1.

Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуінтілемеңдер. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк те жоғары.

2.

Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен)құлдарынан қалағанына:”Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” депескертіңдер делінген түрде түсіріледі.

3.

Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқаншеріктерінен жоғары.

4.

Адам баласын бір тамшы судан жаратты. Сонда да ол ашықжанжалшыл

5.

Тағы малдарды жаратты: Малдар да сендерді жылытатын жәнебасқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер.

6.

Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізгенкезде,бір зауық бар.

7.

Малдар; жандарың қиналып, ерең қалаға жеткізетінжүктеріңді көтереді. Рас Раббыларың өте жұмсақ, ерекше мейірімді.

8.

Жылқыларды, қашарларды және есектерді мінулерің әрізейнет үшін жаратты. (Бірақ жылқы етін жеуге болады. Ж.Б.М.К.Т.)

9.

Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар.Егер Алла қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді.

10.

Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одансусын және ол арқылы малдарыңды жаятын орман шығарды.

11.

Алла, сендерге су арқылы егін, зәйтін, құрма ағаштары,жүзімдер және бүкіл өсімдіктер өсіреді. Тақ осында түсінетін ел үшін әринебелгілер бар.

12.

Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті.Жұлдыздар да Оның әміріне бағынысты. Тақ осында, ойланған қауым үшін әлбеттебелгілер бар.

13.

Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса,шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар.

14.

Және де Ол, сондай Алла, жас ет жеулерің үшін жәнекиініп, тағынатын сәндік-бойымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладанризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкірлікетесіңдер.

15.

Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар таулардыорналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты.

16.

Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты.)

17.

Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді детүсінбейсіңдер ме?

18.

Алланың нығыметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар.Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

19.

Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі.

20.

Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жаратаалмайды. Олар жаратылғандар.

21.

Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерінбілмейді.

22.

Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардыңжүректері қарсы. Сондай олар менменсушілер.

23.

Дау жоқ! Алла , олардың жасырғандарын көрнеу істегендерінбіледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді.

24.

Қашан оларға: “Раббыларың не түсірді?”,-дейді.

25.

Өстіп олар қиямет күні, өз күнәларының кейбіреуінкөтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман.

26.

Расында бұлардан бұрыңғылар да айлакерлік істеген.Сондықтан Алла, олардың құрылыстарының ірге тастарынан келіп, төбесі жоғарыданүстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді. (Бұл, НамрұттыңБабылда жасатқан, Алла тарапынан жібеілген жел құлатқан мұнараның мысалы.Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.)

27.

Сонсоң қиямет күні Алла оларды қорлайды да: “Сендердіңсол жайында таласқан ортақтарым қайда?”, – дейді.

28.

Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарыналрда: “Ешбір жамандық істемеп едік” деп мойынсал болады. Олай емес. Рас Алласендердің істегендеріңді жақсы біледі.

29.

Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жаћаннамның есіктеріненкіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман.

30.

Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”, –делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниедежақсылық бар. Әрине ақирет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендейжақсы.

31.

Олар, астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді.Сондай-ақ олар онда нені қаласа бар. Осылайша, тақуаларды Алла сыйлайды.

32.

Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарыналып: “Сендерге есендік болсын, ғамалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер” дейді.

33.

Қарсы болғандар, өздеріне (жан алғыш) періштелердіңкелуін немесе Раббыңның бұйрығының келуін ғана күте ме? Бұлардан бұрыңғылар даосылайша істеген болатын. Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ олар,өздеріне зұлымдық қылған еді.

34.

Сондықтан істеген кесірлері өздеріне тиіп, сондай-ақсайқы-мазақ қылған нәрселері өз бастарына жетті.

35.

Аллаға шерік қосқандар: “Егер Алла қаласа еді, біз деаталарымыз да Алладан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік. Әрі Оның бұйрығынсыз ешнәрсені арам етпес едік” деді. Осылайша, бұлардан бұрыңғылар да істеген. Сондаелшілерге ашық жалғастыру ғана міндет.

36.

Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар,бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік. Олардың кейбіреулерін Аллаоңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды. Ал енді жер жүзінде кезіңдер дежасынға шығарушылардың не болғанын көріңдер.

37.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардың оңғарылуына құштар болсаң дарас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ.

38.

Және де олар; “Алла, өлген біреуді тірілтпейді”деп,Алланың атымен қатты ант ішті. Олай емес. (Өлікті тірілту) Алланың шынуәдесі. Бірақ адамдардың көбі білмейді.

