14. Ибраһим

1.

Әлиф Ләм Ра. (Ұғымын Алла біледі.) (Мұхаммед Ғ.С.) БұлҚұран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстемәрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап.

2.

Ол сондай Алла, көктердегі және жердегі нрселер Онікі.Кәпірлерге болатын қатты азаптан нендей өкініш!

3.

Олар, сондай ақиретке қарағанда, дүние тіршілігін жақсыкөреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар, ұзаққаңғырыста.

4.

Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғанажібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол,өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед(Ғ.С.) бүкіл адам баласына, Алла тарапынан Елші екендігі даусыз. Арап тіліндетүскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді. Б.М.Р.Х.)

5.

Расында Мұса (Ғ.С.) ны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққашығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда;бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар.

6.

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алланың сендерге бергенырысын еске алыңдар. Өйткені, сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқарды.Олар, сендерді жаман қинаумен ұстаушы еді. Ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тіріқоятын еді. Міне, бұнда сендерге, Раббыларың тарапынан үлкен сынау бар.”

7.

Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыраберемін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады.

8.

Мұса (Ғ.С.): “Сендер және біртұтас жер жүзіндегі әркімқарсы келсеңдер дң Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық.”

9.

Сендерге өздеріңнен бұрыңғы Нұх, Ғад, Сәмүд жәнесондай-ақ олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Алла ғана біледі.Олаға пайғамбарлаы мұғжизалармен келген еді. Олар саусақтаын ауыздарына апарып(бармақтарын тістеп): “Шынында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз.Сондай-ақ сен бізді шақырған нәрсеге, әлбетте шәкте және күдіктіміз” деді.

10.

Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Аллажайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бірмерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар,пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздыңтабынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер”деді.

11.

Пайғамбарлары оларға: “Әрине біз сендер құсаған адамбаласымыз. Бірақ Алла (Т) құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді.Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. МүміндерАллаға ғана тәуекел етсін” деді.

12.

“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенімартпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше,Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді)

13.

Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: “Әлбетте сендердіжерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға,Раббылары: “Әлбетте залымдады типыл қыламыз” деп, уахи етті.

14.

“Әлбетте ол жеге олардан кейін сендерді орналастырамыз.Бұл хұзырымнан сескеніп, ескертуімнен қорыққандығы үшін…”

15.

(Пайғамбарлар) Алладан көмек тіледі де зорекерқасарысқанның барлығы зиянға ұшырады.

16.

Оларға оның артынан тозақ бар. Және іріңнің суыішкізіледі.

17.

Оны жұтуға тырысады, оны тамағынан өткізе алмайды.Сондай-ақ оған әр тараптан өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыразап келеді.

18.

Сондай Раббыларына қарсы келгендердің ғамалдарының мысал;Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды.Міне! Осы, ұзақ қаңғырыс.

19.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың көктер мен жерді шындық бойыншажаратқанын көрмедің бе? Егер қаласа, сендерді кетіріп, жаңадан халық келтіреді.

20.

Бұл Алла (Т.) ға елеулі жұмыс емес.

21.

Барлығы Алланың хұзырына шығып, сонда нашарлары,үлкенсігендерге: “Біз сендерге еріп едік. Ал сендер, бізден Алланың азабынан ешнәрсе кетіре аласыңдар ма?”, – дейді. Олар: “Алла бізді егер оңғарған болса еді,әрине біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та шыдасақ та бәрібір. Құтылар жеріміз жоқ” дейді.

22.

Іс біткен заман шайтан: “Расында Алла сендерге шындықтыуәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде,сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабылалдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқараалмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан дамені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім” дейді. Сөз жоқ залымдарға жантүршігерлік азап бар.

23.

Сондай иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларыныңрұқсатымен ішінде мәңгі қалатын, астынан өзендер ағатын жаннаттарға кіргізіледі.Олардың жаннаттағы амандасулары “сәлем” болады.

