20. Таhа

1.

Та Һа. (Ұғымын Алла біледі.)

2.

Саған Қүранды машақат үшін түсірмедік.

3.

Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.

4.

Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді.

5.

Ол Рахман, ғаршыны меңгерді.

6.

Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселерментопырақтың астындағы нәрсе Оған тән.

7.

Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да қүпияныда біледі.

8.

Ол Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оғантән.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме?(Мұса Ғ.С. жұбайымен Мәдяннан Мысырдағы шешесін көру үшін жолға шығады. Қараңғыбір қыс түнінде “Туа” ойпатына келгенде бір жағынан жұбайы толғатып, жолданадасып, қарлы бораннан қойлары ығып кетеді. Ж.Б.М.Р.К.Х.)

10.

Сол уақытта ол бір от көріп, уй-ішіне: “Тұрып тұрыңдар.Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жолкөрсетуші табармын” деді.

11.

Ол отқа барған сәтте: “Әй Мұса!” деп шақырылды.

12.

“Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиеттіТуа ойпатындасың”

13.

“Сені ұнаттым. Енді уахи етілгендерді тыңда”

14.

“Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан мағанқұлшылық қыл. “Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында.”

15.

“Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілінқұпиялаған қиямет анық еледі.”

16.

“Ендеше, сені; қияметке сенбей, көңілдері тартқанынаілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың.”

17.

Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?”

18.

(Мұса Ғ.С.): “Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларымажапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар” деді.

19.

“Әй Мұса! Оны таста!”,- деді.

20.

Оны тастады. Сонда ол, жылан болып жүрді.

21.

“Оны үста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз” деді.

22.

“Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжизаболып шықсын”

23.

Саған ірі мүғжизаларымызды көрсету үшін (еді.)”

24.

“Перғауынға бар. Өйткені ол, шектен шыққан.”

25.

(Мұса Ғ.С.): “Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!”,- деді.

26.

“Ісімді оңайластырғайсың!”

27.

“Тілімнің тұтықпасын шеше көр.”

28.

“Олар сөзімді түсінсін!”

29.

“Маған семыямнан бір уәзір қыл!”

30.

“Туысым Һарүнды,”

31.

“Ол арқылы арқамды қуатта!”

32.

“Оны істеріме ортақ қыл.”

33.

“Сені көп дәріптеуіміз үшін.”

34.

“Сені көп еске аламыз.”

35.

“Күдіксіз Сен бізді көресің.”

36.

(Алла): “Әй Мұса! Сенің тілегің берілді” деді.

37.

“Негізінде саған басқа да бір рет игілік еткен едік.”

38.

“Сол уақытта анаңның көкейіне тиісті нәрселер салғанедік:

39.

“Оны сандыққа салып, дәрияға тастап жібер; дәрия онықырға шығарып тастасын. Оны оған да Маған да дұшпан біреу тауып алсын.” “(ӘйМұса! Саған) көз алдымызда бағылуың үшін өз тарапымнан махаббат салдым.”

40.

“Сол уақытта әпекең барып: Сендерге оны бағатын біреукөрсетейін бе?”,- деді. Сонда сені, көз айым болып кейімеуі үшін анаңақайтардық. Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік тесынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ жылдар бойы Мәдян елінде тұрдың. Сосынбелгілі мерзімде қайтып келдің, әй Мұса!”

41.

“Сені Өзіме арнадым.”

42.

“Сен туысың (Һарүн екеуің) мұғжизаларымды апарыңдар. Меніеске алуда селқостық қылмаңдар.”

43.

“Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан.”

44.

“Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесеқорқар.”

45.

(Мұса мен Һарүн Ғ.С.): “Раббымыз! Оның өктемдік қылуынаннемесе шектен шығуынан қорқамыз” деді.

46.

(Алла Т.): “Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін,көремін” деді.

47.

“Екеуің барып: Біз, Раббыңның саған жіберген елшісіміз;ал енді Израил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Енді оларды қинама, сағанРаббыңның мұғжизасымен келдік. Есендік тура жолдағыларға болсын” деңдер.

48.

“Бізді жасынға шығарып, бет бұрғандарға азап болатындығыуахи етілді.”

