1.

Әлиф Ләм Ра. (Ұғымын Алла біледі.) Міне бұлар, тереңсырлы Құранның аяттары.

2.

Іштерінен бір кісіге: “Адамдарды қорқыт! Иманкелтіргендерді раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын шүйіншіле!”,-деп, уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: “Шынында бұл ашықжады” деді.

3.

Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түндежаратты. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды. Оның рұхсатынсыз ешбіршапағатшы жоқ. Міне Осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сондада түсінбейсіңдер ме?

4.

Біртұтас барар жерлерің со тарап. Сондай-ақ алланыңуәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады. (Жоқтан бар етеді.) сонсоң иманкелтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді.Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусынәрі күйзелтуші азап бар.

5.

Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты даоған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі.Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашықбаян етеді.

6.

Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланыңкөктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар.

7.

Расында сондай бізге жолығуларын үміт етпегендер жәнедүние тіршілігіне мәз болып сонымен көңілдері жай тапқандар, міне солар,аяттарымыздан хабарсыз.

8.

Осылардың істеген күнәлары себепті орындары тозақ.

9.

Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердіңимандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтініңжолына салады.

10.

Олардың ондағы дұғалары: “Әй Алла! Пәксің” әрі олардыңондағы амандасулары: “Сәлем” және олардың дұғаларының соңы: “Барлық мақтауәлемдердің Раббы, Аллаға тән!”,- деу болады.

11.

Егер Алла, адам баласының хайырды, асығыс тілегеніндей;жамандықты да тез берсе еді, әрине олардың ажалдары біткен болар еді. Алайда,бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра береді.

12.

Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: Жатса да отырса данемесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ,тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынмағандай -ақ кете береді.Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді.

13.

Расында сендерден бұрыңғы дәуірдегілердің зұлымдыққылғандықтары және пайғамбарлары келтірген ашық дәлелдерге иманкелтірмегендіктері үшін жоқ еттік. Осылайша күнәкар қауымға жаза береміз.

14.

Сонан кейін олардың артынан не істейтіндіктеріңді көруүшін жер жүзінде сендерді орындарына қойдық.

15.

Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылғанкезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: “Бұдан басқа бір Құран келтірнемесе мұны ауыстыр!”,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Оны өз тарапымнан өзгертуімеболмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсыкелсем, ұлы күннің азабынан қорқамын” де.

16.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла қаласа еді, мен Құрандысендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрыніштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?”,- де.

17.

Ал енді Аллаға бір өтірік жала жапсырған не аяттарынжасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Шынында күнәкарлар құтылмайды.

18.

Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтіннәрселерге шоқынып: “Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз” дейді. (МұхаммедҒ.С.): “Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабарбересіңдер ме?”,- де. Алла, олардың қосқан шеріктерінен пәк, жоғары.

19.

Адамдар бір-ақ үммет еді, сонсоң олар қайшылыққа түсті.(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббыңнан бір сөз өткен болмаса еді, таласқан нәрселерітурасында әрине араларына үкім берілген болар еді. (Жазаландырылар еді.)

20.

Және олар: “Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза негетүсірілмейді?”,- дейді. Сонда сен оларға: “Негізінен көмес, Аллаға тән.Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын!”,- де.

21.

Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметіміздітаттырсақ, сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері болады.(Мұхаммед Ғ.С.): “Алла, жазаландыруда өте жылдам” де. Расында елшілеріміз(періштеріміз) істеген сығандықтарыңды жазады.

22.

Ол сондай Алла, сендерді құрылықта, теңізде кездіреді.Хатте сендер кемеде боласыңдар. Кеме, оларды жақсы бір самал арқылы алып баражатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқынкелгенде, олар, онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте; сенімін нағыз Аллаға арнап:”Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік” деп тілейді.

23.

Дегенмен, Алла оларды құтқарған кезде, олар жер жүзіндеорынсыз қарсылық істейді. Әй адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңныңзияны өздеріңе ғана. Сонсоң барар жерлерің біз жақ. Сонда сендерге істегеністеріңді білдіреміз.

