17. Исра

1.

Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілеріміздікөрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол,естуші, білуші.

2.

(Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан”Миғраж” уақиғасы. 53-С. 1-18-А.)

Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені иетұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық.

3.

Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздіңұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді.

4.

Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі реетбұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік.

5.

Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қаттыжауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұлорындалатын уәде еді.

6.

Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар,балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (Олардың бірінші астамшылығы;Тәуратқа қарсы келу, Шағяны өлтіру. Екіншісі: Зәкерия, Яхияны өлтіру және Ғисағақастандық. Жеңілістері: Санжарып, Бахтынасар, Жалұт дәуірлері. Жақсарғандәуірлері; Данял, Дәуіт дәуірлері. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.

7.

Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдертағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде ; беттеріңді бұзып,қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқанқылулары үшін (жібердік.)

8.

Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Бізде қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаћаннамды кәпірлерге зіндан қылдық.

9.

Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс ісістеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін шүйіншілейді.

10.

Рас ахиретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік.

11.

Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді.Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.

12.

Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісінкетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардыңсанын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашықбаян еттік.

13.

Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күніоның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі.

14.

“Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңежетесің” (делінді)

15.

Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолдажүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсінкөтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз.

16.

Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулетмастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз(үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.

17.

Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік.(Мұхаммед Ғ.С. ) Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады.

18.

Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниедеқалағанымызды береміз Сонсоң оны жаћаннамға саламыз. Ол, оған қорланып,мәрхаметке зақ болған түрде кіреді.

19.

Ал кім мүмін болған түрде, ахиретті қалап, сол үшінтырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық.

20.

(Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ахирет тілегеноларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды.

21.

Олардың кейбіоеулерін, кейбіреулерінен қалайша үстемқылғанымызға қара! Әрине ақирет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылықжағынан да тағы зор.

22.

Алламен бірге басқа тәңір жасама ! Онда қорланған түрдеотырып қаласың.

23.

Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешегежақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі дежандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ ол екеуінзекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.

24.

Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Олекеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де.

25.

Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егеригілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды.

26.

Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндеттітүрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар.

27.

Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңаөте қарсы.

28.

Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қола болғандықтан бере алмасаң ,) онда оларға сыпайы сөйле.

29.

Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа.(Өте сараң болма да бір-ақ берме .) Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың.

30.

Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп,тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші.

31.

Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Бізоларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік.(Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған..16-С.59-А.)

32.

Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаманжол. (Зинаға жұуымаңдар: “Соған бейімделетін әр түрлі әрекеттерден аулақболыңдар!”,- деген маңызда. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.

33.

Арам , арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болсаөлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік.Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі. (Өш әперіледі.)

34.

Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейінжақсылап шығысуға болады. Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады.

35.

Өлшегенде тура өлшеп, тура таразамен тартыңдар! Осыхайырлы нәтиже тұрғысынан да жақсы.

36.

Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ,көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.

37.

Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жараалмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың.

38.

Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жеккөрілген.

39.

(Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткенхикіметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтенқуылған түрде тозаққа тасталасың.

40.

Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерденқыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер.

41.

Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік.Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды.

42.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардыңайтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді.(Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді.)

43.

Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі.

44.

Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланыпәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын(пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы.

45.

(Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ахиреткесенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз.

46.

Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі жәнеқұлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алғанкезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді.

47.

Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын жәнеөзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер”дегендіктерін жақсы білеміз.

48.

Қара! Олар қандай мысалдар берді. (Ақын, сиқыршы, бақсы,жынды деді.) Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды.

49.

Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа біржаратылыспен қайта тірілеміз бе? “,-деді.

50.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Тас болыңдар” де

51.

“Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. (Қайтатірілтілесіңдер.) “Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақындаболатын шығар” де.

52.

Сендерді шақырған күні, Оны дәріптей қабылдап, (қабырда)аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар.

53.

Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтанараларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”

54.

Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа, мәрхамет етедіде қаласа, азап етеді. Сені оларға қорғаушы етіп, жібермедік.

55.

Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расындапайғамбардың біреулерінен,біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дауытқа Зәбұрдыбердік.

56.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге (тәңір деп)ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың, қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерденбұрып, жіберуге шамалары келмейді” де.

57.

Олардың сиынғандары; (періштелер, пайғамбарлар, жындар.К. Б.Ж.М.Р. ) Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді.(5-С. 35-А.) Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабысескенуге тиісті.

58.

Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесен қатты азапқаұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар, Кітапта (Лаухыл Махфұзда ) жазулы.

59.

Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаныжасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік.Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшінғана жібереміз.

60.

