1.

Әлиф Ләм Ра. (Ұғымын Алла біледі.) Бұл аяттары бекітілгенбір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген.

2.

Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде менсендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын.

3.

Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубеетіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да,әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендертуралы ұлы күннің азабынан қорқамын.

4.

Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші.

5.

Естеріңде болсын. Олар, Одан жасырыну үшін кеуделерінбұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрінеу, көмес істегеннәрселерін біледі. Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші.

6.

Жер бетіндегі әр жәндіктің көрегі Аллаға ғана тән. Ол,олардың тқрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта.

7.

Ол Алла, қайсыларың жақсы ғамал істейді деп, сынау үшінкөктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыданкейін су жаратылған.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер өлгеннен кейінтірілесіңдер” десең, кәпірлер: “Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес” дейді.

8.

Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейінкешіктірсек, әрине олар: “Оны не тосты?”,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азапкелген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарынажетеді.

9.

Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейіноны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді.

10.

Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтеріміздітаттырсақ, әрине: “Ол жамандықтар менен кетті” деп, күдіксіз ол қуанып,мақтанады.

11.

Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшінжарылқау және зор сауап бар.

12.

(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкәм сен олардың: “Оған қазына негетүсірмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?”,- деулеріне көңлің тарайып,уақи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің.Алла әр нәрсеге кепіл.

13.

Немесе олар: “Құранды өзі жасады”дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.)оларға: “Егер айтқандарың шын болса, алладан өзге көмекке шақыра алатыңдарындышақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер” де.

14.

Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, ондабіліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқаешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?”,- де.

15.

Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниедеолардың ңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды.

16.

Соларға ақиретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ.Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа.

17.

Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы даболған сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.) ның Кітабынаие болған кісілер, міне солар, Құранға сенгендер. Әрқандай топтардан кім Құранғақарсы келсе онда оның уәделі орны от. (Мұхаммед Ғ.С.) сен де одан күдікте болма.Расында Құран, Раббың тарапынан бір хақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.

18.

Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Мінебұлар, Раббыларының хұзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: “Міне бұлар,Раббыларына өтірік айтқандар” дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысызалымдарға тән.

19.

Олар сондай Алланың жолынан тосады да оны қисайтуғатырысады. Тағы олар ақиретке қарсы келушілер.

20.

Бұлар жер жүзінде Алланы нашарлата алмайды. Әрі олардыңАлладан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар естиалмайды да көре алмайды.

21.

Міне солар, өздеріне зиян етеді. Жасама Тәңірлері оларданбезіп жоқ болады.

22.

Күдіксіз олар, ақиретте өте зиянға ұшырағандар.

23.

Дау жоқ, иман келтіріп ізгі іс істегендер, раббыларынабой ұсынғандар, олар жаннаттық. Олар, онда мәңгі қалады.

24.

(Кәпір, Мұсылман) екі топтың мысалы: Саңырау мен естушітәрізді. Мысал тұрғысынан екеуі тең бе? Түсінбейсіңдер ме?

25.

Әрине біз Нұх (Ғ.С.) ты қауымына жібердік: “Мен сендерүшін ап-ашық бір ескертушімін.”

26.

“Аллаға ғана ғмбадат қылыңдар, шынында мен сендерге,күйзелтуші күннің азабынан қорқамын” деді.

27.

Елінің қарсы келген бастықтары: “Біз сені өзіміз тәріздіғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенінкөрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіптісендерді өтірікші деп ойлаймыз” деді.

28.

Нұх (Ғ.С.): “Әй елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашықбір дәлел үстінде болсам және Ол, өз қасынан бір мәрхамет еткен болса, Ал ол,сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де сендерге оны зорлалқабылдата аламыз ба?” деді.

29.

“Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғанатән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларынажолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін”

30.

“Әй елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кімқорғайды, түсінбейсіңдер ме?”

31.

Мен сендерге: “Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін декөместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-ақ көздеріңеілмейтіндерге: “Алла әсте жақсылық қылмайды” демеймін. Алла олардыңішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын” (деді.)

32.

Олар: “Әй Нұх! Рас бізбен жанжалдастың, сондықтантартысуды көбейтіп жібердің. Егер сөзің шын болса, енді бопсалаған нәрсеңдібізге келтір” деді.

33.

Нұх (Ғ.С.): “Оны сендерге қаласа, Алла ғана келтіреді.Сендердің оған шамаларың келмейді” деді.

34.

