1. |
Болуы анық қиямет. |
2. |
Ол, болуы анық не нәрсе? |
3. |
Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің? |
4. |
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды. |
5. |
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типылқылынды. |
6. |
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді. |
7. |
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғастытүрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің. |
8. |
Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе? |
9. |
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болғанкент тұрғындары қателескен. |
10. |
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген.Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған. |
11. |
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық. |
12. |
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп,сақтау үшін ғибрат қылдық. |
13. |
Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте, |
14. |
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, |
15. |
Міне сол күні, қиямет оқиғасы болады. |
16. |
Сол күні, көк жарылып, босайды. |
17. |
Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақРаббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді. |
18. |
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. |
19. |
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; “Алыңдар,кітабымды оқыңдар!”,- дейді. |
20. |
“Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем.” |
21. |
Сонда ол, қуанышты тіршілікте, |
22. |
Көтеріңкі жаннатта болады; |
23. |
Жемістері салбырап тұрады. |
24. |
(Оларға): “Өткен күнде істеген амалдарыңның арқасындаішіңдер, жеңдер сіңімді болсын” (делінеді.) |
25. |
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: “Әттеген-ай!Кітабым берілмесе еді” дейді. |
26. |
“Есебімнің не екенін білмесем екен!” |
27. |
“Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмегенболсам еді.)” |
28. |
“Малым, маған еш пайда бермеді.” |
29. |
“Күш-қуатым жойылып кетті” (дейді.) |
30. |
“Оны ұстаңдар да байлаңдар.” |
31. |
“Сосын оны тозаққа салыңдар.” |
32. |
“Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар”(делінеді.) |
33. |
“Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;” |
34. |
“Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді.” |
35. |
Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ. |
36. |
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ. |
37. |
Оны күнәкарлар ғана жейді. |
38. |
Сонда көрген нәрселеріңе серт; |
39. |
Және көрмеген нәрселеріңе де серт. |
40. |
Күдіксіз бұл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойданшығармайды, міндетін орындайды.) |
41. |
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. |
42. |
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. |
43. |
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. |
44. |
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; |
45. |
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; |
46. |
Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.) |
47. |
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. |
48. |
Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат.. |
49. |
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анықбілеміз. |
50. |
Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бірқасірет. |
51. |
Шүбәсыз ол Құран, анық шындық. |
52. |
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше ұлы Раббыңды атымен дәріпте. |