(Мұхаммед Ғ.С. ) бір кезде саған: “Негізінде Раббыңадамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді(Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) және Құрандағы қарғалған ағашты (44-С.43-А.) адамдарға бірсынақ қылдық. (Өйткені, Миғраж уақиғасына да тозақтағы Заққұм ағашына дасенбеген.) Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.

61.

Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәждеқылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай:”Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді.

62.

Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егермені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасынқырыма бір аламын” деді.

63.

(Алла): ” Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда расжазаларың жаћаннам болады. Толық бір жаза ” деді.

64.

“Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға,атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына,балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер. ” Негізіндешайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды.

65.

“Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббымуәкілдікте жетік.”

66.

Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібеіздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді.

67.

Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте,Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса,жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым нәсүкір.

68.

Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесесендерге тасты боран жіберуінен хауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушытаба алмайсыңдар.

69.

Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңныңсалдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендергеболысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.

70.

Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ олардықрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселерменқоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық.

71.

(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарыменбірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарыноқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды.

72.

Бұл дүниеде шындықты көрмегендер, ақиретте соқыр әріжолдан адасқан болды.

73.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, саған уахи еткенімізден басқанәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені достұтады.

74.

Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біразбейімдеуге жақындар едің.

75.

Егер ондай болса, саған тіршілікте де қайтыс болғаннанкейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемшітаба алмас едің. (Бұл аяттар, мүшріктердің Мұхаммед Ғ.С. ға келіп, кейбір діниережелердің өз қалауларына сәйкес орындалуын талап еткендіктеріне байланыстытүскен. Б.Ж.Р.Х.Т.Ж-Қ.)

76.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, түрткі салып, жерден(Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар, сенен кейін өте аз тұрады. (ОларғаМеккенің баяны болмайды.)

77.

Расында сененбұрын жіберегн елшілерімізде де жол осы еді.(Елшілерді қуғандар, опа таппаған еді.) Біздің жолымызда ешбір өзгерістаппайсың.

78.

Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы.(Бесін, екінті, ақшам және жашыйық намаздары.) Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таңнамазына періштелер де қатынасады. (Ж.М.К.Р. т.б.)

79.

(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпілоқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (Бұл зоршапағат орны. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)

80.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Мені (кірер жеріме) шындықпенкіргіз де (шығар жерімнен) шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмекет” де.

81.

“Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекернәрселер жойылады” де.

82.

Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол,залымдардың зиянын тым арттыра түседі.

83.

Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, біржағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді.

84.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. СондаРаббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де.

85.

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рұх) жан туралы сұрайды: “Ол,Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де.

86.

Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік.Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің.

87.

Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені,саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор.

88.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранныңұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіреалмайды” де.

89.

Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсеніңмысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсыкелді.

90.

Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін сағанәсте сенбейміз” деді.

91.

“Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сондаоның араларынан өзендер ағызып қоярсың”

92.

“Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түріндетүсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсі.”

93.

“Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанғашығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әстесенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласыПайғамбар ғанамын.” де.

94.

Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтіргенкезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, – деген сөздеріғана иман келтірулеріне бөгент болды.

95.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер,періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді,айт.

96.

Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынанжетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де.

97.

Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімдіадастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні,бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ,толастаған сайыноларға жалынын арттыра түсеміз.

98.

Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсыкелді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңаданжаратылып, тірілеміз бе?”, – деді.

99.

Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздерісияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бірбелгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлдеқарсы келді.

100.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметініңқазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әринеүнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де.

101.

Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік.(Таяқ, қолдың жарқырауы шегіртке, бит, қан, тастан су шығару, теңіздің жарылуыжәне Тұр тауының көтерілуі. Б.М.К…) (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрапқтарынан сұра:Мұса оларға келегн кезде; Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған депойлаймын” деген еді.

102.

Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердіңРабы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәніндемен, сені типыл болады деп ойлаймын”, – деген еді.

103.

Ақыр (Перғауын) Исраил ұрапқтарын мемлекеттен шығарғысыкелді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік.

104.

Одан кейін Исраил ұрапақтарына: “Бұл жерге (Мысырға)орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, Сендерді жинап әкелеміз” дедік.

105.

Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті.(Мұхаммед Ғ.С.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.

106.

Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдергеайырып, аз-аздап түсірдік.

107.

(Сәжде аяты бар.)

“(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрынөздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждегежығылады.

108.

Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесіорындалады” дейді.

109.

Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласынарттырады. (Бұлар; Кітап иелерінен Мұсылман болғандар. Ж.Р.Х.Ж-Қ.)

110.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман депатаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда; жариялаптақұпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста.

111.

“Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігіболмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық” де. Және Оны,өте ұлықта.