39.

Алла, оларға қайшылыққа түскен нәрселерін анықтау, қарсыболғандардың өтірікші екенін білдіру үшін (өліктерді тірілтеді.)

40.

Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған:”Бол” деу; сонда бола қалады.

41.

Сондай зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Алла жолындабосқандарды, дүниеде жайлы қонысқа орналастырамыз. Егер олар білетін болса,Ақиреттегі сыйлығы тағы үлкен.

42.

Олар, сондай сабыр етіп, Раббыларыңа тәуекел еткендер.

43.

(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да өздеріне уахи етіп,еркектерді ғана өзіне елдші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелеріненсұраңдар.

44.

Мұғжизалармен, кітаптармен (пайғамбарлар жібердік.) Сағанда адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине олартүсінер.

45.

Сондай мекерліктің жаманын істегендер, Алланың, өздерінжерге жұттыруынан немесе ойламаған жерден өздеріне азап келуінен хауіпсіз бе?

46.

Немесе олар кезіп жүргенде, өздерін апат алуынан бейбітболды ма? Онда олар қашып құтыла алмайды.

47.

Яки олар, өздері қорыққан апаттың алуынан алаңсыз болдыма? Шынында Раббыларың аса жұмсақ, ерекше мейірімді.

48.

(Сәжде аяты) олар Алланың жаратқан нәрселерінің оң жәнесол жақтардан ауытқып, Алла бас қойған түрде, олардың бой ұсынғанын көрмей ме?

49.

Көктерде және жерде болған әр жандық әрі періштелер,тәкапарланбай Аллаға сәжде қылады.

50.

Өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілгенбұйрықтарды орындайды.

51.

Алла (Т.): “Екі тәңір жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол,бір-ақ Тәңір. Ендеше. Менен ғана қорқыңдар” деді.

52.

Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайықұлшылық Аллаға тән. Алладан басқадан қорқасыңдар ма?

53.

Сендердегі әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиянжетсе, сонда оған жалбарынасыңдар.

54.

Сонан соң Ол, қиыншылықты айықтырған сәтте, бірбөлімдерің, Раббыларына ортақ қосады.

55.

Олар берген нығметтерімізге нашүкіршілік етеді. Әзіршепайдалана тұрыңдар, жедел білесіңдер!

56.

(Мүшріктер) өздеріне берген нәсібемізден, не екенінбілмейтін бұттарға сыбаға арнайды. Аллаға серт! Бұл жасама қылықтарыңнан әлбеттесұраққа тартыласыңдар.

57.

Тағы олар, Аллаға қыздарды ұйғарды. (Періштелерді Алланыңқыздары дейді.) Алла, одан пәк. Өздері үшін қалағанын (ұлды) арнайды.

58.

Егер, олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе, (әйелінің қызтапқанын естісе,) оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.

59.

Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елденжасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау ке рек пе?Ал, олар, нендей жаман үкім береді.

60.

Сондай ахиретке сенбеген үшін мысалдың жаманы болады.Мысалдың жоғарысы, Аллаға тән. Ол, үстем, хикмет иесі.

61.

Алла, адам баласын, олардың кесірлері себепті қолғаалатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалмас еді. Бірақ оларды белгілі бірмерзімге дейін кешіктіреді. Ал, қашан олардың олардың мерзімі келсе, Олар оны,бір сәтке кейіндете алмайды да ілгерілете алмайды.

62.

Олар өздері жек көрген (қыздар)ді Аллаға ұйғарып,тілдерімен, “Жақсы нәрселер өздеріне тән” деп өтірік айтады. Шәк жоқ! Оларғатозақ бар. Рас олар, сүйреліп барушылар.

63.

Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын даүмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбеткөрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар.

64.

Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерінанықтауың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік.

65.

Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, өлген жерді кейін оныменжандандырды. Негізінде бұнда тыңдаған қауым үшін әрине үлгі бар.

66.

Шын мәнінде сендер үшін малдар да, ғибрат бар. Малдыңқарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүттісендерге ішкіземіз.

67.

Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрікөркем көрек жасап аласыңдар. Рас мұнда ойлаған елге анық үлгі бар. (Араққатыйым салынудан бұрын түскен аят. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)

68.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштарданжәне лапастардан ұялар жасап ал!”, – деп нұсқады. (Жаратылыс қабылет берді.)

69.

“Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңныңқолайластырған жолына түс!” Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығакды. Ондаадам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар.

70.

