22. Хаж

1.

Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расындақияметтің сілкінісі үлкен нәрсе,

2.

Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбірбуаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізіндеолар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты.

3.

Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады дақасарысқан шайтанға ілеседі.

4.

Негізінде кім шайтанды дос көрсе; ол, оны адастырып,тозақ отына бастайды деп жазылған.

5.

Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуденкүдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейінүйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңдібілдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз.Соңында бөбек ттрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтысболып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің еңнашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ,құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді.

6.

Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. КүдіксізОл, өлікті тірілтеді. Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді.

7.

Әлбетте қиямет келеді. Онда Күдік жоқ. Шәксіз Алла,қабырдағыларды тірілтеді.

8.

Адамдардың кейі; білімсіз, жолбасшысыз және сәуле берушікітабы да жоқ. Алла жайында таласады.

9.

Алланың жолынан адастыру тіпін тоң мойындық істейді. Оғандүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде, жандырушы азаптың дәмін таттырамыз.

10.

“Бұл бұрыннан қолекі істегендеріңнің сазайы.” РасындаАлла құлдарына зұлымдық қылушы емес.

11.

Адамдардан Аллаға немқүрайды құлшылық қылатындар бар.Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да егер оған біркесір тисе; жалтарып, дүние, ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян.

12.

Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтыннәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу.

13.

Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады.Әрине нендей жаман қожайын! Нендей жаман сыбайлас!

14.

Күдіксіз Алла, иман келтіріп, түзу іс істегендерді,астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында Алла қалағанын істейді.

15.

Кім; Алла, дүние, ахиретте пайғамбарға әсте жәрдеметпейді деп, ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын соны кессін декөрсін. (Буынып, өліп көрсін.) Оның бұл амалы ызаланған нәрсесін келтіре ала ма?(Ж.Б.М.К.Р.)

16.

Сөйтіп Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. РасАлла,қапағанын тура жолға салады.

17.

Расында иман келтіргендер, Яьуди болғандар, Сабилар,Христиандар, Мәжүсилер және Аллаға шерік қосқандар, күдіксіз Алла, осылардыңарасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ.

18.

(Сәжде аяты бар.) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға;көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар жәнеадамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Аллакімді қорласа, сонда оны, ешбір қүрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағаныністейді.

19.

Осы, Раббылары жайында таласқан екі әріптес: Қарсыболғандарға, оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су қүйылады.

20.

Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі.

21.

Олар үшін темірден күрзілер болады.

22.

Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайтаитеріледі де: “Жандырушы азаптың дәмін татыңдар!”,-(делінеді.)

23.

Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендерді,астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжубілезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады.

24.

Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолынасалынғандар. (Көркем сөз: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ж.Б.М.К.Р.)

25.

Шынында қарсы болғандарға, Алланың жолынан сондай-ақ Біз;оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжід Харамнантосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерліказаптың дәмін таттырамыз.

26.

Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) ды Кағбаның орнына: “Мағанешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып,құлшылық қылушыларға таза ұста” деп, орналастырған едік.

27.

Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбіралыс жолдардан саған келеді.

28.

Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздерінеберілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. (Қүрбан шалсын.) Оданөздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер.

29.

Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып,ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын.

30.

Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа;сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдыгы білдірілгеннен басқамалдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бтттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтіріксөздерден сақтаныңдар. (І6-С.116-А.)

31.

Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортаққосса; Сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа желұшырып кеткен нәрсе сияқты.

32.

Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол,жүректің тақуалығынан.

33.

Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңаболады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады. (Қашан шалынғанға дейінмінуге, артуға, төлінен, сүтінен, жүнінен пайдалануға болады. Ж.Б.М.К.Р.)

34.

Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланыңғана атын атап, қүрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір.Сондықтан Соған бой үсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр.

35.

Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді.Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібеміздентиісті орынға жұмсайды.

36.

Түйе, сиырды (Б.М.К.Р.) сендер үшін; Алланың белгілері(қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оғанАлланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса)жеңдер де мұхтажға да мұхтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін;малды еріктеріңе бердік.

37.

Ешқашан қүрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді.Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. (Араптар жаһилиет заманында Кағбаныңқабырғасына қүрбанның еттерін асып, қандарын жағатын. Б.М.К.Р.) Сендерге туражол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік.(Мұхаммед Ғ.С.) жақсылық істеушілерді қуандыр.

38.

Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла,бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді.

39.

Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа үшырағандарға, соғысуүшін рұхсат берілді. Күдіксіз Алланың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді.

40.