49.

(Перғауын): “Әй Мұса! Раббыларың кім?”,- деді.

50.

(Мұса): “Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соңоны тура жолға салған” деді.

51.

(Перғауын): “Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің жағдайықандай?”,-деді.

52.

(Мұса Ғ.С.): “Олардың мәліметі Раббытмның қасындағыКітапта бар. Раббым жаңылмайды да ұмытпайды” деді.

53.

Ол сондай Алла. сендөр үшін жерді бесік қылып, ондасендергө жолдар ашқан және көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрліөсімдіктерден пар-парымен шығардық.

54.

Жеңдер де малдарыңды жайыңдар, Рас бұнда ақыл иелері үшінөнеге бар.

55.

Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз даекінші рет содан шығарамыз.

56.

Расында Перғауынға барлық мұғжизаларымызды көрсеттік.Бірақ ол жасынға шығарып бас тартты.

57.

“Әй Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару үшінкелдің бе?”,- деді,

58.

“Әрине біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. Ендеше бізбенөз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз дө сен де айнымайтын ыңғайлы бір орынболсын” деді.

59.

(Мұса Ғ.С.): Табысатын уақтымыз мерекө күнгі ел жиналатынсәске болсын” деді

60.

Сонда Перғауын бұрылып кетті де сиқыршыларын жинап келді,

61.

Мұса (Ғ.С) оларға: “Құрып-ақ қалыңдар! Аллаға өтірік жалажапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында кім жала жапсырса, мүлдезиянға ұшырайды” деді

62.

Олар өзара тартысып, жасырын кеңесті.

63.

Олар: “Бұл екеуі сиқыршы, сиқырлары арқылы сендердіжерлеріңнен шиғаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды” десті.

64.

“Сондықтан барлық сиқырларыңды жинап, сосын қатарланыпкеліңдер. Расында бүгін кім үстем болса, мұратқа жетеді,”

65.

Олар: “Әй Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе бізбұрын тастайық” деді.

66.

(Мұса Ғ.С.): “Жоқ, сендер тастаңдар” деді. Сол сәтте,олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ғажүрген жылан болып сезілді.

67.

Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңлінде бір қобалжу сезді.

68.

“Қорықпа! Сен үстем боласың” дедік.

69.

“Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарынжалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайдабарса да қүтылмайды” дедік.

70.

Сонда бүкіл сиқыршылар, сәждеге жығылып: “Мұса менҺарүнның Раббына иман келтірдік” деді.

71.

(Перғауын, сиқыршыларға): “Мен сендерге рүхсат беруденбұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол, сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен.Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шадырлата кесемін. Және сендердіқұрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенінжақсы білесіңдер” деді.

72.

Олар: “Бізге келген ашық мүғжизалардан сондай-ақ біздіжаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осыдүниеде ғана ықпал жүргізе аласың” деді.

73.

“Күдіксіз біз, қателіктерімізді және сен бізді зорлағансиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла (Т.) хайырлы датұрақты.”

74.

Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақбар: Онда ол, өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді.

75.

Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, мінесоларға жоғары дәрежелер бар:

76.

Астынан езендер ағатын Ғадын бақшалары; Олар, онда мәңгіқалады. Пәк болған кісінің сыйлығы осы.

77.

Расында Мұсаға: “Құлдарымды (Израил үрпақтарын)түнделетіп, алып кет; оларға теңізде құрғақ жол аш. Олардың қуып жетулеріненқорықпа да шошыма!”,- деп уахи қылдық.

78.

Сонда оларды қуған Перғауын мен әскерлерін теңіз басып,ішіне алды.

79.

Перғауын, елін адастырып, тура жолға салмаған еді.

80.

Әй Израил үрпақтары! Өздеріңді дұшпандарыңнан құтқарып,Түр тауының оң жағын сендерге уәде қылдық. Сондай-ақ сендерге, Мәнна, Сәлуанытүсірдік.

81.

Біз сендерге берген таза ризықтан жеңдер. Бүнда шектеншықпаңдар. (Өйтсеңдер.) Сендерге ашуым түседі. Ал кімге ашуым түссе, расында солжоқ болады.

