12. Юсуф

1.

Әлиф Ләм Ра. (Ұғымын Алла біледі.) Бұлар ап-айқынҚұранның аяттары.

2.

Расында біз мұны Арапша құран түрінде түсірдік, әринетүсінерсіңдер.

3.

(Мхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңеқиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсызедің.

4.

Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас ментүсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді.

5.

(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа!Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді.

6.

“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердіңжоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерінтамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. ШәксізРаббың толық білуші, хикмет иесі”

7.

Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшінөнегелер бар.

8.

Сол уақытта туыстары: ” Юсып және туысы, (Бінямын)әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкемізашық адасуда” деді.

9.

Олардан бір айтушы: “Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жергеапарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынанан да түзу бір топболарсыңдар” деді.

10.

Іштерінен тағы бір айтушы: “Егер менің айтқанымдыістейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар.Кейбір жүргінші тауып алар” деді.

11.

Олар: “Әй әке,міз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған неболды? Әрине оған қамқормыз” десті.

12.

“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын.Расында біз оны қорғаушымыз” десті.

13.

(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің мағануайым салады. әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді.

14.

Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әринесол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті.

15.

(Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, әр түрлі аяусызжапалар көрсетіп, қатты қинап өлтіруге жақындайды. Ол, оларға жылап, еңірепжалбарынғандықтанөлтірмей әкелеріне қасқыр жеді деп, қанға бояп көрсету үшінжейдесін шешіп алып, жандары ашымай беліне жіп байлап құдыққа салбыратып тұрып,жібін кескен сәтте, Алладан Жебірейіл арқылы Юсып Ғ.С. ға пайғамбарлық келеді.Б.Ж.К.Р.Т.Ж-Қ.) Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбінетастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің.Олар сезбейді” деп уахи еттік.

16.

Олар іңірде әкелеріне жылап келді.

17.

“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздіңжанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақта, бізге сенбейсіңғой” десті.

18.

Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді.Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Ендікөркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді.

19.

(Үш күннен кейін Мәдяннан Мысырға бара жатқан керуенадасып, құдыққа жақын түседі. Б.М.К.Ж.Р.Т.) Бір жүргінші келіп, дереу сушыларынжіберді; ол қауғасын салып: “Ой шүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар онысауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі.

20.

Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді.Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді.

21.

Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтепжақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. ОсылайшаЮсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісінеөктем, бірақ адамдардың көбі білмейді.

22.

Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылықістеушілерді өстіп сыйлаймыз.

23.

(Бұл Юсыпты жүргіншіден сатып алған, Мысырдың қазынауәзірі Қытпирдің әйелі Зылиха еді. Ол уақытта Мысыр патшасы Уалит ұлы Риян иманкелтіреді. Б.Ж.М.К.Р.) Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңлін өзінетартпақшы болды даесіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, – деді. Юсып (Ғ.С.):”Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдарқұтылмайды” деді.

24.

Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелінкөрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымызүшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді.

25.

Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынанжыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйелеріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жантүршігерлік азап” деді.

26.

Юсып (Ғ.С.): “Ол, көңлімді өзіне тарпақшы болды” деді.Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсыптың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айттыда ол, өтірікшілерден болады”

27.

“Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты даОл, шыншылдардан” деп куәлік берді…

28.

Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері:”Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен”деді.

29.

“Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқанутіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді)

30.

Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңіліқыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді.

31.

Зілиха, қатындардың өзіне сөшіс бергендіктерін естігенде;оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын диван әзірледі де әрбіреуінебышақ беріп, Юсыпқа: “Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар,)оны көрген сәтте, бір түрлі ірі бағалап (естері шығып,) өз қолдарын турады.Қатындар: “Ой Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой”десті.

32.

(Зілиха оларға): “Ал міне, мені өсектегенгдерің осы.Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол, әмірімдіорындамаса, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді.

33.

