1.

Әлиф Ләм Ра. (Ұғымын Алла біледі.) Бұлар Кітаптың;ап-ашық Құранның аяттары.

2.

Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақеді” деп арман қылады.

3.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын;дәмелері айналдырсын. Оолар жуықта түсінеді.

4.

Ешбір жұртты, белгілі бір ерзімсіз әсте жоқ етпедік.

5.

Ешбір үммет ажалын ілгердете алмайды да кейіндетеалмайды.

6.

(Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран)түсірілген! Сен анық жындысың” деді.

7.

“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді негеәкелмейсің?”

8.

Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де солуақытта оларға мұрса берілмейді.

9.

Расында Құранды Біз қорғаушымыз.

10.

Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға даелші жібердік.

11.

Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкеек қылар еді.

12.

Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректерінекіргіземіз.

13.

Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрыңғылар да сөйтіпөткен болатын.

14.

Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығыпбара жатса:

15.

“Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланғанелміз” деседі.

16.

Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшінаспанды безедік.

17.

Сондай-ақ ол көкті, бүкіл қарғыс тиген шайтана қорғадық.

18.

Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады.

19.

Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық.Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік.

20.

Және жере сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындарүшін де күн көріс жасадық.

21.

Өйткені, біздіің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақбелгілі мөлшерде ғана түсіреміз.

22.

Пайдаы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып,сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар.

23.

Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақбарлығының мұрагері бізбіз. (28-С. 88-А.)

24.

Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақкейінгі келетіндер де бізге мәлім.

25.

(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, оларды (қияметте)жинайды. Өйткені, Ол, хикмет иесі, толық білуші.

26.

Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлапқұрғағанынан жараттық.

27.

Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз отттан жаратқанедік.

28.

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге:”Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді.

29.

Оның жаратылысын тамамдап, оған рұхымнан үрлеген (жансалған) сәтте, оған сәжде қылыңдар! (Бас иіңдер!)

30.

Сонда періштелер тұтас сәжде қылды.

31.

Бірақ, Ібіліс сәжде қылушылармен бірге болудан бастартты.

32.

(Алла Т.): «Әй Ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен біргеболмадың» деді.

33.

(Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп,сыңғырлағанынан жаратқан адамға сәжде етіме болмайды» деді.

34.

35.

“Шынында саған қиямет күніне дейін лағынет бар…”

36.

(Ібіліс): “Ендеше Раббым! Маған қайта тірілетін күнгедейін кеңшілік бер” деді.

37.

(Алла, Ібіліске): “Расында саған кеңшілік берілді” деді.

38.

“белгілі бір мерзімге дейін”

39.

(Ол): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін; әлбетте адамбаласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығынадастырамын” деді.

40.

“Бірақ, олардың ішіндегі нағыз құлдарыңды адастыраалмаймын” (деді.)

41.

(Алла): “Маған келетін тура жол осы” деді.

42.

“Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді. Бірақ, сағанкім ерсе, адасқандардан болады”

43.

“Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаћаннам”

44.

Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардан бір бөлегіайрылады.

45.

Сөзсіз тақуалар бақшаларда және бастауларда болады.

46.

Жаннатқа амандықпен кіріңдер!

47.

Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып,тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады.

48.

Жаннатта олар шаршамайды да одан шығарылмайды.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.) құлдарыма хабар бер. Күдіксіз Мен асажарылқаушы, ерекше мейірімдімін.

50.

Шын мәнінде азабым да күйзелтуші.

51.

Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт.

52.

Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп:”Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді.

53.

(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлмененшүйінілейміз” деді.

54.

(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма?Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, – деді.

55.

(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Ендікүдер үзушілерден болма!” деді.

56.

(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен, адасушыларданбасқа кім күдер үзеді?”, – деді.

57.

(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, – деді.

58.

(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік”деді.

59.

“Лұт (Ғ.С.) тың ссыбайластарын түгел құтқарамыз”

60.

“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типылболатындардан болуын ұйғардық”

61.

Елшілер, Лұт семьясына келгенде:

62.

“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді.

63.

(Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алыпкелдік” деді.

64.

“Біз саған нақты шындықты кетірдік. Әрине шын айтамыз”

65.

“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алыпжөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылғанжерге жете беріңдер”

66.

(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады”деген бұйрықты білдірдік.

67.

Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті.

68.

(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар”деді.

69.

“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…”

70.

(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, –деді.

71.

(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналарқыздарым” деді.

72.

(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарындадел-сал еді.

73.

Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды.

74.

Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тасжаудырдық.

75.

Күдіксіз осыда, қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар.

76.

Өйткені, ол жер, жол үсітнде еді.

77.

Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғыбрат бар.

78.

(Шұғайып Ғ.С. ның елі) Әйкеліктер де залым болған еді.

79.

Оларды да жазаландырдық. (Садұм, Әйке) екеуі де даңғылжол үстінде.

80.

Әлбетте (Саліћ елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынғашығарған еді.

81.

Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда, олар, одан бетбұрған еді.

82.

Олар, таулардан берік үйлер үңгіп алатын еді.

83.

Сонда оларды да таңменен ащы дауыс қолға алды.

84.

Олардың істеген еңбектерінің (мықты үйлерінің) өздерінебір пайдасы болмады.

85.

Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді біршындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңайбайқат.

86.

Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші.

87.

(Мұхаммед Ғ.С.) әлбетте біз саған қайталанып оқылатынжеті аятты (Фатиха сүресін) және ұлы Құранды бердік.

88.

Кәпірлердің кейбіреулеріне, біз пайдаландырған нәрселергекөз сүзбе. Оларға қамықпа. Мұсылмандарға қанатыңды жай.

89.

“Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін” де.

90.

Сөйтіп, бөлушілерге де Кітап түсірген едік. (Кітап иелерінемесе Меккеліктер. Б.Ж.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.)

91.

Олар, Құранды бөлшектегендер. (Інжіл, Тәуратқасәйкеспейді және өлең, сиқыр, бақсылық, ертегі т.б. деп тоғыз саққажүгірткендер.)

92.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт, әлбетте оларды түгелсұраққа тартамыз;

93.

Олардың қылған қылықтарынан.

94.

саған берілген бұйрықты ашық ұқтыр да шерік қатушыларданбет бұр.

95.

Рас сені мазақтаушыларға қарсы Біз жетіп асамыз.

96.

Алламен бірге басқа тәңір қылып алғандар, әлі-ақ біледі.

97.

Расында олардың айтқандарына көңліңнің тарайғанынбілеміз.

98.

Енді Раббыңды пәктеп, дәріптеп сәжде етушілерден бол.

99.

Раббыңа, саған өлім келгенге дейін құлшылық қыл.