82.

Өйткені; Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілікістеп, тура жолда болса; әлбетте жарылқаймын. (Мұса Ғ.С. елінен сайлап алғанжетпіс кісімен Тұр тауына жүргенде, олардан оза жүрген екен. 7-С155-А.)

83.

“Әй Мұса! Сені қауымыңнан не асықтырды?”

84.

(Мұса Ғ.С): “Олар артымда, Раббым, разы болуың үшін Сағанасықтым” деді.

85.

(Алла): “Рас Біз, сенен кейін еліңді сынадық. Сондай-ақоларды, Сәміри жолдан шығарды” деді.

86.

Сонда Мұса (Ғ.С.) ашуланып, кейіген түрде, еліне қайттыда: “Әй елім! Раббыларың сендерге жақсы уәде қылмап па еді? Сендерге уәде ұзақкелді ме? Немесе өздеріңе Раббыларыңның қаһары келуін қалап, уәдемнен айныдыңдарма?”,-деді.

87.

Олар: “Уәдеңнен өздігімізден таймадық. Бірақ бізге, олелдің сәндік-бүйымдары артылған еді. (Алып шыққан едік.) Сонда оларды отқасалдық. Осылайша Сәміри де салды” деді.

88.

Сонда Сәміри, оларға; мөңіреген бір бузаудың мүсініншығарды да олар: “Сендердің де Мұсаның да тәңірі осы. Бірақ ол жаңылды” десті.

89.

Олар оның өздеріне жауап қайтармағанын сондай-ақ оларүшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емес екендігін көрмей ме?

90.

Рас бұрын Һарүн да оларға: “Әй елім! Шынында сендер осыарқылы сыналдыңдар. Күдіксіз Раббыларың мейірімді. Сондықтан маған еріп, әмірімебой ұсыныңдар!”,- деген еді.

91.

Олар: “Мұса бізге қайтқанға дейін бұған табынудантапжылмаймыз” десті.

92.

(Мұса Ғ.С.): “Әй Һарүн! Бұлардың адасқанын көргенде,артымнан келуіңнен сені тосқан не? Немесе әміріме қарсы келдің бе?”,- деді.

93.

94.

(һарүн): “Әй анамның ұлы! Сақалым мен шашымды ұстамашы.Израил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді елемедің деуіңнен қорықтым”деді. (7-С.150-А)

95.

(Мұса Ғ.С): “Әй Сәміри! Жә, сенің істегенің не?”,- деді.

96.

(Сәміри): “Олар көрмеген бір нәрсе көрдім. Елшінің(Жебрейіл Ғ.С.) ізінен бір уыс топырақ алып, оны ішіне салдым. Оны маған нәпсімжақсы көрсетті” деді.

97.

(Мұса Ғ.С.): “Енді кет! Өмірің бойынша: “Маған жұғыспа”деп өтесің. Күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар. Бұлжымай табынғантәңіріңе қара! Әлбетте оны өртеп сонан соң дәрияға тастап жібереміз.”

98.

“Тәңірлерің Алла ғана. Одан басқа ешбір Тәңір жоқ. біліміәр нәрсені сидырады.”

99.

(Мұхаммед Ғ.С.) өстіп, саған кейбір болып өткенуақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ саған өз қасымыздан Құранды бердік.

100.

Кім Құраннан бет бұрса, сонда күдіксіз оған қияметкүнінде күнә жүктеледі.

101.

Олар ол бейнетте мүлде қалады. Олар үшін қиямет күнінендей жаман жүк.

102.

Сүр үрілген күні, күнәкарларды көздері көгерген түрдежинаймыз.

103.

Олар араларында: “Дүниеде он-ақ тәулік тұрдық” депсыбырласады. (23-С. 113-А.)

104.

Олардың не айтқандарын жақсы білеміз. Олардық еңтуралары: “Дүниеде бір-ақ күн тұрдыңдар” дейді.

105.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен таулардың жайынан сұрайды.Сонда оларға: “Раббым тозаң қылып, ұшырып жібереді” де.

106.

