24. Нур

1.

Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық.Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік.

2.

Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. ЕгерАллаға, ахирет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуініңжазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын.

3.

Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық.Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арамқылынды.

4.

Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар;кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардыңкуәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бүзықтар.

5.

Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, асажарылқаушы, ерекше мейірімді.

6.

Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбірайғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланыстытөрт рет Алланың атымен ант ішулері.

7.

Бесінші ретте; (ер): “Егер өтірік айтушылардан болсам,Маған Алланың лағынеті болсын!”,- (дейді)

8.

Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел детөрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады.

9.

Бесінші рет; (әйел): “Егер оның айтқандары шын болса,маған Алланың қаһары тисін!”,- (дейді.)

10.

Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса, (неболар еді?) Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана.

11.

(Пайғамбар Ғ.С. Бану Мұсталық соғысынан қайтқанда түнепкөшкен бір жерде Ғайша Р.А. түзге отырып келсе, мойнындағы алқасы жоқ. Сонықарап келгенше, көш жөнеліп кеткендіктен жұртта отырғанда қарауылда жүргенСапуан Мұғтал ұлы түйесіне мінгізіп, альп келеді. Сондықтан Ғабдолла Үбай ұлыт.б. лар өсек қылады. Ж.Б.М.Р.) Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзінжаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін хайырлы. Олардың әрбіреуі күнәтапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар.

12.

Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде хайыройлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді?

13.

Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куәәкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші.

14.

Егер сендерге дүние, ахиретте Алланың кеңшілігі,мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душарболар едіңдер.

15.

Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсеніайта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді.

16.

Егер оны естіген сәтте: “Бұны, біздің айтуымызғаболмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала” деген болсаңдар еді.

17.

Егер мүмін болсаңдар, Алла мүндайды мүлде қайтаістемеулеріңді насихаттайды.

18.

Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толықбілуші, аса дана.

19.

Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсыкөргендерге; дүние, ахиретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендербілмейсіңдер.

20.

Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. РасАлла өте жұмсақ, ерекше мейірімді.

21.

Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кімшайтанның іздеріне ерсе, Күдіксіз ол, ұятсыз-дықты, жамандықты меңзейді. Егерсендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтынедіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.

22.

Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына,міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп,кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла асажарылқаушы, ерекше мейірімді.

23.

Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар;дүние, ахиретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар.

24.

Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендерінеайғақ болады.

25.

Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді.Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі.

26.

Сұм әйелдер; сұм ерлерге, сұм ерлер; сұм әйелдергесондай-ақ игі әйелдер; игі ерлерге, игі ерлер; игі әйелдерге лайық. Бұлар,олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар.

27.

Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұхсат алмайыншаәрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Әринетүсінерсіңдер.

28.

Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұхсат бермейіншекірмеңдер. Егер сендерге: “Қайтыңдар” делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшінжақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі.

29.

Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар (қонақ үй сияқты.Ж.Б.М.К.Р.) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңдіде біледі.

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдергеқараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл оларүшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы.

31.

Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерінсақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерінкөрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары.Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін.Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына,аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылманәйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесеәйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және декөмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер,түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар.

32.

Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды, тұл ер,әйелдерді. Ж.Б.М.К.Р.) сондай-ақ қолдарыңдагы құл, күңдердің дұрыстарынүйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады.Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші.

33.

Үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігімен байытқанға дейінсуық жолдан сақтансын. Қолдарыңдағы (құл, күң) лардан хат тілегендерге, егероларда бір хайыр білсеңдер, хат келісімін жасаңдар. Әрі оларға Алланың өздеріңеберген малынан да беріңдер. (Құл, күңдердің қожайынына ақша төлеп, не бір қызметатқарып, азаттық алу үшін келісім жасап қолынан хат алу хақысы бар. Ж.Б.М.К.Р.)(Бұларға зекет те беріледі. 9-С. 6-А.) Өздері абыройлы болуды қалаған күңдеріңдідүние тіршілігінің пайдасы үшін жамандыққа зорламаңдар. Кім оларды зорласа; ондаАлла, ол зорланғаннан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Күнәсы зорлаушығаболады.)