Алла (Т.) сендерді жаратты және сендерді өлтіреді.Кейбіреулерің, білгеннен кейін білмейтін өмірдің қорына қайтарылады. КүдіксізАлла (Т.) толық білуші, аса күшті.

71.

Алла (Т.) несібеде, біріңнен-біріңді артық қылды. Сондайнесібелері артық етілгендер, қол астындағыларға бермейді. Сондай-ақ несібедеолар тең. Олар Алланың нығметіне қарсы келе ме?

72.

Алла (Т.) өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты.Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендердітап-таза нәрселеден ризықтандырды. Сонда да олар, бос нәрселерге сеніп, Алланыңнығметіне шүкірсіздік ете ме?

73.

Олар, Алладан өзге өздері үшін жер мен көктен бір ризыққаие болмайтын, және дәңеңеге шамалары келмейтін нәрсеге (пұтқа) шоқынады.

74.

Аллаға мысал бемеңдер. (Алланы еш нәрсеге теңемеңдер.)Негізінде Алла әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер.

75.

Алла бір мысал берді; біреудің иелігіндегі еш нәрсегешамасы келмейтін құл мен өзіне бізден көркем ризық берген, сонда ол, оданкөрнеу, көмес жұмсайтын біреулер тең бола ала ма? Барлық мақтау Аллаға тән.Бірақ олардың көбі білмейді.

76.

Тағы Алла (Т.) екі кісіні мысал келтірді; екеуінің бірісақау, шамасы түкке келмейді. Ол, қожайынына жүк. Оны қайда жұмсаса да хайыркелтірмейді. Міне осы, әділетті әмір етіп, тура жолмен жүрген кісімен тең бе?

77.

Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән. Қиямет сағатыкірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ. Сөзсіз, Алланың әр нәрсеге күші толықжетуші.

78.

Алла (Т.) сендеді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтінтүрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әринешүкіршілік етерсіңдер.

79.

Олар аспан бостығындағы бағынышты құсты көрмей ме? ОлардыАлладан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сонда иман келтірген қауымүшін әлбетте белгілер бар.

80.

Алла (Т.) сендерге үйлеріңді тұрақ қылды. Әрі сендер үшінмалдардың терілерінен, тасынған күндеріңде, отыррған күндеріңде жеңілпайдалануларыңа болатын баспаналар, жүндерінен, жабағыларынан әм қылдарынан бірмерзімге дейін тұтыну бұйымдарын, сауда заттарын пайда қылды.

81.

Алла жаратқандарынан көлеңкелер жасап, және тауларданықтасындар пайда қылды. Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер жәнесоғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Осылайша сендерге нығметтерінтамамдады. Әрине бой ұсынарсыңдар.

82.

Сонда да егер олар жалтайса, саған ашық түрде жалғастыруғана міндет. (Әй Елшім!)

83.

Олар Алланың нығметтеріне мойындайды да кейін оған қарсыкеледі. Негізінен олардың көбі қарсы.

84.

Қиямет күні, әр үмметтен бір айғақ жібереміз. Қарсыболғандарға рұхсат берілмейді де олардан жақсылық күтілмейді.

85.

Зұлымдық қылғандар, азапты көргенде, олардан жеңітілмейдіде оларға мұрса берілмейді.

86.

Аллаға шерік қосқандар, қосқан ортақтарын көрген сәтте:”Раббымыз! Сенен өзге сиынған ортақтарымыз осы” дейді. Олар: “Тіпті сендер мүлдеөтірікшісіңдер” деп, сөзді оларға тастайды.

87.

Олар, ол күні Аллаға бой ұсынады. Олардың жасандытәңірлері олардан ғайып болады.

88.

Сондай қарсы болғандарға және Алланың жолынантосқандарға, бұзықтық қылғандықтары үшін; қинау үстіне қинау арттырамыз.

89.

Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғқәкелеміз. (Мұхаммед Ғ.С.) сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақсаған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныштүрінде Құранды түсірдік.

90.

Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынғақарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды.Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер.

91.

Қашан серттессеңдер, Аллаға берегн серттеріңдіорындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар.Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі.

92.

Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағыанттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсағанболмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниедеқайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.

93.

Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді.Алайда, Алла кімді қаласа, адастырып кімді қаласа, тура жолға салады. Әлбеттеістегендеріңнен сұраласыңдар.

94.

Анттарыңды алдаауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берікбасылғаннан кейін тайып, Алланыңң жолынан тосқандықтарың үшін жамандығынтатасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар.