(Юсып Ғ.С.): Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырғаністерінен маған зіндан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын мененбұрмасаң,оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі.

34.

Сонда Раббы тілегін қабыл етіп, одан қатындардыңсығандықтарын тойтарды. Өйткені Ол Алла, толық естуші, өте білуші.

35.

Сонсоң оларға дәлелдер көрінгеннен кейін де оны бірмерзімге дейін абақтыға салды.

36.

Және де Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Олекеуінің бірі: “Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: “Мен төбеменан көтеріп жүр екемін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруынайтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді.

37.

(Юсып Ғ.С. оларға): “Сендерге көректендірілетін тамақкелмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымныңүйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ақирет күніне сенбеген бір елдіңдінін тастадым” деді.

38.

“Аталарым, Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұп (Ғ.С.) тардың дінінқудым. Біздің Аллаға ешбір шерік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адамбаласына Алланың бір мәрхаметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды.”

39.

“Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсыма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?”

40.

“Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әріаталарың атаған құр аттар ғана. Ала, оларға табынуға байланысты ешбір дәлелтүсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған.Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді”

41.

“Әй абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінін біріпатшаның сушысы, бірі ашпазы екен.) Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғыжұмысын істейді.) Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне екеуініңжоруын сұрағанг іс бітті.”

42.

Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: “Қожайыныңныңжанында мені ескер!”-деді (Юсып Ғ.С.). Сонда шайтан қожайынының алдында ескеалуды ұмыттырды да сондықтан Юсып бірнеше жыл абақты да жатып қалды.

43.

(Бір күні) патша: “Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арықсиыр жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар, тағы солай қурағанын көрдім. Әйсыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар” деді.

44.

(Олар): “Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндайтүстердің жоруын білмейміз” деді.

45.

Ол екеуінің құтылғаны , Юсыпты бірталайдан кейін есінеалдды да: “Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені абақтығажіберіңдер” деді.

46.

(Ол, абақтыға барып): “Әй шыншыл Юсып! Бізге, жеті семізсиырды жеті арық сиырдың жеуі және жеті жасыл сабақ пен қурағандары жайындажоруын бер. Олардың да оны білулері үшін адамдарға қайтып барайын”

47.

Юсып (Ғ.С.): “Жеті жыл әдеттегіше егін егесіңдер де сондаорғандарыңды бастырмай сабақта қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар.

48.

“Тағы бұдан кейін қатты (ашаршылық жыл) келеді. Бір аздапсақтанғандарыңнан бапсқа бұрыннан сол жинағандарыңды жейсіңдер.”

49.

“Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердіңсуын сығатын жыл келетін болады” деді.

50.

(Мұны естіген) патша: “Оны маған алып келіңдер ” деді.Шабарман келген кез, (Юсып Ғ.С.): “Қожайыныңа қайтып бар. Ол, қолдарын кескенқатындардың мақсаттары не? Сұра! Күдіксіз Раббым, олардың қулықтарын толықбіледі” деді.

51.

( Патша қатындарды жинап алып): “Юсыптың көңілін алмақшыболғандарыңғы жағыдай не еді?” деп сұрайды. Әйелдер Алла сақтасын ! Оғанбайланысты бір жамандық білмедік” десті. Уәзірдің әйелі де: “Міне шындық ортағашықты. Оның көңілін алуды мен қалаған едім. Расында , ол анық шыншылдардан”деді.

52.

(Юсып Ғ.С.): “Осы (қатындардың сұралу мәселесі) расындаоған астыртын қиянат қылмағанымды патшаның білуі үшін. Күдіксіз Алла,қиянатшылардың қастығын оңайлатпайды” деді.

53.

“Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпіс жамандыққа бұйырады.Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекшемейірімді”

54.

Патша: “Оны маған алып келіңдер. Оны өзім үшін арнаулыадам қып алайын” деді. Патша Юсыпқа сөйлескен сәтте: “Әрине бүгін біздіңалдымызда елеулі орның және сенімің бар ” деді.