24.

Шын мәнінде дүние тіршілігің мысалы: Біз көктен жаудырғанжаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жержүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі; пайдалануға күшіміз жетеді депойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәріздітүбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша айырыпбаян етеміз.

25.

Алла есендік жұртына (жәннәтке) шақырады да, қалағанқұлын тұп- тура жолға салады.

26.

Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар.Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннәттік. Оларонда мәңгі қалады.

27.

Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғанаболады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды.Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай. Солар тозақтық.Олар онда мүлде қалады.

28.

Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге:”Сендер де, аллаға қосқан шеріктерің де орындарыңда тұрыңдар!”,- дейміз. Сондаолардың араларын айырамыз. Олардың шеріктері: “Сендер бізге табынбаған едіңдер”дейді. (Олардың Аллаға теңеп табынғандары: Пйғамбарлар, періштелер.)

29.

“Енді сендер мен біздің арамызға куәлікке Аллажеткілікті. Тіпті біздің, сендердің табынғандарыңнан хабарымыз жоқ” дейді.

30.

сол арада әркім бұрын істеген ісінен сыналады. Сондай-ақшынайы иелері Алланың хұзырына апарылады. Жасама нәрселері олардан ғайып болды.

31.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерді аспаннан, жерден кімризалықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кімшығарады? Әр істі кім игерді?”,- де. Олар: “Алла” дейді. “Ендеше Алладанқорықпайсыңдар ма?”,- де.

32.

Міне осы Алла, шынайы Раббыларың. Шындықтан кейінадасудан басқа не бар? Қалай бұрылып бара жатырсыңдар?

33.

Осылайша бұзақылық істегендерге Раббыңның: “Рас олар иманкелтірмейді” деген сөзі хақиқат болды.

34.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Аллаға теңеген шеріктеріңнен, тұңғышжаратып, сонсоң өлтіріп қайта тірілтетін бар ма?”,- де. “Алла, бастапта жаратып,сонан соң қайта тірілтеді. Сонда қайда бұрылып бара жатырсыңдар?”,- де.

35.

“Шеріктеріңнен тура жолға салатын бар ма?”,-де. “Аллатура жолға салды. Ал сонда тура жолға салатын Аллаға бағыну лайық па? Жоқ, туражолға салынбайынша жол таба алмайтын біреуге ме? Сендерге не болды? Қалай(жансақ) үкім бересіңдер?”,-де.

36.

Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққақарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші.

37.

Осы Құран, Алладан өзгенікі деп жала жапсыруға болмайды.Ол, алдындағыны растап, Кітапты ашық баян етеді. Әлемдердің Раббы тарапынанекендігіне шәк жоқ.

38.

Олар: “Оны, Мұхаммед өзі сәйкестірді” дей ме? (МұхаммедҒ.С.): “Ондай шыншыл болсаңдар, Алладан өзге кімге шамаларың келсе шақырып, осытәрізді бір сүре жасап әкеліңдер(“,-де.

39.

Олай емес, олар білімі жетпеген сондай-ақ өздерінемағынасы білдірілмеген нәрсені олар жасынға шығарды. Осылайша, бұларданбұрынғылар да жасынға шығарған болатын. Енді қарашы! Залымдардың соңы не болды?

40.

Олардан Құранға сенетіндер де бар. Олардан оғансенбейтіндер де бар. Раббың бұзақыларды жақсы біледі.

41.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер сені жасынға шығарса: “Менің ісімөзіме тән, сендердің істерің өздеріңе тән. сондай-ақ сендер менің істегенімненаулақсыңдар, мен де сендердің істегендеріңнен аулақпын.” де.

42.

Олардан саған құлақ салатын біреулер де бар. Егер олартүсінбейтін болса да, саңырауларға естірте аласын ба?

43.

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың саған қарайтын біреулері де бар.Дегенмен көрмейтін көзсіздерді сен тура жолға саласың ба?

