21. Əнбия

1.

Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, оларкәперсіз бет бұруда.

2.

Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертудімүлде ойыншық етіп қана тыңдайды.

3.

Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: “Бұлсендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?”,- (деп күңкілдесті.)

4.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Раббым; жер, көктегі сөйленгендібіледі. Сондай-ақ Ол, толык естуші, білуші” деді.

5.

Олар: “Олай емес. бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзініңжасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынгы елшілерше бір белгі келтірсін”деді.

6.

Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иманкелтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме?

7.

Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғанажіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар.

8.

Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық.Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес.

9.

Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып,оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та шектен шығушыларды жоқ еттік.

10.

Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік.Сонда да түсінбейсіңдер ме?

11.

Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та одан кейінбасқа ел жараттық.

12.

Сонда олар азабьмызды сезген сәтте, ол жерден қашабастады.

13.

“Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар.Мүмкін сұраласыңдар” (деді.)

14.

Олар: Өкінішке орай біз залым екеміз” деді.

15.

Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқаайналдырғанға дейін сенбеді.

16.

Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қыпжаратпадық.

17.

Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақөз қасымыздан-ақ жасап алар едік…

18.

Егер етірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді десонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендейөкініш.

19.

Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оғанқұлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды.

20.

Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды.

21.

Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктердітірілте ме?

22.

Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді,әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасандысипаттарынан пәк.

23.

Ол, істегендерінен сұралмайды да олар сұралады.

24.

Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма?(Мұхаммед Ғ.С.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардыңКітабы және менен бурынгылардың Кітабы” де. Олай емес, олардың көбі шындықтыбілмейді. Сондықтан олар жалтарады.

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған:”Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” депқана уахи етіп, жібердік.

26.

Сонда олар: “Алланың баласы бар” деді. Алла одан пәк.Олай емес, періштелер ардақты қүлдары. (Олар періште Алланың қыздары дейтінеді.)

27.

Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оныңәмірін ғана орындайды.

28.

Алла олардың өткенін де келешегін де біледі. Олар,Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннантітірейді.

29.

Олардан кім: “Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, онытозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз.

30.

Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді.Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме?Сондай-ақ сенбей ме?

31.

Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық.(16-С. 16-А) Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.

32.

Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса, мұндағыбелгілерден бет бұрады.

33.

Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты.Әрқайсысы өз айналасында жүзеді.

34.

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік(өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма?

35.

Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйгесаламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар.

36.

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңдімүлде тәлкектеп: “Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?”,- дейді. Сондай-ақ оларөздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы.

37.

Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімдікөрсетемін. Менен тез тілемеңдер.

38.

Олар: “Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?”,-дейді.

39.

Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де арқаларын дақорғай алмайтын мезгілді білсе еді.

40.

Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерінабыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрса да берілмейді.

41.

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сондамазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен.

42.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сендерді күндіз-түні Алладан кімарашалай алады?”,- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда.

43.

Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма?Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды.

44.

Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейінпайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткеніміздікөрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма?

45.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде сендерге уахи арқылыескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді” де.

46.

Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе,олар: “Нендей өкініш! Біз залым екеміз” дейді.

47.

Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз . Сонда ешкімәділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір үрық түйірінің салмағындай болса да оныәкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз.

48.

Рас Мұса мен Һарүн (Ғ.С.) ға жақсы-жаманды ажырататын,тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік.

49.

Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтенүрейленеді.

50.

Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған дақарсы келесіңдер ме?

51.

Рас, бүрын Ыбырайым (Ғ.С.) ға да туралық берген едік.

52.

Сол уақытта ол; әкесіне, еліне: “Мына сендер шоқынғанмүсіндер не?”,- деді.

53.

Олар: “Біз аталарымызды осыған табынған түрдетаптық.”,-деді.

54.

(Ыбырайым Ғ.С.): “Рас сендер де аталарың даадасудасыңдар” деді.

55.

Олар: “Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап, жүрсіңбе?”,- деді.

56.

“Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың, көктер менжердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын”деді.

57.

“Аллаға серт етемін! Сендер бұрылып кеткеннен кейінәлбетте бұттарыңа соқтығамын” (деді.)

58.

Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп,үлкенін ғана қойды.

59.

Олар: “Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залымекен” десті.

60.

“Ыбырайым деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенінестідік” десті.

61.

“Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер”десті.

62.

“Әй Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедіңбе?”,-десті.

63.

“Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлейалатын болса, олардан сұраңдар” деді.

64.

Олар өзара: “Шынында сендер залымсыңдар” десті.

65.

Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: “Расында бұлардыңсөйлемейтінін білесің ғой” деді.

66.

“Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиянкелтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?”

67.

“Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Ендіде түсінбейсіңдер ме?”,- деді.

68.

