оларды таныйсыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңненхабарсыз емес” де.