55.

(Юсып Ғ.С. патшаға): ” Мені мемілекеттің қазына бастығықыл . Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін ” деді.

56.

Міне, осылайша Юсыпты ол жерге орналастырдық. Қалағанжерінде отыра алады. Қалағанымызды мәрхаметімізге бөлейміз. Сондай-ақ жақсылықістеушілердің еңбегін зая қылмаймыз.

57.

Әрине иман келтіріп, тақуа болғандардың ақиреттегісыйлығы тағы жақсы.

58.

(Ашаршылық жылдарында) Юсыптың туысқандары келіп, жанынакірді. Сонда Юсып оларды таныды. Олар, оны танымады.

59.

Юсып (Ғ.С.) олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: “Маған әкебір туыстарың (Бінямын) ды ала келіңдер. Шын мәнінде астық толтырғанымды жәнемейман достардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме?”,-деді.

60.

“Егер оны маған келтірмесеңдер,менде, сендерге өлшепберер жоқ. Сондай-ақ маған жақындамаңдар.”

61.

Олар: “Біз оны әкесінен қалауға тырысамыз. Сөзсіз мұныорындаймыз” десті.

62.

Юсып (Ғ.С.) жігіттеріне: “Олардың (астық сатып алуғаәкелген) өз нәрселерін де жүктерінің ішіне қойыңдар. Әрине үйлеріне қайтыпбарған кезде, оны біліп, мүмкін олар қайтып келер” деді.

63.

Сонда олар әкелеріне қайтып барған дарында: “Әй әкеміз!Біздің өлшеу тоқтатылды. (Астық бермейтін болды.) Сондықтан туысымыз (Бінямын)ды бізбен бірге жібер де (астық) өлшеп алайық. Сондай-ақ біз оны әлбеттеқорғаймыз” деді.

64.

(Яғқұп Ғ.С.): “Бұдан бұрын туысына байланысты сендергесенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әріОл, мейірімділердің ең мейірімдісі” деді.

65.

Олар жүктерін ашқанда, Өздеріне қайтарылған нәрселерінтапты да: “Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағысемьямызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе(астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы” десті.

66.

Әкелері: “Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оныміндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейіноны сендермен бірге жібере алмаймын” деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт бергенсәтте, әкелері: “Алла айтқанымызға уәкіл” деді.

67.

Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмейбөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан ешнәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақтәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді.

68.

Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да оларданАлланың тақдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңліндегібір хажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді.Алайда, оны адамдардың көбі білмейді.

69.

Олар Юсыптың жанына кіргенде, Юсып туысын (Бінямынды) өзқасына алып: “Мен, сенің ініңмін. Олардың істегендеріне кейіме” деді.

70.

Юсып (Ғ.С.) олардың нәрселерін қамдағанда, су ыдысын өзтуысының жүгінің ішіне қойып, олар жүрген соң бір айғайшы: “Әй керуенші! Сендеранық ұрысыңдар!” деп айғайлады.

71.

Олар, бұларға бұрылып: “Не нәрсе жоғалттыңдар?”, – деді.

72.

Бұлар: “Патшаның су ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісігебір түйе жүк сыйлық бар. Әрі мен оған жауаптымын” деді.

73.

Олар: “Аллаға ант етеміз. Расында бұл жерге бұзақылықүшін келмегенімізді әрине білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры емеспіз” деді.

74.

Бұлар: “Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не?”, –деді.

75.

Олар: “Оның жазасы, кімнің жүгінен шықса, сонда оның өзіжазалы. Біз залымдарды осылайша жазалаймыз” деді.

76.

Өз туысының жүгінен бұрын олардың жүгін тінте бастап,сонсоң оны туысының жүгінен шығарды. Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені,Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздіңдәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.

77.

Олар: “Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлыққылған болатын” деді. Сонда Юсып (Ғ.С.) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларғаәшкерелемеді. (Ішінен): “Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңдыжақсы біледі” деді.