Олар: “Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымдыөртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер” десті. (Олар, Ыбырайымның қол-аяғын байлап,”мүнжанық” деген атқы арқылы отқа атарда Жебрейіл (Ғ.С.) келіп: “Бір хажетін барма?”,- дегенде: “Саған хажетім жоқ” дейді. “Онда Раббыңнан тіле!”,- дегенде:”Өзіне халім мәлім. Алла маған жетеді, Ол нендей жақсы ие” деп, нағыз Аллағағана сиынады. Б.М.Х.)

69.

“Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол” дедік.

70.

Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақөздерін сәтсіздікке ұшыраттық.

71.

Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жергежеткіздік.

72.

Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яғқүпты бердік. Бәрінде түзу кісілер еттік.

73.

Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып,оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізгеқұлшылық қылушы еді.

74.

Лұт (Ғ.С.) қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтінкенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді.

75.

Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді.

76.

Бұрын жалбарынған Нұх (Ғ.С.) тың тілегін қабыл етіп, оныәрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік.

77.

Оны, аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық.Өйткені олар, сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық.

78.

Дауыт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдіңқойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. (ДауытҒ.С.: “Егін иесі қойды алсын” деп билік қылғанда; баласы, Сүлеймен: “Қой иесіегінді бағып, жетілдіргенге дейін қой егін иесінде тұрсын” дейді. Б.М.Р.)

79.

Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен деәрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дауыт (Ғ.С.) пен бірге Алланыдәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік.

80.

Дауыт (Ғ.С.) қа сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасауөнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме?

81.

Сүлеймен (Ғ.С.) ге қатты желді бағындырдық. Оныңәмірімен, біз мүбарак қылған жерге жүреді. (Сүлеймен (Ғ.С.) нің тағы желменұшып; Шамға, Йеменге дейін баратын еді. Б.К.Р.Х.Ж-Қ.) (34-С. 12-А. 38-С. 36-А.)

82.

Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан дамойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік. (34-С.12-А.)

83.

Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: “Маған бір бәле келді. Сенмәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды.

84.

Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып,Сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын және олармен бірге біресе артық мәрхамет етіп, бердік. (Алла сынамаққа балаларын, мал-мүлкін алып,құрт ауру берсе де қабақ шытпай сабыр еткендіктен; науқасынан айықтырып,бүрынғыдан екі есе әулет, дәулет береді. Ж.Б.М.К.Р.Х.)

85.

Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (Ғ.С.) дерге де (мәрхамет еткенедік.) Солардың барльіғы да сабырлы еді.

86.

Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар,игілерден еді.

87.

Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды дабіздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтыңқарнында): “Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде менқателесушілерден болдым” деп, жалбарынды. (37-С. 138-А.) (Айтқанына көнбегенеліне, ашуланып, бет алды кетіп, бір кемеге отырғанда балық жұтады. Б.М.К.Р.Х.)

88.

Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иманкелтіргендерді сөйтіп құтқарамыз.

89.

Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: ” Раббьм! Мені жалғызқойма. Сен ең жақсы мұрагерсің” деп жалбарынды.

90.

Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхяны бердік. Әрі жұбайынжасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға үмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасындатілейді де бізге бәйек болады.

91.

Сондай абыройын қорғаған (Мәрям) ға рүхымыздан үрледік.Сондай-ақ өзін де ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық.

92.

Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың.Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар. (Алланы бірлеуші бүкіл пайғамбарларкелтірген дін, Ислам діні. Сондықтан бір-ақ үмметсіңдер. Ж.Б.М.Р.К.)

93.

Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығыбізге қайтады.

94.

Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істөсе, оның еңбегібосқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз.

95.

Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес.

96.

Яжүж, Мажүж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін.(Хадис кітаптарында заман ақырға таяғанда: Яжүж, Мажүж шығатындығы білдірілген.Тәпсір Мадарік.)

97.

Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсыболғандардың көздері шарасынан шығып: “Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залынекенміз” дейді.

98.

Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтыңотынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер.

99.

Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы ондамүлде қалады.

100.

Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді.

101.

Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солартозақтан аулақ болады.

102.

Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ оларжаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады.

103.

Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да олардыперіштелер: “Міне бұл сендерге уәде етілген күн” деп қарсы алады.

104.

Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де,әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз.

105.

Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: “Жерге игі қүлдарыммұрагер болады” деп жаздық. (24-С.55-А.)

106.

Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бірұқтыру бар.

107.

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қанажібердік.

108.

“Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахиетілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?”,- де.

109.

Ал сонда егер олар жүз бұрса: “Сендерді тегісқұлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін” де.

110.

“Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі,жасырғандарыңды да біледі.”

111.

“Білмеймін. (Бәлкім бұл (мерзім) сендер үшін бір сынау,бір заманға дейін пайдалану шығар.”

112.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым, туралықпен үкім ет. Жасамасүреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді” деді.