Олар, сондай жазықсыз: “Раббымыз Алла” дегендіктеріненғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла; адамдарды, бірін-бірі арқылықорғамаса, Манастырлар, Шіркеулер, Яьудилердің құлшылық орындары және ішіндеАлланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер қүлатылар еді. Кім Алла жолынажәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем. (2-С.251-А)

41.

Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намаздыорындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізіндеістердің соңы Аллаға тән.

42.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар, сені жасынға шығарса, расолардан бүрын Нұх (Ғ.С.) тың елі және Ғад, Сәмүд елі де жасынға шығарғанболатын.

43.

Сондай-ақ Ыбырайым (Ғ.С.) елі және Нұх (Ғ.С) елі де.

44.

Сондай-ақ Мәдяндықтар да жасынға шығарып, Мұса да жасынғашығарылған еді. Сонда ол кәпірлерге мұрса беріп барып,сосын қолға алдым. Танымауқалай екен?

45.

Қаншалаған залым болған кенттерді типыл қылдық. Міне ол,үсті-астына түсіп жатыр. Және иен қалған қүдық, ойран болған сарай.

46.

Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінержүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақкөкіректеріндегі жүректері соқыр.

47.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді.Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендерсанайтын мың жылмен тең.

48.

Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мүрса беріп барыпсонан соң қолға алдым. Әрине барар жері де Біз тарап.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй адамдар! Шын мәнінде мен сендергеашық ескертуші ғанамын” де.

50.

Ал иман келтіріп, түзу іс істегендер, оларға жарылқау әріқұрметті несібе бар.

51.

Сондай аяттарымызды бұзуға тырысқандар, міне солартозақтық.

52.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбаржіберген болсақ, қашан ол үміттенсе, үмітіне шайтан күдік салды. (Немесе қашанол оқыса, оқуына шайтан күдік салды. Ж.Б.М.К.Р.) Алла шайтанның салатынын жойып,сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

53.

Шайтанның салатынын; жүректері қатайғандарға, сынақ үшін.Залымдар, әрине ұзақ бір қайшылықта.

54.

(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бірхақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. КүдіксізАлла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды.

55.

Сондай қарсы келгендер, өздеріне кенеттен қиямет келгенгенемесе сәтсіз бір күннің азабы келгенге дейін үнемі Құраннан күдіктенуде.

56.

Сол күні, иелік Аллаға тән. Олардың араларына үкімжүргізеді. Сонда иман келтіргендер, ізгі іс істегендер, бақытты жаннаттардаболады

57.

Қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар, мінесоларға қорлаушы азап бар.

58.

Ал Алла жолында босқандар, сосын өлтірілген немесеөлгендер, әлбетте Алла оларға көркем несібе береді. Күдіксіз Алла, әрине Ол,несібе берушілердің жақсысы.

59.

Алла оларды разы болатын орынға кіргізеді. Рас Алла, асабілуші, өте жұмсақ

60.

Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген болатұра; ол, қайта бұған соқтыкса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла,аса кешірімді, өте жарылқаушы.

61.

Міне шын мәнінде Алла, түнді күндізге қосып, күндіздітүнге қосады. Күдіксіз Алла, әр нәрсені естиді, көреді.

62.

Міне күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында олардың Алладан өзгесиынғандары ол, босқа. Рас Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы.

63.

Көрмейсің бе? Рас Алла, көктен жаңбыр жаудырып, жердіжасылдыққа айналдырды. Шәксіз Алла, өте мұлайым, толық білуші.

64.

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Шынында Алла,өте бай, аса мақтаулы.

65.

Рас Алланың, жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүргенкемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуінтоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіргеуші,аса мейірімді.

66.

Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонанкейін және тірілтеді. Расында адам баласы нәсүкір.

67.

Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық.(5-С.48-А.) Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын.Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің.

68.

Егер олар сенімен таласса: “Алла, не істегендеріңді жақсыбіледі” де.

69.

Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскеннәрселер жайында үкім береді.

70.

Алланың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе?Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаға оңай.

71.

Олар, Алладан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және олжөнде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін,бір жәрдемші болмайды.

72.

Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердіңжүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассалажаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Енді сендерге бұдан да жаманның хабарынберейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орьн!”,-де.

73.

Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақсалыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлыгы жиылса да әсте бір шыбынжарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан онықұтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар.

74.

Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады.Алла аса күшті, өте үстем.

75.

Алла, періштелерден де адамдардан да елшілер ғанабелгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші.

76.

Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі.Сондай-ақ барлық іс Аллаға қайтады.

77.

Әй иман келтіргендер! рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңағибадат қылыңдар. Және хайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар.

78.

Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Олтаңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы.Алла бүрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің деадамдарға куә болуларың үшін, “Мұсылман” деп атады. Енді намазды толықорындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие.Нендей жақсы жәрдемші!