“Егер Алла, сендерді қаңғыртуды қаласа, сендердіүгіттеуді қаласам да үгітім сендерге пайда бермейді. Ол, сендердің Раббыларың.Сол уақытта оған қайтарыласыңдар.”

35.

(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім кәпірлер: “Құранды өзі жасады” дейме?. Оларға: “Егер оны жасаған болсам күнәсы маған тән. Алайда, мен сендердіңістеген күнәларыңнан аулақпын” де.

36.

Сондай-ақ Нұх (Ғ.С.) қа: “Еліңнен иман келтіргенненбасқалары, әсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме” делінгентүрде уақи етілді.

37.

Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдартурасында маған айт па! Өйткені, олар суға батырылады.

38.

Кемені жасап жатқанда, елінің бастықтары жанынан өткенсайын оны тәлкек қылды. Нұх (Ғ.С.) оларға: “Егер бізді сықақ қылсаңдар, біз десендерді, бізді сықақ қылғандарыңдай сықақ етеміз” деді.

39.

Ал енді жедел білесіңдер: Қорлайтын азап кімге келер екенжәне тұрақты азап кімнің басына түседі екен?

40.

Ақыр әміріміз келген заманда, таңдырдан су қайнады. Нұх(Ғ.С.) қа: “Ол кемеге әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқасемьянды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал” дедік. Негізінде оныменбірге иман келтірген өте аз ғана еді.

41.

Нұх (Ғ.С.): “Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де тұруы даАлланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді.

42.

Ол кеме оларды, таулардай толқында алып жүрді. Нұх (Ғ.С.)айрылуда болған ұлына: “Әй балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсыболушылардан болма!”,- деп дыбыстады.

43.

Ұлы, Кенған: “Мені судан сақтайтын тауға паналаймын”деді. Әкесі: “Бүгін Алланың әмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ біреуге мәрхамет етсебасқа” дегенде, екеуінің арасына толқын түсіп Кенған суға батқандардан болды.

44.

“Әй жер! Суыңды жұт! Аспан сен де тоқта” делінді де сутартылды. Іс бітті. Кеме Жуди тауына тоқтады. “Залымдар жоқ болсын!” делінді.(Бұл Жуди тауы Мұсылға жақын.)

45.

Нұх (Ғ.С.) Раббына дабыстап: “Раббым! Күдіксіз ұлымсемьямнан ғой. Шәксіз уәдең хақ. Сондай-ақ Сен ең тура үкім етушісің” деді.

46.

(Алла): “Әй Нұх! Ол, семьяннан емес. Өйткені, оның ісідұрыс емес. Сондықтан білмеген бір нәрсені Менен тілеме. Сені надандарданболмауыңды насихаттаймын” деді.

47.

(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Расында білмегенімді Сенен тілеуденөзіңе сиынамын. Егер мені жарылқамасаң, маған мәрхамет етпесең зиянғаұшыраушылардан болармын” деді.

48.

“Әй Нұх! Саған, сенімен бірге болған топтарға бізденсәлеметтік, молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз дасонан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды” делінді.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.) міне бұлар білінбеген еңгімелерден. Онысаған уақи етеміз. Бұдан бұрын оны сен де, қаумың да білмейтін еді. Онда сабырет. Расында соңғы табыс тақуалар үшін.

50.

Ғад қаумына туыстары Һұд (Ғ.С.) ты жібердік: “Әй елім!Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендер өтежалақорсыңдар” деді.

51.

“Әй елім! Бұған сендерден жалақы сұрамаймын, еңбегім меніжаратқанға ғана тән. Сонда да түсінбейсіңдер ме?”

52.

“Әй халқым! Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оғантәубе қылыңдар. Сендерге көктен жаңбыр жаудырып, қуаттарыңның үстіне қуатқоссын. Сондай-ақ күнәкар болып, жалтармаңдар” деді.

53.

Олар: “Әй Һұд! Сен бізге ашық дәлел келтірмедің. Біздерсенің сөзің бойынша тәңірлерімізді тастамаймыз да саған сенбейміз” деді.

54.

Олар: “Саған кейбір тәңірлеріміздің киесі тиген екен” депқана айтамыз. Һұд (Ғ.С.): “Расында мен Алланы айғақ қыламын, сендер де айғақболыңдар. Мен сендердің Аллаға қосқан шеріктеріңнен аулақпын” деді.

55.

“Маған Алладан басқа бәрің мекерлік қылыңдар да сонанкейін мұрса бермеңдер”

56.

“Расында мен, менің Раббым әрі сендердің РаббыларыңАллаға тәуекел еттім. Ол, маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір жандықжоқ. Күдіксіз Раббым тура жолда”

57.

