100. ‘Адият

1.

Қатты ентігіп, шапқан

2.

(Тұяғынан) от шығарған,

3.

Таң сəріден шабуыл жасаған,

4.

Тозаңдатып, шаңдатқан;

5.

Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.

6.

Шын мəнінде адам баласы Раббына тым нəшүкірлік етеді.(қанағатсыз)

7.

Өйткені ол, өзі де оған куə.

8.

Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді.

9.

Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылғанкезде.

10.

Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сəтте;

11.

Ол күні Раббылары толық хабар алушы.