102. Тəкəсур

1.

Сендерді көбейтуде бəсекелесу айналдырды.

2.

Тіпті қабырларыңа барғандарыңа дейін.

3.

Жоқ олай емес. Тез білесіңдер.

4.

Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер.

5.

Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар;

6.

Əлбетте тозақты көресіңдер.

7.

Сонан кейін əрине көзбен көресіңдер.

8.

Сол күні, (дүниеде берілген) əр нығметтен əлбетте сұраққатартыласыңдар.