23. Му’минун

1.

Шынында иман келтіргендер құтылды.

2.

Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.

3.

Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (25-С. 72-А.)

4.

Олар, зекеттерін береді.

5.

Олар, ұятты жерлерін сақтайды.

6.

Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгісжоқ.

7.

Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектеншығушылар.

8.

Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.

9.

Олар, намаздарына ұқыпты.

10.

Міне солар, мұрагерлер.

11.

Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагерболады.

12.

Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.

13.

Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық.

14.

Сосын тамшыны үйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек етжасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқабір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла.

15.

Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер.

16.

Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер.

17.

Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақжаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымызбар.)

18.

Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзінетоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.

19.

Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оныңішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.

20.

Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлыөсетін (зейтін) ді шығардық.

21.

Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендергеолардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (16-С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшінкөптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер.

22.

Мал және кеме менен тасымалданасыңдар.

23.

Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: “Әй елім!Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдарма?” деді.

24.

Онда елінің қарсы болған бастықтары: “Бұл өздерің сияқтығана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді.Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік” деді.

25.

“Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманғадейін тосыңдар.”

26.

(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларынақарсы маған нүсырат бер!”,- деді.

27.

Сонда оған: “Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса”деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстанбір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемегетүс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуғатиісті” деп уахи еттік.

28.

Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: “Барлықмақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән” де.

29.

“Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсыорналастырушысың” де.

30.

Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз.

31.

Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (7-С.69-А.)

32.

Оларға өздерінен жіберген елшіміз: “Аллаға құлшылыққылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?”,- (деді.)

33.

Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақБіз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: “Бұл өздеріңқұсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді” деді.

34.

“Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер;сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар.”

35.

“Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шынтіріліп, шығатындарыңды ескерте ме?”

36.

“Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ!”

37.

“Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз,кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз.”

38.

“Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оғансенбейміз.”

39.

(Һүд Ғ.С.): “Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы,нұсрат бер!”,- деді.

40.

(Алла): “Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды”деді.

41.

Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындығаайналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын!

42.

Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық.

43.

Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете,кейіндете алмайды.

44.

Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік теәр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды,бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтенұзақ болсын!

45.

Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашықдәлелдерімізбен жібердік.

46.

Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өркөкірек ел еді.

47.

Олар: “Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екіадамға сене кетейік пе?”,- десті.

48.

Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді.

49.

Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітапбердік.

50.

Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты,бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық,Мысыр. Ж.Б.М.К.Р.)

51.

Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілікістеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін.

52.

Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Мененғана қорқыңдар. (2-С. 213-А.)

53.

Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гүрүппаөз алдарындағысына мәз болды.

54.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойыншатастап қой.

55.

Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды:

56.

Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма?Олай емес. Олар, түсінбейді.

57.

Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді.

58.

Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді.

59.

Олар, Раббыларына серік қоспайды.

60.

Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректеріқорқып, бергендер;

61.

Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оныңозаттары.

62.

Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымыздашындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Оларзұлымдық көрмейді.

63.

Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз жәнеолардың бұдан өзге де істеген істері бар.

64.

Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта оларзар илейді.

65.

“Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көреалмайсыңдар.”

66.

“Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатынедіңдер.”

67.

“Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер”

68.

Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бүрынғыаталарына келмеген нәрсе келді ме?

69.

Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оғанқасарыса ма? (Негізінен олар: “Мұхаммед Әмин: сенімді Мұхаммед” деп, бала жастантолық сенім артқан, өмірінде еш өтірік айтпаған, биязы мінезді, сондай-ақешкімнен оқымаған бола тұра даналықтың ең кемеліне ие екенін жақсы біледі.Ж.Б.К.М.Р.)

70.

Немесе: “Онда бір жындылық бар” дей ме? Олай емес. Оларғашындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды.

71.

Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әринекөктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіткелтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды.

72.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңныңсауабы хайырлы. Ол, ризық берушілердің ең хайырлысы.

73.

Әрине сен оларды тура жолға шақырасың.

74.

Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар.

75.

Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ тақасаруларында абыржып кете береді.

76.

Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсалболмады әрі жалбарынбады.

77.

Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олароның ішінде күдер үзеді.

78.

Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты.Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар.

79.

Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Аллатарапына жиналасыңдар.

80.

Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуыОған тән. Ал ойламайсыңдар ма?

81.

Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады.

82.

Олар: “Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та расқайта тірілтілеміз бе?”,- деген

83.

“Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға дажасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана.”

84.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер білсеңдер, жер жүзі және жержүзінде болғандар кімдікі?”,- де.

85.

Олар дереу: “Алланікі” дейді. “Ал сонда да зерсалмайсыңдар ма?”,- де.

86.

“Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?”,- де.

87.

Дереу: “Алла” дейді. “Сонда да қорықпайсыңдар ма?”,- де.

88.

“Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзіқорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?”,-де.

89.

Олар дереу: “Алла” дейді. “Ал онда қалайшажадыландыңдар?”,- де.

90.

Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлдеөтірікші.

91.

Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондайболғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдікқылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк.

92.

Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардыңқосқан ортақтарынан үстем.

93.

(Мұхаммед): “Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбеттемаған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең,)

94.

“Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!”,- де.

95.

Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелугеде шамамыз келеді.

96.

Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесінжақсы білеміз.

97.

“Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын” де.

98.

“Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын…”

99.

Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: “Раббым! Менідүниеге қайтар!”

100.

“Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін.” Әстеолай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайтатірілетін күнге дейін бөгет бар.

101.

Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық(байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (70-С. 10-А.)

102.

Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне соларқұтылушылар.

103.

Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерінзиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады.

104.

Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиыпқалады.

105.

“Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдарма?”

106.

Олар: “Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой”дейді.

107.

“Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкарболсақ; Шын залымбыз.”

108.

Оларға: “Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер”дейді.

109.

Құлдарымнан бір бөлім: “Раббымыз! Иман келтірдік, біздіжарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың”дейтіндер бар еді.

110.

Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларғакүлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді.

111.

Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққабөледім. Олар анық мұратқа жеткендер…

112.

Алла, оларға: “Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?”,-дейді.

113.

Олар: “Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардансұра” дейді. (30-С. 55-А.)

114.

“Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар” дейді.

115.

“Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізгеқайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”,- дейді.

116.

Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол,ардақты ғаршының Раббы.

117.

Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса,рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды.

118.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сенмәрхамет етушілердің ең жақсырағысың” де.