Оны теп-тегіс жазық қылады.

107.

Сен онда ешбір қия не томпақ көрмейсің.

108.

Олар; қиямет күні, шақырушыға еш бұрылмай ілеседі.Сондай-ақ Рахманның алдында дауыстар бәсеңдейді. Тіпті сыбдырдан басқаныестімейсің.

109.

Сол күні Рахман рүқсат берген, сөзін жақтырғаннанбасқаның шапағаты пайда бермейді.

110.

Өйткені Алла, олардың алдарындағыны да арттарындағыны дабіледі. Басқалар оны толық білмейді.

111.

Тірі, меңгеруші (Алла) ге бастар иіледі. Кім зұлымдықарқаласа, қор болады.

112.

Ал кім иман келтірген түрде түзу іс істесе, сонда олжамандықтарының артуынан, жақсылықтарының кемуінен қорықпайды.

113.

Осылайша Құранды Арапша түсіріп, онда түрлі ескертулербаян еттік. Мүмкін олар сақтанар. Немесе оларға үгіт пайда қылар.

114.

Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. (Мұхаммед Ғ.С.)саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: “Раббым, білімімдіарттыр!”,- де.

115.

Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Онытөзімді таппадық.

116.

Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай бас тартты.

117.

Сонда Адамға: “Күдіксіз осы, саған да жұбайыңа да дұшпан.Екеуіңді жаннаттан шығарып жібермесін. Сонда машақат тартасыңдар” дедік.

118.

Күдіксіз сен жаннатта, аш-жалаңаш қалмайсың.

119.

Сондай-ақ онда шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді.

120.

Ақыр шайтан оған азғыру жүргізіп: “Әй Адам! Сағанмәңгілік ағашын және таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?”,- деді.

121.

Сонда екеуі, одан жеді. Дереу үятты жерлері көрінді.Сондықтан екеуі де үстеріне жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (Ғ.С.)Раббына күнәкар болып, жолдан тайды.

122.

Сонан кейін Раббы оны есіркеп, тәубесін қабыл етіп, туражолға салды.

123.

Бір-біріңе дұшпан болған бойда жаннаттан түгел түсіңдер.Егер екеуің тарапымнан бір туралық келіп, кім тура жолыма ілессе, сонда оладаспайды да машақат тартпайды.

124.

Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тартұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз.

125.

“Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында менкөретін едім” дейді.

126.

(Алла): “Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келгенеді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың” дейді.

127.

Ал міне сөйтіп, шектен шыққан, Раббының аяттарына иманкелтірмеген кісіні жазаландырамыз. Әрине ахирет азабы әрі қатты әрі тұрақты.

128.

Оларды жұрттарында жүріп жүрген өздерінен бұрынғы Біз жоқеткен нәсілдер (дін үлгісі) жолға салмады ма? Рас мұнда ақыл иелеріне өнеге бар.

129.

Егер Раббыңнан бекітілген сөз; белгіленген бір мерзімболмаса, әрине істері біткен болар еді.

130.

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардың айтқандарына сабыр ет. Күншығудан бұрын да батудан бұрын да Раббыңды мақтай пәкте. Кеш мезгілдерінде жәнекүндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің.

131.

Біз олардың кейбіреуіне сынау үшін берген дүниетіршілігінің ғана сәні түріндегі нәрселерге көзіңді сүзбе. Раббыңның несібесіхайырлы да тұрақты.

132.

Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Бізсенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән.

133.

Олар: “Бұл, Раббынан бір мүғжиза неге келтірмейді?”,-деді. Оларға, бұрынғы кітаптарда ашық дәлелдер келмеді ме? (Бұрынғы Інжіл,Тәуратты және т.б. кітаптарды қамтыған Бұл Құран, осал бір мүғжиза ма?Ж.Б.К.М.Р)

134.

Егер бізге бір елші жіберген болсаң, қор және сорлыболудан бұрын аяттарыңа көнер едік” дер еді.

135.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Бәріміз де соңын күтеміз. Алсендер де күтіңдер. Таяуда кімнің тура жолға ие екендігін, кімнің тура жолтапқандығын білесіңдер” де.