“Егер жалтарсаңдар да мен шынында өзім арқылы жіберілгеннұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді әкелсе, сендер оғанешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Шынында Раббым әр нәрсені қорғаушы” (деді)

58.

Әміріміз келген кезде, Һұд (Ғ.С.) ты және онымен біргеиман келтіргендерді мәрхаметімізбен құтқардық. Сондай-ақ оларды ауыр азаптан дабосаттық.

59.

Осы Ғад елі, Раббыларының атяттарына қарсы келіп, Оныңелшілеріне мойындамай әрбір зөрекер тоңмойындардың әміріне бағынды.

60.

Бұл дүниеде де қиямет күнінде де олардың қырсоңынанлағынет қалмады. Естеріңде болсын! Ғад елі Раббыларына қарсы болды. Естеріңдеболсын! Һұттың қауымы Ғад, (мәрхаметтен) аулақ болсын!

61.

Сәмүд еліне туыстары Саліһ (Ғ.С.) ті жібердік: “Әй елім!Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір тәңірлерің жоқ. Ол,сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді. Енді Одан жарылқау тілеңдер.Және Оған тәубе қылыңдар. Күдіксіз Раббым жақын тілеуді қабылдаушы” деді.

62.

Олар: “Әй Саліһ! Сен бұдан бұрын арамызда үміт күтілгенедің. Аталарымыздың табынғанынан бізді тиясың ба? Расында сенің бізді шақырғаннәрсеңе күдік ішінде әрі күмәндіміз” деді.

63.

(Саліһ Ғ.С.): “Әй халқым! Айтыңдаршы, егер мен Раббымтарапынан ашық дәлелде болсам, өз тарапынан маған бір мәрхамат еткен болса дамен оған қарсы келсем, сонда мені Алладан кім қорғайды? Сонда сендер мағанзияннан басқаны арттырмайсыңдар” деді.

64.

“Әй халқым! Мынау Алланың аруанасы, сендерге бір мұғжиза.Сондықтан оны қойып қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған жамандықтигізбеңдер. Онда сендерді жуықта бір азап қолға алады” деді.

65.

Сонда да олар оны өлтіріп тастады. Саліһ Ғ.С.):”Жұрттарыңда үш күн бой жасай тұрыңдар. Бұл өтіріксінуге болмайтын бір уәде”деді.

66.

Ал әміріміз келген кезде, мәрхаматымызбен Саліһ (Ғ.С.)және онымен бірге иман келтіргендерді құтқардық. Сондай-ақ сол күннің қорлығынанда… Күдіксіз Раббың, Ол өте күшті, аса үстем.

67.

Залымдық істегендерді ащы дауыс алып, олар өз жұртындажалмандарынан түсіп, типыл болды.

68.

Тіпті ол жерде олар отырмаған сияқты болды. Естеріңдеболсын! Шынында Сәмүд елі Раббыларына қарсы келді. Біліңдер! Сәмүд еліне рахметжоламасын.

69.

Расында елші (періште) леріміз Ыбырайым (Ғ.С.) ға хошхабармен сәлем берді. Ыбырайым (Ғ.С.) олардың сәлемін алыпсонда дереу пысырылғанбұзау келтірді.

70.

(Ыбырайым Ғ.С.) олардың қолдарын тигізбегенін көріп,оларды жатырқады да олардан тіксінді. Олар: “Қорықпа! Расында біз Лұт қауымынажіберілдік” деді.

71.

(Ыбырайым Ғ.С.) ның түрегеп тұрған әйелі күліп жіберді.Сонда оны Ысхақ және артынан Яғқұппен қуандырдық.

72.

(Ыбырайым Ғ.С. ның жұбайы): “Әттең-ай! Мен кемпір мынаерім шал, мен туам ба? Бұл әрине таңғажайып нәрсе!”, – деді.

73.

(Пеіштелер оған): “Сен Алланың әміріне таңғаласың ба?Алланың мәрхаматымен молшылығы сендерге болсын. (Әй Ыбырайым) семьясы ШынындаАлла мақтауға лайық, аса жоғары.”

74.

Ыбырайым (Ғ.С.) нан қорқу кетіп, оған қуаныш келгенкезде, Біз (елшілеріміз) бен Лұт елі жайында сөзге килікті.

75.

Шынында Ыбырайым (Ғ.С.) анық жұмсақ, тым қамқор, бойұсынушы.

76.