44.

Расында Алла адамдарға еш зұлымдық қылмайды. Бірақадамдар өздеріне- өздері зұлымдық қылады.

45.

Оларды жинайтын күні; (дүниеде) күндіз бір-ақ сағаттұрғандай болып, олар бір-бірін таныйды. Аллаға жолығуды жасынға шығарып, туражолға түспегендер зиянға ұшырайды.

46.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға уәде еткен бейнеттің кейбірінсаған көрсетсек немесе сені (бұрын) дүниеден алсақ та, олардың жиналатын орныбіз жақ. Соңында Алла олардың не істегендеріне айғақ.

47.

Әр үмметтің бір пайғамбары бар. Оларға пайғамбарларыкелген заман, араларына туралықпен үкім болады. Сондай-ақ олар, зұлымдыққаұшырамайды.

48.

Олар (кәпірлер): “Егер сендер шыншыл болсаңдар, осы уәдеқашан болады” дейді.

49.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Алланың қалауынан басқа өзіме пайда,зиян келтіру күшіне ие емеспін. Әр үммет үшін бір ажал бар. Қашан олардыңбелгілі мерзімі келсе, бір сәтке кешіктірілмейді де ілгерлетілмейді ” де.

50.

Маған айтыңдаршы! Алланың азабы сендерге түнделетіп некүндіз келсе, күнәкарлар не нәрсені асығып тілер еді” де.

51.

Азап түскеннен кейін оған иман келтіресіңдер ме? Немесеәзір ме? Расында сендер азапты асығып тілеп едіңдер.

52.

Сонсоң залымдарға: “Мәңгілік азапты татыңдар!Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар” делінеді.

53.

Сенен олар: “Бұл шындық па?”,- деп сұрайды. “ӘринеРаббыма ант етемін, сөзсіз Ол хақ. Сендер Алланы әлсірете алмайсыңдар” де.

54.

Өзіне зұлымдық істеген әркім жер жүзіндегі нәрселерөзінікі болса, төлеуге беріп, азапты көргенде, іштей өкінер еді. Араларынаәділдік пен үкім етіледі. Зұлымдыққа ұшырамайды.

55.

Сақ болыңдар! Расында көктердегі әрі жердегі нәрселерАлланікі. Біліңдер! Алланыі уәдесі хақ. Бірақ олардың көбі білмейді.

56.

Ол тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ Оның алдынақайтарыласыңдар.

57.

Әй адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт,жүректегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет (түрінде Құран)келді.

58.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Олар, Алланың кеңшілігі, мәрхаметіменболған осылармен қуансын. Өйткені, Құран олардың жиған- тергендерінен хаййырлы”де.

59.

“Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесіненарам, халал жасадыңдар” де. “Сендерге Алла рұхсат берді ме? Немесе Аллаға жалажауып жүрсіңдерме?”,- де.

60.

Сондай Аллаға өтірік жала жапқандардың, қиямет күнітуралы ойы не? Расында Алла, әрине адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбішүкірлік қылмайды.

61.

(Мұхаммед Ғ.С.) әрқандай бір жағдайда болсаң, Аллатарапынан бір Құран оқысаң және сендер бір іс істесеңдер, әлбетте оған шомғанкездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ жердегі, көктегі тозаң салмағындай нәрсеРаббыңнан жасырылмайды. Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Қітапта бар.

62.

Біліңдер! Расында Алланың достарына хауіп-қатер жоқ, әріолар қайғырмайды.

63.

Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар.

64.

Оларға дүние тіршілігінде де ахиретте де қуаныш бар.Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.

65.

(Мұхаммед Ғ.С.) кәпірлердің сөзі сені кейітпесіг, Расындабүкіл үстемдік Аллаға тән. ол әр нәрсені естуші, білуші.

66.

Естеріңде болсын! Расында көктердегі, жердегі әркімАлланың иелігінде. Алладан өзге теңеген шеріктеріне шоқынғандар, олар ойларынағана ілеседі. Сондай-ақ олар ойларынша ғана жорамалдайды.

