25. Фурқан

1.

Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына(жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары.

2.

Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылыпалмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оныңөлшеуін белгіледі.

3.

(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жаратаалмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшінежәне өлтіру, тірілту тагы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңіржасап алды.

4.

Сондай кәпірлер: “Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзішығарды, оған басқа ел де көмектесті” деп, олар орынсыз жала жапсырды.

5.

Және олар: “Ол Құран бүрынғылардың аңызы. Оны, бұлжаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады” деді.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Құранды көктер мен жердің сырын білетінАлла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді” де.

7.

Тағы олар: “Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарлардажүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?”,-десті.

8.

“Немесе оған (шаңырактан) бір қазына тасталса не оның біркоректенетін бақшасы болса еді.” Сөйтіп залымдар: “Сендер мүлде жадыланғанкісіге ересіңдер” деді.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Ендіолар жол таба алмайтын түрде адасты.

10.

Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы,астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасайалады.

11.

Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынғашығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік.

12.

Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оныңқайнап, күркірегенін естиді.

13.

Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарынабайлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды.

14.

“Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болудытілеңдер” (делінеді)

15.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшінсыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?”,- де.

16.

Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббыңміндетті түрде орындайтын бір уәде.

17.

Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табьінғандарынжинайды. Сонда олардан: “Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолданөздері адасты ма?”,- деп, сұрайды.

18.

(Ол табынылғандар): “Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені иеқылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. ТіптіСені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды” деді. (5-С.П6-П7-А.34-С.40-41-А.)

19.

(Табынғандарың); рас айтқандарыңды жасынға айналдырады.Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кімзұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз.

20.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарлардажүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынауқылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші.

21.

Сондай бізге кездесуді күтпегендер: “Бізге періштелернеге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек” деді. Расында олар өздерін-өздеріжоғары санады да тым шектен шығып кетті.

22.

Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуаныштыкүн болмайды. Періштелер: “Жоқ, сендерге қуаныш жоқ” дейді. (Не өздері: “Махрұмқалдық” дейді.)

23.

Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып,шашылған тозаңға айналдырамыз.

24.

Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығаржерлері өте көркем болады.

25.

Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғастытүрде түсіріледі.

26.

Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыркүн болады.

27.

Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай!Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді.

28.

“Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпағанболса едім…”

29.

“Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды.Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады.”

30.

Пайғамбар: “Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастапқойды” деді.

31.

Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық.Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады.

32.

Тағы кәпірлер: “Оған Құран бір-ақ жолда негетүсірілмеді?”,-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық.

33.

Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындьіқты жәнекөркем түсінікті әкелеміз.

34.

Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар,орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар.

35.

Рас Мұсаға Кітап беріп, Онымен бірге туысы Һарүнды уәзірқылдық.

36.

Сонда оларға: “Екеуің аяттарьімызды жасынға шығарған елгебарыңдар” дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық.

37.

Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шьіғарғанкезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақзалымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық.

38.

Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптегеннәсілдерді де…

39.

Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік.

40.

Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшырағанкентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үмітетпейді.

41.

(Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: “Алланыңжіберген Елшісі осы ма?”,- деп тәлкекке алады.

42.

Олар: “Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыражаздады” дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі.

43.

(Мұхаммед Ғ.С.) ойын, тәңір жасап алғанды (ойының құлыболғанды) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба?

44.

Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсыңба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.

45.

Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егерқаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (Көлеңке;күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады. Ж.М.Р.)

46.

Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық.

47.

Ол сондай Алла, сендерге түнді; киім, ұйқыны; тынығуетіп, күндізді; (кәсіпке) тарқау мезгілі қылды.

48.

Ол сондай Алла; рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып,самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық:

49.

Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандарменен көптеген адамдарды суару үшін.

50.

Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыражаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.

51.

Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік.

52.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құранарқылы ұлы күрес жаса!

53.

Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәттісүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады.

54.

Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжатқылды. Раббың күшті.

55.

Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтыннәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірдер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді.

56.

(Мұхаммед Ғ.С.) негізінде сені қуандырушы, қорқытушы,ғана қылып жібердік.

57.

Оларға: “Бүған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолынұстағысы келген кісіні ғана қалаймын” де.

58.

Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптеймақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады.

59.

Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындагыларды алтыкүнде жаратып сосын ғаршыны меңгерді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра.

60.

(Сәжде аяты бар.) Оларға: “Рахманға сәжде қылыңдар”делінсе: “Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейікбе?”,-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды.

61.

Сондай мол игілік иесі Алла, аспандагы жұлдыздардың орнынжаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.

62.

Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісіүшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды.

63.

Рахманың қүлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларғабілместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді.

64.

Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке түруменөткізеді.

65.

Олар: “Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабытұрақты” дейді.

66.

Шынында ол; орьнның да мекеннің де жаманы.

67.

Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық таістемей, осы орталықта тұрады.

68.

Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаөлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кімоларды істесе, күнәға жолығады.

69.

Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып,мүлде қалады.

70.

Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп,ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаөте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

71.

Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллағалайықты түрде қайтқан болады.

72.

Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздергекездессе, маңғазданып өтеді.

73.

Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы тгіт берілсе,оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді.

74.

Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, үрпақтарымызданкөзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”,- дейді.

75.

Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққабөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады.

76.

Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсыорын!

77.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса,Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтаназапқа душар боласыңдар” де.