(Періштелер): “Әй Ыбырайым! Бұдан шегін! Өйткені,Раббыңның әмірі келген. Күдіксіз оларға қайтарылмайтын апат келеді” (деді)

77.

Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұт (Ғ.С.) қакелгенде (елінің сұмдығын ойлап,) олардың келуімен қынжылды да олардыңсалдарынан көңлі тарайып: “Бұл ауыр бір күн” деді.

78.

Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан дажаман істер істейтін еді. (Лұт Ғ.С.): “Әй халқым! Мына қыздарым, олар сендерүшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар.Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, – деді. (Лұт Ғ.С. ның “мына қыздарым”дегені, елінің әйелдері еді. Өйткені, Бір пайғамбар үмметінің әкесі жерінде.Б.К.Х.Т.Ж-Қ)

79.

Олар: “Сенде білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расындасен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің” деді.

80.

(Лұт Ғ.С.): “Әттең! Сендерге төтеп берер күшім болса небір мықты бекініске паналасам” деді.

81.

(Елшілер): “Әй Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз.Олар, әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел,жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған дажетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, – деді.

82.

Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астынакелтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық.

83.

Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апатзалымдардан ұзақ емес.

84.

Мәдянға туыстары Шұғайыпты жібердік: “Әй елім! Аллағақұлшылық қылыңдар. Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшеуді,таразыны кемітпеңдер. Расында мен сендерді молшылық ішінде көремін. Күдіксіз менсендерге байланысты тырп еткізбейтін күннің азабынан қорқамын” деді.

85.

“Әй елім! Өлшеуді, тартуды толық орындаңдар, адамдардыңнәрселерін кемітпеңдер! Сондай-ақ жер жүзінде бұзғыншы болып жүрмеңдер.”

86.

“Егер нанатын болсаңдар, сендерге Алланың қалдырған халалнәрсесі хайырлы. Мен сендерге күзетші емеспін”.

87.

Олар: “Әй Шұғайып! Біздің аталарымыздың табынғанынтастауымызды немесе малдарымызды қалауымызша істетуден тыйылуымызды сағаннамазың әмір ете ме? Тіпті сен өте жұмсақ, аса есті көрінесің” деді

88.

(Шұғайып Ғ.С.): “Әй халқым! Айтыңдаршы! Егер мен Раббымтарапынан ашық дәлел үстінде болсам және өз қасынан маған көркем ризық бергенболса, сендерді тыйған нәрсемді өзім істеп, сендерге қарсы келуді қаламаймын.Шамам келгенінше түзелтуді ғана қалаймын. Табысты болуым, Аллаға ғанабайланысты, Оған тәуекел еттім әрі Оған бой ұсынамын” деді.

89.

“Әй халқым! Маған қарсы келулерің, өздеріңе Нұх қауымы неҺұд қауымы немесе Саліһ қауымына келген тәрізді ауыршылық келтірмесін! Сондай-ақЛұт елі сендерден ұзақ емес”

90.

“Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубеқылыңдар. Шынында менің Раббым ерекше мейірімді, өте сүйгіш….”

91.

Олар: “Әй Шұғайып! Біз сенің айтқаның көбіне түсінбейміз.Әрі сені ішімізде әрине төмен көреміз. Егер ағайының болмаса еді, әлбетте таспенатып өлтірер едік. Сондай-ақ сен бізге кәдірлі емессің” деді.

92.

(Шұғайып Ғ.С.): “Әй халқым! Сендерге Алладан ағайынымқадырлы ма? Алланы мүлде арқаларыңның артына тастадыңдар. Расында Раббым неістегендеріңді толық білуші” деді.

93.

“Әй халқым! Қолдарыңнан келгенін істеңдер, мен деістеймін. (Міндетімді атқарамын.) Жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін жәнекімнің өтірікші екенін білесіңдер. Енді бақылаңдар! Әрине мен де сендермен біргебақылаушымын” деді.

94.

Әміріміз келген заман, Шұғайып (Ғ.С.) ды және оныменбірге иман келтіргендерді мәрхаматымызбен құтқардық. Сондай-ақ залымдыққылғандарды бір ащы дауыс қолға алды да жұрттарында етбеттеген бойда жоққаайналды;

95.

Тіпті ол жерде отырмағандай. Естеріңде болсын! Сәмүд елімәрхаметтен ұзақтасқандай Мәдян елі де ұзақтасты.

96.

Расында Мұса (Ғ.С.) ны аяттарымызбен және ашық дәлелменжібердік.

97.