67.

Ол сондай Алла, сендер үшін түнді деп алыс, күндіздіжарық қылды. Күдіксіз, осында тыңдайтын ел үшін дәлелдер бар.

68.

Олар: “Алланың баласы бар” десті. Ол, одан пәк. Ол,мұңсыз. Әрине көктердегі әрі жердегі нәрселер Оған тән. Бұған байланыстықастарыңда бір дәлел жоқ. Аллаға қарсы білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?

69.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Расында сондай Аллаға өтірік жалажапсырғандар, құтылмайды” де.

70.

Олардікі дүниеде ғана пайдалану. Сонсоң олардың қайтарорны біз жақ. Сонан кейін де қарсы болғандықтары себепті қатты азап таттырамыз.

71.

(Мұхаммед Ғ.С.) ОЛАРҒА Нұх (Ғ.С.) тың әңгімесін оқы. Бірзаманда еліне: “Әй елім! Араларыңда тұруым, алланың аяттарын үгіттеуім сендергезор келген болса, онда Аллаға тәуекел еттім. Ал енді сендер және шеріктерің неістейтіңдеріңде бірлесіңдер. Сонсоң істерің өздеріңе мұң болмасын. Кейін мағанмұрса бермей-ақ қолдарыңнан келгенін істеңдер!” деген.

72.

“Ал егер жалтайсаңдар, сендерден жалақы сұрамадым ғой.Менің жалақым Аллаға ғана тән. сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым….”

73.

Сонда олар, оны жасынға шығарды. Сондықтан Нұх (Ғ.С.) тыәрі онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, олардың орындарын бастырдық.Аяттарымызды жасынға шығарғандарды суға батырдық. Ескерту беерілгендердіңсонының не болғаның көр!

74.

Сонсоң Нұх (Ғ.С.( тан кейінде елдеріне пайғамбарларжібердік. Оларға ашық мұғжизалар келтірді. Бұрында жасынға шығарғандықтары үшінолар иман келтірмеді. Міне шектен шығушылардың жүректерін өстіп бітейміз.

75.

Сонсоң олардың кейін Мұса мен Ћарұн (Ғ.С.) ды Перғауынжәне сыбайластарына мұғжизалармен жібердік. Олар менменсіп, күнәкар ел болды.

76.

оларға біз тараптан шындық келген кезде: “Рас осы ашықжады” деді.

77.

Мұса (Ғ.С.): “Сендерге келген хақиқатты сөйтіп айтасыңдарма? Бұл сиқыр ма? Сиқыршылар құтылмайды” деді.

78.

Олар (Мұса мен Ћарұнға): “Ата-бабаларымызды тапқан жолданбұруға әрі жер жүзінде екеуің ұлық болуға келдіңдер ме? Біз, екеуіңе сенбейміз”деді.

79.

Перғауын: “Бүкіл білген сиқыршыларды маған келтіріңдер”деді.

80.

Ал сиқыршылар келген кезде, Мұса (Ғ.С.): “Не қоймақшыболсаңдар, қойындар” деді.

81.

Олар қойғанда, Мұса (Ғ.С.): “Бұл келтіргендерің сиқыр,күдіксіз Алла оны бұзады. Расында Алла бұзақылардың ісін жөндемейді ” деді.

82.

“Егер күнәкарлар жақтырмаса да, Алла хақиқатты сөздеріменшынға шығарады.”

83.

Мұса (Ғ.С.) ға, Перғауын мен шонжарларының өздерінетигізетін кесірінен қорқып, елінен бір топ ғана иман келтірді. Расында Перғауынол жерде өктем еді. Сондай-ақ ол шектен шығушылардан еді.

84.

Мұса (Ғ.С.) еліне: “Әй елім! Егер Аллаға иман келтіргенболсаңдар, сондай-ақ Мұсылман болсаңдар онда Аллаға тәуекел қылыңдар” деді.