78.

Олар: “Әй қожайын! Бұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оныңорнына бірімізді ал. Шын мәнінде біз сені игілік істеушілерден көреміз” деді.

79.

(Юсып Ғ.С.): “Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаныалып қалудан алудан Аллаға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз”деді.

80.

Олар, Юсыптан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті.Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланыңатымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтанмаған әкем рұхсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге)дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді.

81.

“Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: Әй әкеміз! Шын мәніндеұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместібілмейміз деңдер.”

82.

“Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескенкеруеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз”

83.

(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іскеқызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін мағанкелтірер. Өйткені, Ол толық білуші, хикмет иесі” деді.

84.

(Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой қайран Юсып!”, –деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей Тынды.

85.

Олар, әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенгенемесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің” деді.

86.

(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллағағана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді

87.

“Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсыпты және туысыніздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланыңрахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…”

88.

Олар, Юсып (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын!Бізге және семьямызға ашарылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік.Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақаберушілерді сыйлайды” деді.

89.

(Юсып Ғ.С.): “Сендер білместіктен Юсыпқа және туысына неістегендеріңді білесіңдер ме?”, – деді.

90.

Олар: “Сен өзің шын Юсыпсың ба?”, – деді. “Мен Юсып мынаутуысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыретсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді.

91.

Олар: “Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізге ықпалдыетті. Өйткені, бі күнәкар едік” деді.

92.

(Юсып Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендердіжарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді.

93.

“Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне қойыңдар; көзікөруге келеді. Біртұтас үй-іштеріңмен маған келіңдер” деді.

94.

Керуен Мысырдан айрылып шыққан кезде, олардың әкесі(Яғқұп Ғ.С.): “Егер алжыды демесеңдер шын мәнінде мен Юсыптың исін алып отырмын”деді.

95.

Ел: “Аллаға ант етеміз. Әрине сен бұрыңғыжан-сақтықтасың” деді.

96.

Шүйіншіші келген сәтте, жейдені Яғқұп (Ғ.С.) тың бетінеқоя сала көзі көруге айналды: “Сендерге Алла тарапынан сендер білмейтін нәрсенібілемін демеп пе едім?” деді.

97.

Ұлдары: “Әй әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануынтіле! Расында біз қателескен едік” деді.

98.

Яғқұп (Ғ.С.): “Сендер үшін Раббымнан жарылқау тілеймін.Өйткені, Ол аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді.

99.

Олар, Юсып (Ғ.С.) тың қасына барғанда әке-шешесін өзқасына алды да: “Алланың қалауы бойынша Мысырға бейбіт түрде кіріңдер” деді.

100.

Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждегежығылды. (Юсып Ғ.С.): “Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы. Рас оныРаббым хақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннанкейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілікетті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі.”

101.

“Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруынүйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние, ахиретте иемсің. Мені бойұсынған күйде өлтіріп, игілерге қос!”

102.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахиетеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік жасағанда, жандарындаболмаған едің.

103.

Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иманкелтірмейді.

104.

(Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіләлемге тән үгіт.

105.

Көктерде және жерде қаншалаған дәлелбар. Адамдар оғанкөңіл бөлмей өтеді.

106.

олардың көбі Аллаға иман келтірмейді. Сондай-ақ оларортақ қосады.

107.

Ал олар, Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттенсезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма?

108.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын.Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерікқатушылардан емеспін” де.

109.

Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уақи етіп,еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрыңғылардың соңының неболғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы,түсінбейсіңдер ме?

110.

Хатте пайғамбарлар күдер үзіп, олар шын мәнінде жасынғашығарылдық деп ойлаған кезде, өздеріне жәрдеміміз келген еді де сондақалағанымыз құтқарылды. Сондай-ақ бейнетіміз күнәкар қауымнан қайтарылмайды.

111.

Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнегебар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрыңғы кітаптарды растайды.Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік.