1. |
Кәф Һә Иә ‘Айн Сад. (Ұғымын Алла біледі.) |
2. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкерия (Ғ.С.) ғамәрхаметінің естелігі. |
3. |
Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынғанеді. |
4. |
“Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен сағанқойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді. |
5. |
“Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер болаалмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бірмұрагер бере көр.!” |
6. |
“Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына дамұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!” |
7. |
(Алла): “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылықуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.” |
8. |
(Зәкерия): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайымкемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді. |
9. |
“Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай.Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді. |
10. |
“Раббым маған бір белгі бер” деді. (Алла): “Сенің белгің:сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың” деді. |
11. |
Сонда (Зәкерия) михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кешАлланы дәріптеңдер” деп нұсқады. |
12. |
“Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналықберген едік. |
13. |
Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалықбердік. Өзі де тақуа еді. |
14. |
Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емеседі. |
15. |
Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатынкүні амандық болсын. |
16. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақыттаол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. |
17. |
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді.Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адамбейнесінде көрінді. |
18. |
(Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллағасиынамын” деді. |
19. |
(Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілгенРаббыңның елшісімін” деді. |
20. |
Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша балаболады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. |
21. |
(Жебірейіл Ғ.С.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың:”Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұлбіткен бір іс еді” деді. |
22. |
Мәриям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жергекетті. |
23. |
Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да:”Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді. |
24. |
(Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнанбір бұлақ жаратты” деп дабыстады. |
25. |
“Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрматүседі” (деген үн келді.) |
26. |
Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреукөрсең: “Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адамменсөйлеспеймін” де. |
27. |
Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: “Әй Мәриям!Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің” деді. |
28. |
“Әй һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең дежаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді.” |
29. |
Мәриям баланы көрсетті. Олар: “Бесіктегі бір бөбекпенқайтып сөйлесеміз?”,- деді. |
30. |
(Бала): “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп,пайғамбар қылды” деді. |
31. |
“Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігімбойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды.” |
32. |
“(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқарқылмады.” |
33. |
“Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп,тұрғызылатын күнім де амандық болады.” |
34. |
Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағыАлланың хақ сөзі. |
35. |
Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлдепәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған “бол” дейді. Сонда ол, болақалады. |
36. |
“Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің деРаббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы.” |
37. |
Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсыболғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш. |
38. |
Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақзалымдар, бүгін ашық түрде адасуда. |
39. |
(Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, оларүшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт. |
40. |
Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Жәнеолар біз жаққа қайтарылады. |
41. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал.Негізінде ол турашыл пайғамбар еді. |
42. |
Сол уақытта әкесіне: “Әй әкетайым! Естімес, көрмес,сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?”,- деді. |
43. |
“Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді.Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын.” |
44. |
“Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллағақарсы болған.” |
45. |
Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанғадос болып, қалуыңнан қорқамын.” |
46. |
Әкесі: “Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба?Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол”деді. |
47. |
(Ыбырайым Ғ.С.): “Саған амандық болсын. Сені Раббымныңжарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді” деді. |
48. |
Мен сендерден де Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араныашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнанүміткермін.” |
49. |
(Ыбырайым Ғ.С.) олардан, олардың Алладан өзгетабынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысынпайғамбар қылдық. |
50. |
Оларға рахметімізден бағыш етіп, оларды әр тілде жоғарыбағалаттық. |
51. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Расол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді. |
52. |
Оған Тұр тауының оң жағынан дыбыстап, сөйлесу үшінөзімізге жақындаттық. |
53. |
Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіпбердік. |
54. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Ысмайыл (Ғ.С.) ды есіңе ал.Шынында ол, уәдесіне берік әрі жіберілген бір пайғамбар еді. |
55. |
Үй-ішіне, намазбен зекетті орындауды бұйыратын еді.Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді. |
56. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыдырыс (Ғ.С.) ды ескер.Өйткені, ол шыншыл бір пайғамбар еді. |
57. |
Оны жоғары орынға көтердік. |
58. |
Міне бұлар, Алла, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар.Адам (Ғ.С.) ның және Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынанәрі Ыбырайым (Ғ.С.) және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдағанкісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждегежығылады (Сәжде аяты) |
59. |
Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып,нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайынтартады. |
60. |
Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу ісістесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді. |
61. |
Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен(Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады. |
62. |
Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Жәнеоларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар. |
63. |
Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететінпейіш осы. |
64. |
(Жебрейіл Ғ.С.): “Раббымның әмірімен ғана түсеміз.Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббыңұмытпайды. |
65. |
Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы.Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқаАлла бар ма?) |
66. |
Адам баласы: “Мен өлген уақытта тіріліп, ортағашығарыламын ба?”,-дейді. |
67. |
Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емесекенін ойламай ма? |
68. |
Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз.Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз. |
69. |
Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсыкелгенін ортаға шығарамыз. |
70. |
Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз. |
71. |
Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкімболмайды. (Бұл) Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім. |
72. |
Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақтажүгіндіріп қоямыз. |
73. |
Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер,(байлықтарын салғастырып) мүміндерге: “Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы,жиналыста көркем?”,- деді. |
74. |
Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар,дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді. |
75. |
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Кім адасқан болса, Алла онымүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте,олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі” де. |
76. |
Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады.Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап тұрғысынан жақсы да нәтиже бойыншақайырлы. |
77. |
(Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: “Әлбетте мағанмал, бала беріледі” дегенді көрдің бе? |
78. |
Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма? |
79. |
Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азаптыарттырған сайын арттырамыз. |
80. |
Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізгежалғыз келеді. |
81. |
Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды. |
82. |
Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып,өздеріне теріс келеді. |
83. |
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткісалатын шайтандарды жібердік. |
84. |
Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз. |
85. |
Сол күні, тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түріндежинаймыз. |
86. |
Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз. |
87. |
Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат етукүшіне ие бола алмайды. (2-С.555-А.) |
88. |
Олар: “Алла, бала иемденді” десті. |
89. |
Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер. |
90. |
Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсежаздайды: |
91. |
Аллаға бала ұйғарғандықтарынан. |
92. |
Негізінен Аллаға бала лайық емес. |
93. |
Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді. |
94. |
Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі. |
95. |
Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді. |
96. |
Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге; Алла,сүйіспеншілік береді. |
97. |
(Мұхаммед Ғ.С.) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып,қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік. |
98. |
Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардыңешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе? |