85.

Олар: “Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз, бізді залымелмен сынама” деді.

86.

“Сондай-ақ бізді мәрхаметіңмен кәпір қауымнан құтқаракөр!….”

87.

Мұса мен оның туысына: “Екеуің Мысырда елдеріңе үйлерсалыңдар да үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Онымен қатар мүміндердішүйіншіле” деп уақи еттік.

88.

Мұса (Ғ.С.): “Раббымыз! Расында Сен Перғауын және оныңшонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдар бердің жолыңнан адастыруларыүшін бе? Малдарын жоқ ет, жүректерін қатайт! Жан түршігерлік азапты көргенгедейін олар иман келтірмейді” деді.

89.

Алла: “Екеуіңнің тілектерің қабылданды. Онда тура жолдаболыңдар да, білмейтіндердің жолына ермеңдер!”,- деді.

90.

Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Перғауын жәнеәскерлері жауыздық, дұшпандықпен оларды қуды. Ақыр ол суға батар сәтте: “Исраилұрпақтары иман келтірген Тәңірден басқа тәңір жоқтығына иман келтірдім. Мен дебой ұсынушылардан болдым” деді.

91.

“Енді ғана сендің бе? Расында сен бұрын қарсы келгенбұзақылардан болған едің…..”

92.

“Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде)құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз”

93.

Расында исраил ұрпақтарын жақсы жерге орналастырдық.Сондай-ақ жақсы нәрселермен ризықтандырдық. Оларға білім келгенге дейінқайшылыққа түспеді. Расында Раббың олардың таласқан нәрселері жайында қияметкүні үкім береді.

94.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған түсіргенімізден күдіктенсең,сенен бұрынғы Кітап оқығандардан сұра. Расында саған Раббыңнан хақиқат келді.Сондықтан күдіктенушілерден болма.

95.

Сондай-ақ Алланың аяттарын жасынға шығарушылардан болма.Онда зиян тартушылардан боларсың.

96.

Расында өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иманкелтірмейді.

97.

Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де күйзелтушіазапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді.)

98.

Юныс (Ғ.С.) тың ғана елінен басқа (азаптың клгенін көріп)иман келтірген әрі имандары пайда берген бір кент болмаған. Олар иман келтіргензаманда, өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бірмерзімге дәйін пайдаландырдық.

99.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Раббың қаласа еді, әрине жержүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сензордайсың ба?

100.

Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес.Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.

101.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Қараңдар! Көктер мен жерде не бар?”,-де. Сенбейтін қауымға; дәлелдер, ескертулер пайда бермейді.

102.

Олар өздерінен бұрын өткендердің бастарына келген күндертәріздіні ғана күтеді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Онда тосыңдар! Расында мен де сендерменбірге тосамын! “,- де.

103.

Сонсоң елшілерімізді, иман келтіргендерді құтқарамыз.Осылайша иман келтіргендерді құтқаруымыз бізге міндет.

104.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй адам баласы! Менің дінімнен күдіктеболсаңдар. Ал онда мен, сендердің Алладан өзге табынғандарыңа табынбаймын; бірақсендерді өлтіретін Аллаға құлшылық қыламын және иман келтірушілерден болуғабұйырылдым” де?

105.

“Ал бетіңді нағыз бір ыңғай Алланы бірлеу дініне бұр.Шерік қатушылардан болма!”

106.

“Және де Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтыннәрселерге жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдарданболарсың”

107.

(Мұхаммед Ғ.С.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сондаоны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оныңкеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өтежарылқаушы, ерекше мейірімді.

108.

(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй адам баласы! Сендерге раббыларыңнанхақ келді. Енді кім тура жолда болса, өзі үшін тура жолда болады. Ал енді біреуадасса, өз зиянына ғана адасады. Мен сендерге кепіл емеспін” де.

109.

Саған уақи етілгенге ер. Сондай-ақ Алла бір үқім бергенгесабыр ет. Ол, үкім берушілердің хайырлысы.