13. Ра’д

1.

Әлиф Ләм Мим Ра. (Ұғымын Алла біледі.) Бұл Құранныңаяттары. (Мұхаммед Ғ.С.) саған Раббың тарапынан түсірілген хақиқат. Бірақадамдардың көбі сенбейді.

2.

Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріптұрсыңдар. Соң соң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бірбелгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баянетеді. Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.

3.

Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар,өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізгежабады. Шынында бұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар.

4.

Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндержәне ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерінбір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген ел үшін дәлелдер бар.

5.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер таңғалсаң, олардың: “Біз бір топырақболған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, – деген сөздеріне таңырқау керек. Мінебұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырларболатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады.

6.

(Мұхаммед Ғ.С. ажыуа түрінде) олар сенен жақсылықтанбұрын жедел жамандық тілейді. Расында бұлардан бұрын ғибрат аларлық мысалдарөткен болатын. Шәксіз Раббың, адам баласының зұлымдықтарына қарсы жарылқаукүшіне ие. Сондай-ақ Раббыңның азабы да қатты.

7.

Сондай қарсы болғандар: “Оған Раббыңнан бір мұғжиза негекелмейді?”-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің біржолбасшысы бар.

8.

Алла (Т.) әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын жәнежатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын (нені туып нені қойғанын) біледі. Оныңжанында әр нәрсе өлшеулі.

9.

(Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары.

10.

Сендерден кім сөзді жасырса да жарияласа да және кімтүнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей.

11.

Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп,қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қаумы, өзін өзгертпейінше Алла, оныөзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбірқайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.

12.

Ол сондай Алла, сендерге қорқу және үміт түрінденажағайды көрсетіп, жаңбыр толы ауыр бұлттарды пайда қылады.

13.

Көктің гүрілі; дәрітеп, періштелер қорқып, Алланыпәктейді. Алла, нажағайларды жіберіп, қалағанына тигізеді. Олар, Алла жайындаталасады. Негізінде Алла, орасан күшке ие.

14.

Шынайы тілек Аллаға тән. Олардың Алладан өзгетілегендері, оларға ешбір жауап бермейді. Олар судың ауыздарына келууі үшіналақандарын жайған тәрізді. Тіпті су оған жетіп келмейді. Өйткені, кәпірлердіңтілегі мүлде қаңғырыс.

15.

Көктердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті,еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады. (Әміріне бағынады.)

16.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, –деп сұра да: “Алла!”, – деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда,зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, – де. “Көрмейтін мен көретіннемесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, – де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оныңжаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма?(Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем”

17.

Ол көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойыншасел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ сәндік-бұйым немесе аспапжасау үшін оған от жағып, еіткен металдарда сондай көбік болады. Алла хақиқатпен жасандыны осылайша мысалдайды. Ал енді көбік кеуіп, ұшып кетеді де адамбаласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді.

18.

Раббыларына бағынғандар үшін игілік бар. Ал Оғанбағынбағандар, егер біртұтас жер жүзіндегі нәрселер және онымен бірге тағысондай нәрсе олардікі болса да (өздерін құтқару үшін) төлеуге берер еді. Мінесолар үшін есептің жаманы болады. Олардың орындары тозақ; нендей жаман орын.(Жоғарыдағы мысалдағы хақиқат; Қорытылған металға, жасанды нәрселер, ұшыпкететін көбікке ұқсатылып отыр. Ж-Қ.)

19.

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббың тарапынан сағантүсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғанатүсінеді.

20.

Олар, сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерінбұзбағандар.

21.

Олар, Алланың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесінжалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер.

22.

Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намаздытолық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар жәнежақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақирет жұртының табысы солардыкі.

23.

Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан,жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әресіктен олардың үстіне кіреді.

24.

“Сабыр еткендіктерің үшін, Алланың есендігі сендергеболсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” (дейді.)

25.

Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейінбұзғандар және Алланың, бірлесуін бұйырған нәрселерді бөлгендер әрі жер жүзіндебұзақылық істегендер, міне лағынет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманысолардікі.

26.

Алла (Т.) қалаған кісісінің несібесін кеңітіп, тарылтады.Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі; ақиреттің жанындатек қана бір күн көріс.

27.

Қарсы боғандар: “Пайғамбарға, Раббы тарапынан бір белгінеге түсірілмеді?”, – дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Расында Алла, кімді қаласа,адастырады да өзіне бұрылғанды тура жолға салады” де.

28.

Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылыкөңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады.

29.

Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер; шаттық такөркем орын да солардікі.

30.

(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша, саған уахи еткенімізді, Аллағақарсы келгендерге оқуың үшін бір елге жібердік. Одан бұрын да көптеген елдерөткен боатын. Оларға: “Ол, менің Раббым, Одан басқа тәңір жоқ. Оған тәуекелқылдым. Қайтар жерім де Сол” де.

31.

Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жербөлшектеніп және өлікте сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда, барлық іс Аллағатән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салареді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келегнге дейін қылықтарының салдарынанүнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттентаймайды.

32.

(Бұл соңғы үш аят, Мекке кәпірлеріне байланысты.Үйлерінің жақынындағы хауіп; Хұдайбия уақиғасы. Б.Ж.М.Р.Х.) Расында сенен бұрынкелген пайғамбарлар да тәлкек қылынған болатын. Сонда қарсы болғандарға кеңшілікберіп барып сонсоң оларды қолға алдым. Азабым қандай?

33.

Әркімнің істеген ісін бақылаушы Алла емес пе? Сонда даолар, Аллаға ортақтар қосты. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олардың аттарын атаңдар!”, – де.Аллаға жер жүзінде білмейтін бір нәрсенің хабарын беріп отырсыңдар ма? Немесебос бір сөзбен (ортақ қосасыңдар ма?) Олай емес, кәпірлерге айлакерліктері әдемікөрсетілді де тура жолдан тосылды.

34.

Оларға дүние тіршілігінде азап бар. Әрине ақиретте азабытағы қатты. Сондай-ақ оларды, Алладан ешбір қорғаушы жоқ.

35.

Сондай тақуалар үшін әзірленген ұжмақтың мысалы: Астынанөзендер ағады. Оның жемістері және көлеңкелері мәңгілік. Міне, Алладанқорыққандардың соңы. Қарсы келушілердің орны тозақ.

36.

(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітап бергендеріміз; (иманкелтіргендері; Б.Ж.М.Р.Х.Т.) саған түсірілген Құранға қуанады. Онымен қатарқарсы топтардан Құранның кей жерін мойындамайтындар да бар. Оларға: “Шын мәніндеАллаға құлшылық қылуға әрі Оған ешбір ортақ қоспауға бұйырылдым. Мен Ол жаққашақырамын. Және қайтар жерім де Сол жақ” де.

37.

Осылайша, Құранды, арапша үкім түрінде түсірдік. Сағанғылым келегннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладанарашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды.

38.

Расында сенден бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларғада жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз. Ешбір пайғамбар, Алланың рұқсатынсыз бір аяткелтіре алмайды. Әр нәрсенің мезгілі жазулы.

39.

Алла (Т.) қалағанын өшіреді де қалдырады. Негізгі Кітап,Оның қасында.

40.

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға уәде етілген кейбір уақиғаны,саған көрсетсек те, не саған көрсетпеей өлтірсек те негізінде саған жалғастыруғана міндет. Есебі, бізге тән.

41.

Олардың жеріне келіп, әр тараптан кеміткенімізді көрмейме? (Исламның кеңіп, олардың кеміп бара жатқанын. Б.М.Ж.) Үкімді Алла береді.Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол, есепті тез көруші.

42.

Расында бұларда, бұлардан бұрыңғылар да мекерлік қылған.Дегенмен барлық шаралар Аллаға тән. Алла (Т.) әркімнің не істегенін біледі.Қарсы болушылар жақында дүниенің соңғының кімдікі екенін біледі.

43.

Қарсы болғандар: “Сен Пайғамбар емессің” дейді. (МұхаммедҒ.С.) оларға: “Мені мен сендердің арамызға куәлік жөнінде Алла және Кітаптыбілгендер жетік.” де