Перғауынға және шонжарларына жіберсек те олар Перғауынныңәміріне бағынды. Перғауынның әмірі тура емес еді

98.

Перғауын қиямет күні елінің алдына түседі. Оларды тозаққаапарады. Ол баратын жер нендей жаман бір жер.

99.

Бұл дүниеде де қиямет күнінде де лағынет оның қырсоңынанқалмайды. Ол нендей жаман сыбаға!

100.

(Мұхаммед Ғ.С.) осы өлкелердің хабары. Саған оны баянетеміз. Олардың кейі тұр, кейі орылып жоғалған.

101.

Біз оларға зұлымдық қылмадық. Олар өздеріне зұлымдықетті. Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың Алладан өзге жалбарынғандарыөздеріне ешбір пайда келтірмеді. Сондай-ақ зияндарын арттырғаннан басқа түккетұрмады.

102.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың қолға алғанда, кенттердің залымхалқын өстіп алады; күдіксіз Оның соққысы қатты күйзелтеді.

103.

Күдіксіз осы да ақирет азабынан қорыққан кісілерге әринедәлел бар. Қиямет; адамдардың жиналатын күні. Сондай-ақ ол, әзір болатын біркүн.

104.

Ол қиямет күнін, санаулы бір мерзім ғана кешіктіреміз.

105.

Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді.Олардың сорлысы да бақыттысы да бар.

106.

Ал енді сорлылар, тозақта ыңыранып, шыңғырады.

107.

Олар тозақта көктер мен жердің тұруынша мүлде қалады.Бірақ Раббың қаласа басқа. Шынында Раббың қалағанын толық орындаушы.

108.

Ал енді бақытты болғандар, жаннаттық болады. Оларжаннатта көктер мен жердің тұруынша мәңгі қалады. Бірақ Раббың қаласа басқа. Бұлүздіксіз бір сыйлық.

109.

(Мұхаммед Ғ.С.) онда олардың табынғандарына байланыстыкүдікте болма. Олар ата-бабаларыңның бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әринебіз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.

110.

Расында Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік. Сонда да қайшылықтудырылды. Егер Раббыңнан сөз берілмеген болса еді, (бұйрық солай болмаса еді,)әрине араларына үкім берілген болар еді. Расында олар Құраннан шәк ішіндекүдіктенуде.

111.

(Мұхаммед Ғ.С.) күдіксіз Раббың; олардың барлығыныңістегендерінің бодауын әрине толық береді. Өйткені Ол, олардың істегендерінтолық біледі.

112.

(Мұхаммед Ғ.С.) бұйырылылғанындай тура бол! Сенімен біргетәубе еткен кісілер де. Және артық кетпеңдер! Өйткені Алла, не істегендеріңдітолық көруші.

113.

Сондай зұлымдық істегендерге бейім сыңай байқатпаңдар.Онда сендерге тозақ кездеседі. Сендерге Алладан басқа дос болмайды, сонсоң көмекте көрмейсіңдер!

114.

(Мұхаммед Ғ.С.) күндіздің екі жағында, (таң және екіндінамазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам, жашыйық) намазын толық орында.Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл түсінушілер үшін бір насихат.

115.

(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет. Расында Алла, жақсылықістеушілердің еңбегін жоймайды.

116.

Сендерден бұрыңғы ғасырлардағы ақыл иелері, жер жүзіндегібұзықтықтан тыйса еді? Бірақ олардың азын ғана құтқардық. Зұлымдық істегендер,берілген жоғары тұрмыстың соңына түсіп күнәкар болды.

117.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың халқы түзу болған кенттердіорынсыз жоқ етпейді

118.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақүммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда. (Алла Т. сынақ үшін еркіне қойды.Б.М.Р.Т.Ж-Қ.)

119.

Бірақ Раббыңның мәрхамет еткені басқа. Оларды сол үшінжаратты. Раббыңның: “Әрине тозақты бүкіл жындар және адамдармен толтырамын”деген сөзі тура шықты.

120.

(Мұхаммед Ғ.С.) саған пайғамбарлардың қиссасын көңліңдіорнықтыру тұрғысынан баян етеміз. Осында саған хақиқат және мүміндер үшін бірнасихат әрі түсінік келді.

121.

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай иман келтірмегендерге: “Өздеріңшеістеңдер, Расында біз де істейміз” де.

122.

“Сендер де соңын күтіңдер, біз де күтеміз”

123.

Көктер мен жердің сыры Аллаға тән. Істің бәрі соғанқайтады. Ендеше, Соған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Раббың істейтіністеріңнен ғапыл емес.