34.

Рас сендерге ап-ашық аяттарды әрі сендерден бұрынғыөткендерден мысал және тақуалар үшін насихат түсірдік.

35.

Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы:Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектіңішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетгізәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұрүстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысалбереді. Алла әр нәрсені толық білуші.

36.

(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атыныңзікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді.

37.

Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намаздыорындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердіңқозғалатын күнінен қорқады.

38.

Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығынтіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді.

39.

Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты.Шөлдеген кісі оны су деп, ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе табаалмайды. Жанында Алланы табады. Ол, оның есебін толық көреді. Алланың есебі,жылдам.

40.

Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылықтәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған қараңғылықтар;бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмағанбіреудің жарығы болмайды.

41.

Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан қүстыңАлланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі.Алла олардың істегенін толық біледі.

42.

Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер деАлла жақ.

43.

Көрмейсің бе? Рас Алла, бұлттарды айдайды. Сосын оныңараларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынанжаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларынтүсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып,әкетеді. Нажағайдың жарқылы; көздерді әкете жаздайды.

44.

Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағыларүшін әрине ғибрат бар.

45.

Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурыменжүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Аллақалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.

46.

Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Аллақалағанын тура жолға салады.

47.

Олар: “Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық”дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иманкелтірмегендер.

48.

Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарынашақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.

49.

Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынғантүрде келеді.

50.

Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме?Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес.Олардың өздері залым.

51.

Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда,олардың сөздері: “Естідік, бой ұсындық” деу болады. Міне бұлар құтылушылар.

52.

Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладанқорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер.

53.

(Мұхаммед Ғ.С.! Мұнафықтар): “Егер әмір етсең (соғьісқа)әлбетте шығамыз” деп, Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: “Ант ішпеңдер!Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі” де.

54.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Аллаға, Пайғамбарына бағын” де. Егербағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер,өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, туражол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет.

55.

Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге;өздерінен бүрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақолар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, хауіп-қатерден кейін бейбітшіліккеайналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені шерік қоспайды. Кімбұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар.

56.

Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. ӘріПайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.

57.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы келгендер, жер жүзінде біздіәлсіретті деп, ойлама! Олардың орны тозақ, нендей жаман орын!

58.

Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі қүл-күңдер, әлі ержетпегенбалаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұхсат сұрап кірсін: Таң намазыныңалдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және ясту намазынан кейін. Сендер үшіносы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға даайып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. ОсылайшаАлла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

59.

Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұхсат сүрағандай рұхсатсұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толықбілуші, хикмет иесі.

60.

Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердіңзейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса,олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші.

61.

(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққакінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің,балаларыңның. Ж.М.Р.) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, яаға-інілеріңнің үйлерінен, я әпеке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңментуысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апаиларыңның үйлерінен, янағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттерінеие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірліктене жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе(Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!(4-С. 86-А.) Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әринетүсінерсіндер.

62.

Шын мәнінде мүміндер, сондай Аллаға, Пайғамбарына иманкелтіргендер, егер олар Пайғамбар мен бірге топты түрде бір істе болса,Пайғамбардаи ргхсат алмайынша кетпейді.(Мұхаммед Ғ.С.) рас сенен рұхсатсүрағандар; міне солар, Аллаға, Пайғамбарға иман келтіргендер. Қашан олар кейбіржұмыстары үшін сенен рүхсат сүраса, олардан қалағаныңа рұхсат бер. Және оларғаАлладан жарылқау тіле. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, аса мейірімді.

63.

Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруғаүқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі.Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жантүршігерлік азап келуінен сақтансын.

64.

Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі.Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жагынақайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі.