18. Кəhф

1.

Барлық мақтау құлына (Мұхаммед Ғ.С. ға) Құранды түсіргенАллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады.

2.

Өте түзу Құран; Алланың қасынан; Қатты азаппенүрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін(түсірілді.)

3.

Олар, онда (жаннатта) мәңгі тұрады.

4.

Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін(түсірді.)

5.

(Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің неаталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлдеөтірік айтады.

6.

(Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынанкейіп, өзіңді жоя жаздайсың.

7.

Біз адам баласының қайсысы жақсы ғамал істейді деп сынауүшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық.

8.

Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлдешөл топырақ ете аламыз.

9.

(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлықбелгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы Дақянұс патшаныңзлымдығынан қашқан адамдар; “Кәһф”; солардың бекінген үңгірі. “Рақим”; солардыңаты-жөні жазылған тақтай. Т.б. рауаяттар бар…)

10.

Сонау заманда жігіттер үнгірге бекіндіде: “Раббымыз!Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді.

11.

Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы пердеқойдық. (Терең ұйқы бердік.)

12.

Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілінесептегендігін анықтау үшін оларды ояттық.

13.

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз саған олардың хабарын шынайы түрдебаян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықтыарттыра түстік.

14.

Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тікетұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әстежалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді.

15.

“Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар, оғанбайланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақкім бар?”, – деді.

16.

(Олар, өзара): “Әйте елдеріңнен де олардың Алладан өзгетабынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларыңрахметін шассын! Сондай-ақ сенде үшін істеріңде оңайлық әзірлесін”

17.

(Мұхаммед Ғ.С.) қарасаң; күн шыққан сәтте, үңгірлерініңоң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрередің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімдіоңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекшітаба алмайсың.

18.

Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Олардыоңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егероларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің.

19.

Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшінояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күннемесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңдыРаббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сондатамақтың қайсысы жақсы, көріп, сендеге одан көрек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылықістеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті.

20.

“Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, несендерді таспен атады немесе діндеріне қайтарады. Ол уақытта үнемі құтылаалмайсыңдар…”

21.

(Рауаят бойынша; олардың базарға барғаны, сауда алғандаБерген ақшасы, көне Дақянұс ақшасы екенін көргендер, бұл қазына тауып алған екендеп ойлап, патша сұрастырғанда: сонау Дақянұс дәуіріндегі қашқандар екенінбілген патша; елімен барып сөйлескеннен соң үңгірдегілер өліп, сонда жерленеді.Әл Ытқан, Табари.) Осылайша,Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігінәлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара оларжөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббыларыоларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешітжасап алайық” деді.

22.

Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісіиттері” деп, кейі. “Олар бесеу , алтыншысы иттері ” деп, кейі: “Жоқ, оларжетеу,сегізіншісі иттері иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі.Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшінешбіреуінен дәнеңе сұрама.

23.

Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа.

24.

Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын) ” (де.) Ұмытқан заман”Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін ” де.(Яһудилердің нұсқауы бойынша, Араптар; Мұхаммед Ғ.С. нан: Рұх; үңгірлеріне жәнеЗұлқарнайын туралы сұрағанда: “Алла қаласа” демей; “Ертең жауап берейін”дегендіктен уахи кешіккен екен.)

25.

Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды.(309 жыл болды.)

26.

“Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер менжердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладанөзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де.

27.

Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оныңсөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың.

28.

(Мұхаммед Ғ.С.) таңертең , кешке Раббыларына, Оныңдидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігініңсәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алуданкәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба. (6-C725-А.)

29.

“Бұл хақиқат (Құран) Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласасенсін. Расында Біз, залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ оты әзірледік.Егер олар су сұрап жалбарса, еріген Кен тәрізді беттерді қуыратын бір суберіледі. Ол нендей жаман сусын, әм нендей жаман орын.

30.

Иман келтіріп, дұрыс іс істегендердің және жақсы ғамалістеген кісінің еңбегін жоймаймыз.

31.

Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннатыбар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасылжібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап,нендей әлбет жастанатын орын! (Дүние дәулетіне мәз болып, Аллаға шерік қатып,ақиретті ұмытқат Патрос дегн кәпір мен тоқ мейіл Яһұза деген мұсылманныңжағыдайынан мысал беріліп отыр. Б.М.Р.Ж-Қ.)

32.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға екі адамның мысалын баян ет:Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарыменқоршап; екі бақшаның арасына егіндер өндірдік.

33.

Екі бақша да жемістерін берді. Одан ешнәрсе кемітпеді.Араларынан бұлақ ағыздық.

34.

Оның басқа кірімі де бар еді. Сонда ол, жолдасыменсөйлескенде: “Мен сенен мал жағынан молшылықта, әм бас жағынан да үстеммін”деді.

35.

Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: ” Тіптібұны жоқ болады деп ойламаймын” деді.

36.

“Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. МүбадаРаббыма қайтарылсым, әрине бұдан да орын табамын” (деді.)

37.

Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кеінбір тамшы Судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді)

38.

“Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді шерікқоспаймын”

39.

“Өз бақшаңа кірген сәтте; Бұл Алланың қалауы, Алладанбасқа ешбір қуат жоқ неге демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кемкөрсең де”

40.

“Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі,сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүұмкін”

41.

“Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп табаалмассың”

42.

Оның еңбектері еш болып, бақшасына өкініп, екі алақанынұйқалауға айналды да: “Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді ” деді.

43.

Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзінде құтқара алмады.

44.

Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық берутұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да хайырлы.

45.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: (Дүние тірлігі;) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы: Жердің өсімдіктерібір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырыпкеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі.

46.

Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатынжақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынанда жақсы.

47.

Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жеді жап-жазықкөресің. Және де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз.

48.

Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға:”Бастапта жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзімбелгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді.)

49.

Ғамал дәптері алдарына қойлады. Сонда күнәкарладың оданқорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкінім! Мына кітаптакішкенені де үлкенді де тастамай-ақ түгендепті ” дейді. Сондай-ақ оларістегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды.

50.

(Мұхаммед Ғ.С. ) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәждеқылыңдар “деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннанболған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен оны ұрпақтарын дос етіп,аласыңдар ма”” Олар болса, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру.)Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс!

51.

Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерінжаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткенемеспін.

52.

Қиямет күні; (Алла, кәпірлерге): “Өздеріңнің, Меніңшеріктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақолар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орынжасаймыз. (2-С. 166-А.)

53.

Күнәкарлар; тозақ отын көріп, сонда өздерінің оғантүсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды.

54.

Расында осы Құранды Адам баласы үшін әр нәрсені ашық-ашықбаян еттік. Ал Адам баласы, көп нәрселерде жанжалшыл.

55.

Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иманкелтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе,бұрынғыларға келген апаттың ; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарынакелуін тосулары.

56.

Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік.Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымыздыжәне ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады.

57.

Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрғанжәне бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расындаолардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайдақылдық. (Мұхаммед Ғ.С. ) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолғакелмейді.

58.

Раббың ; өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер олардықылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді.Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтынжер таба алмайды.

59.

Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік.Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік. ( Мұса Ғ.С. АлланыңБерген зор ғылымына ие құлы Хызыр Ғ.С. ға, екі теңіздің бірлескен жеріндекездесу үшін ; Юшақ ұлы Нұн екеуі жолға шығады. Б.Ж.М.Р.К.)

60.

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Екі теңіздің қосылғанжеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді.

61.

Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарынұмытты. Сонда балық , сырғып барып , теңізден жол алды.

62.

Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса (Ғ.С.) жігітіне:”Азығымызды әкелші ; әрине осы сапарымызда шаршадық” деді.

63.

“Көрдің бе? Тасқа дем алғанда, балықты ұмытқан екмін.Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізде жол алды”деді.

64.

(Мұса Ғ.С.): “Міне іздегеніміз осы” деп, екеуі ізіншеқайта қайтты.

65.

Сонда екеуі; өз тарапымыздан игілік беріп, өз қасымызданғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты.

66.

Мұса, (Ғ.С.) о кісіге: “Саған үйретілген даналықтан мағанда үйретуің үшін саған ерейін бе?”,-деді.

67.

“Расында сен менімен бірге болуға шыдая алмайсың” деді.

68.

“Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр етеаласың ?”,-(деді.)

69.

(Мұса Ғ.С.). “Алла қаласа, мені сабырлы табарсың .Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін” деді.

70.

“Ал онда маған ілессең, саған айтпайынша, менен еш нәрсесұрама” деді.

71.

Сөйтіп, екеуі жолға шықты да кемеге түсіп, оны тесебастады. (Мұса Ғ.С.): “Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсызістедің” деі.

72.

(О кісі): “Мен саған менімен бірге әсте сабыр етеалмайсың демедім бе?” деді.

73.

(Мұса Ғ.С.): “Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімдеқолайсыздық тудырма” деді.

74.

Екеуі тағы жолға шықты. Бір ұл бала кездесіп еді, (окісі) оны өлтірді. (Мұса Ғ.С.): “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе?Рас жаман іс істедің” деді.

75.

“Сен менімен бірге жүруге әсте шыдая алмайсың демедімбі?”, – деді.

76.

“Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдасқылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді.

77.

Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып,тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі,ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп; оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егерқаласаң, бұған жалақы алар едің” деді.

78.

“Мінне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Аленді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді.

79.

“Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оныақаулы еткім келді. Өйкені, ар жақтарында, әр (мықты) кемені тартып алатын патшабар еді”

80.

“Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның, әке-шешесінбас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық”

81.

“Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағымәрхаметті бір бала беруін қаладық”

82.

“Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оныңастында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісіболғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. БұлРаббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы,сенің сабыр ете алмаған істерің”

83.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды:”Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (Бұл Зұлқарнайын “екі мүйізді” дегенұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты,Ескендер, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген; Рұм, фарсы делінген т.б.рауаяттар бар. Ж.Б.М.К.Р.)

84.

Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық.Өзіне әр істе қолайлық бердік.

85.

О да бір шара қолданды.

86.

Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықтыбұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын,не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік.

87.

Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз.Сосын Раббына айдалып, Рабы оған қатты жаза береді” деді.

88.

“Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсысыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз”

89.

Бұдан кейін (шығысқа қарай) шара қолданды.

90.

Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдіңүстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (Баспаналары,киімдері жоқ еді.)

91.

Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз.

92.

Содан кейін тағы да бір шара қолданды.

93.

Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсінеалмайтын бір ел тапты.

94.

Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылықістеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?”деді. (Бұл; Азербайжан таулары. Яжұж, Мажұж; Япас ұрпағынан болған бір бұзақыел. Ж.Б.Р.К.М.Х.)

95.

Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендермаған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын”деді.

96.

“Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасытеңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мысәкеліңдер, үстіне құяйын” деді.

97.

Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады…

98.

(Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. ҚашанРаббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымныңуәдесі хақ” деді.

99.

Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз даСұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз.

100.

Ол күні тозақты кәпірлерге ақын көрсетеміз.

101.

Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары естиалмайтындар.

102.

Кәпірлер, Мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма?Расында тозақты, кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік.

103.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге қылығы бойынша зиянғаұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, – де.

104.

Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса:”Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды.

105.

Міне олар, Раббыларының аяттарына әрі Раббыларынажолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қияметкүні еш мән бермейміз.

106.

Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкеккеалғандықтары себепті жазалары тозақ.

107.

Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуісжаннаты, қонақ үй болады.

108.

Олар онда мәңгі қалады да өздері одан ауысуды қаламайды.

109.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшінтеңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздерітаусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де.

110.

“Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлеріңбір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе,сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін”де.