95.

Алланың антын арзымайтын нәрсеге айырбастамаңдар. Білетінболсаңдар, Алланың қасындағы ғана жақсы.

96.

Сендердің жандарыңдағы дүниелік түгейді де Алланыңқасындағы қалады. Әрине сабыр еткендердің сыйлығын, істеген істерінен дежақсырақ береміз.

97.

Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе,әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақсыйлық береміз.

98.

Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаға сиын.

99.

Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендергешайтанның бір үстемдігі болмайды.

100.

Шынында оның үстемдігі, оны дос тұтып Аллаға шерікқатушыларға ғана жүреді.

101.

Біз, бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезде, Алланені түсіргенін жақсы біледі. Алайда олар Пайғамбарға: “Сен анық жалақорсың”дейді. Олай емес. Олардың көбі түсінбейді.

102.

(Мұхаммед Ғ.С.) Жебірейіл, Құранды; шынайы түрде иманкелтіргендерді бекемдеу әм Мұсылмандар үшін туралық әрі қуаныш түрінде Раббыңтарапынан түсірді.

103.

Рас білеміз. Өйткені, олар: “Құранды Мұхаммедке бір Адамүйретеді ” дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Араптілінде.

104.

Шынында Алланың аяттарына сенбегендерді, Алла оңғармайды.Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.

105.

Шын мәнінде Алланың аяттарына сенбегендер, орынсызжасынға шығарады. Міне солар, жалғаншылар.

106.

Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуденбасқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілінимансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар. (Бұл аятбойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты біреудің зорлық көргенде қарсылық сөзайтуына болады. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.)

107.

Бұл жағдай, олардың дүниені, ақиретке балап жақсыкөрулерінің салдарынан. Шынында Алла, қарсы болған елді оңғармайды.

108.

Міне, бұлар сондай; Алла, олардың жүректерін, құлақтарынжәне көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде кәперсіз.

109.

Сөз жоқ! Олар ахиретте зиян тартушылар.

110.

(Мұхаммед Ғ.С.) негізінен Раббың; қапа көргеннен кейінбосқандардың , соғысқандардың және сабыр еткендердің (жары.) Күдіксіз Раббыңбұдан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

111.

Қиямет күні әркім өзін құтқаруға тырысады. Сондай-ақәркімге істегенінің бодауы беріледі.

112.

Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысалберді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсыкелді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық жәнехауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды. (Бұл Мекке кенті.Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)

113.

Расында оларға өздерінен пайғамбар келді де олар оныжасынға шығарды. Сондықтан ол залымдарды азап қолға алды.

114.

Ал, енді Алланың сендерге берген ризығыныңхалал,тазасынан жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар,Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар.

115.

Шын мәнінде сендерге жемтік, қан, доңыз еті және Алладанбасқаның атын алып бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса,шектен шықпаса, күдіксіз Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (2-С.173-А.)

116.

Тілдеріңнің “бұл арам,бұл халал” деп өтірік сипаттағанынайтпаңдар Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік, жалажапсырғандар, құтылмайды.

117.

Дүние аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар.

118.

(Мұхаммед Ғ.С.) Яћудилерге арам етілген нәрселерді бұрынсаған баян қылған едік. (6-С. 146-А.) Біз оларға әділетсіздік істемедік. Оларөздеріне зұлымдық қылды.

119.

(Мұхаммед Ғ.С.) сонсоң расында Раббың, білмей жамандықістеп, істерін түзелткендер жағында. Рас Раббың бұдан кейін де әлбеттежарылқаушы, ерекше мейірімді.

120.

Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) нағыз Аллаға бойсұнушы, хаққабейім бір басшы еді.

121.

Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла, оны таңдап,тура жолға салды.

122.

Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол, ахиретте деәлбетте игілерден болады.

123.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым(Ғ.С.) ның жолын қууыңды уақи еттік. Ол шерік қатушылардан болған емес.

124.

Шын мәнінде сенбі; ол жайында таласқандарға (мереке) күніқылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың, қиямет күні, олардың араларындағыталастарға үкім береді. (7-С.163-А.)

125.

Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгітарқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жолтапқандарды да жақсы біледі.

126.

Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәріздіғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, әрине Ол, сабырлылар үшін хайырлы болады.

127.

(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғанамәрхаметі. Оларға кейіме де олардың істеген мекерлеріне тарылма!

128.

Шынында Алла, тақуалармен сондай-ақ жақсылықістеушілермен бірге.