24.

(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді:Көркем сөз, (“Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ” деген сөз. Б.Ж.М.Р.Х.Т.Ж-Қ) тамырымықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді.

25.

Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді.Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді.

26.

Ал енді (Аллаға шерік қатылған) жаман сөз, жердің бетіненқопарылған орнықсыз ағаш сияқты.

27.

Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігіндеде ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. (Сондықтан ол мүмін өмірде қандай қаттықинау көрсе де: “Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Мұхаммед Алланың Елшісі” дегенсенімнен бұлжымайды әрі қабырдағы сұрақтарға да дұрыс жауап береді.Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағаныністейді.

28.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді,қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсіңбе?

29.

Олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын.

30.

Олар, жолдан адастыру үшін Аллаға теңдестер жасайды.Оларға: “Күн көре тұрыңдар! Қайтар орындарың тозақ” де

31.

Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толықорындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күнніңкелуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмесжұмсасын”.

32.

Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннанжаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Онымен қатарөз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді десендерге бағындырды.

33.

Ол Алла (Т.) сендедің пайдаларың үшін, тұрақты түрде күнмен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты.

34.

Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді.Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласыөте ынсапсыз, аса шүкірсіз.

35.

(Мұхаммед Ғ.С) сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! ОсыМекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды бұттарға шоқынудан ұзақ қыл!”

36.

“раббым олар, адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреумаған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе онда Сен өте жарылқаушы,ерекше мейірімдісің”

37.

“Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа,құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитынболсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістерменризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер”

38.

“Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, әшкерелеріміздібілесің. Жердегі, көктегі нәрселер Аллаға жасырын емес”

39.

“Барлық мақтау маған қартайған шағымда Ысмайыл менЫсхақты Берген Аллаға тән. Күдіксіз Раббым тілекті естуші”

40.

“Раббым! Мені әрі ұрапқтарымды намазды толық орындаушықыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл айла!”

41.

“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді (9-С.114-А) және мүміндерді жарылқа!”, – (деді)

42.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) залымдадың істегендеріненкәперсіз деп әсте ойлама! Шынында Алла, оларды көздер шарасынан шығатын біркүнге дейін кешеулетеді.

43.

(Сол күні) олар бастарын қақшитып, олардың көздеріөздеріне де қайрылмай және жүректері ұшып, жүгіріп бара жатады.

44.

Адамдарды, оларға азап келетін күннен қорқыт! Сондайзалымдық қылғандар (сол күні): “Раббымыз! Бізді жақын бір мерзімге дейінкешіктір. Шақыруыңды мақұлдап, пайғамбарларыңа ерейік” дейді. (Оларға): “Бұрынөздеріңе ешбір зауал болмайтынына ант ішпеп пе едіңдер?”, – (делінеді.)

45.

Сендер өздеріне зұлымдық қылғандардың жұрттарындаотырдыңдар. Оларға қалай істегеніміз сендерге аян болды. Сендерге өнегелімысалдар бердік.

46.

Олар түрлі мекерлік істеді. Негізінде олардыңмекерліктері тіпті тауларды қозғалтатын болса да мекерліктерін Алла іскеасырмайды.

47.

(Мұхаммед Ғ.С.) Алла пайғамбарларына еткен уәдесінентаяды деп ойлама! Шәксіз Алла өте үстем, өш алу күшіне ие.

48.

О күні, жер басқа жерге, көктер де басқаға ауыстырылады.Әлем, жалғыз, өктем Алланың хұзырына шығады.

49.

Сол күні, күнәкарлардың шынжырларға маталғанын көресің.

50.

Олардың көйлектері қара майдан болады да олардың беттерінот шалады.

51.

Өстіп, Алла тез есептеуші.

52.

Бұл (Құран) адам баласына бір құлақтандыру. Бұл арқылысескенсін және шын мәнінде Алланың жалғыз Тәңір екенін білсін. Әрі ақыл иелеріүгіт алсын.